Абай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 3 қарашадағы № 14/3-VІІ "Абай ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 17 мамырдағы № 22/4-VII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 24 мамырда № 28175 болып тіркелді

      Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Абай аудандық мәслихатының "Абай ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2021 жылғы 3 қарашадағы № 14/3-VІІ шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25141 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімінің қосымшасында:

      6 және 7 тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі шығындарды өтеу Қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ұсынылады, ал қандастар үшін – жеке басын сәйкестендіру үшін қандас куәлігі ұсынылады.

      7. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері әр мүгедек балаға оқу жылына ай сайын төрт айлық есептік көрсеткішке тең.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат хатшысы Е. Лдибаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады