Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімінің 2022 жылғы 7 қарашадағы № 1 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 7 қарашада № 30440 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімінің 2023 жылғы 21 ақпандағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімінің 21.02.2023 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13)тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2)тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына, Риддер қаласының төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі комиссиясының 2022 жылғы 6 қарашадағы кезектен тыс отырысының № 7 хаттамасына сәйкес, ШЕШТІМ:

      1. Риддер қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жоюға басшылық жасауды және жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу өзіме қалдырылсын.

      3. "Риддер қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы шешімнің мемлекеттік тіркелуін;

      2) Риддер қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында осы шешімді орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Риддер қаласының әкімі Д. Горьковой

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады