Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Құнарлы ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 23 мамырдағы № 3 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 мамырда № 28252 болып тіркелді. Күші жойылды Абай облысы Бородулиха ауданы Құнарлы ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 17 тамыздағы № 4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Бородулиха ауданы Құнарлы ауылдық округі әкімінің 17.08.2022 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Бородулиха ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 6 мамырдағы № 327 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Құнарлы ауылдық округі Песчанка ауылының Юбилейная, Заречная, Степан Бурлаченко, Песчаная көшелері және Садовый тұйық көшесі аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруы пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі Г. Лазарев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады