Бесқарағай ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 9 наурыздағы "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 106 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының әкімдігінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 43 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 2 наурызда № 26989 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Бесқарағай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бесқарағай ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 9 наурыздағы "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8449 болып тіркелген) №106 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Бесқарағай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Бесқарағай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бесқарағай ауданының әкімі Ж. Байсабыров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады