"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Бесқарағай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бесқарағай ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 9 наурыздағы "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8449 болып тіркелген) №106 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Бесқарағай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Бесқарағай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бесқарағай ауданының әкімі | Ж. Байсабыров |