Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес және Бородулиха ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 2 тамыздағы № 570 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Абай облысы Бородулиха ауданы Құнарлы ауылдық округі Песчанка ауылының Юбилейная, Заречная, Степан Бурлаченко, Песчаная көшелері мен Садовый тұйық көше аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез жұқпалы ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Бородулиха ауданы Құнарлы ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 23 мамырдағы № 3 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28252 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | Г. Лазарев |