"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Бородулиха ауылы халқының пікірін ескере отырып және Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Абай облысы Бородулиха ауданы Бородулиха ауылдық округі Бородулиха ауылының көшелері қайта аталсын:
Колхозная көшесін Қажымұқан көшесіне;
КСХТ көшесін Дінмұхамед Қонаев көшесіне;
Короткая көшесін Иван Косенков көшесіне;
СТО көшесін Алтай көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бородулиха ауылдық округінің әкімі | Б. Садыкова |