Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Жезкент кенттік округінің Жезкент кентінің көшелері мен даңғылды қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Жезкент кенттік округі әкімінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 5 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 7 мамырда № 27959 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жезкент кентінің тұрғындарының пікірін ескере отырып және Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Жезкент кенттік округі Жезкент кентінің көшелері мен даңғылы:

      60 лет КССР көшесін Дінмұхамед Қонаев көшесіне;

      Комсомольская көшесін Аскен Раимханов көшесіне;

      Октябрь даңғылын Абай даңғылына қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жезкент кенттік округінің әкімі Ж. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады