"Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жезкент кентінің тұрғындарының пікірін ескере отырып және Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Жезкент кенттік округі Жезкент кентінің көшелері мен даңғылы:
60 лет КССР көшесін Дінмұхамед Қонаев көшесіне;
Комсомольская көшесін Аскен Раимханов көшесіне;
Октябрь даңғылын Абай даңғылына қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жезкент кенттік округінің әкімі | Ж. Ахметов |