Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Абай аудандық мәслихатының "Абай ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2021 жылғы 3 қарашадағы № 14/3-VІІ шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25141 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімінің қосымшасында:
6 және 7 тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі шығындарды өтеу Қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ұсынылады, ал қандастар үшін – жеке басын сәйкестендіру үшін қандас куәлігі ұсынылады.
7. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері әр мүгедек балаға оқу жылына ай сайын төрт айлық есептік көрсеткішке тең.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат хатшысы | Е. Лдибаев |