"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы қорытындысының негізінде, Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Черемшанка ауылдық округінің Черемшанка ауылы халқының пікірін ескере отырып ШЕШТІМ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Черемшанка ауылдық округі Черемшанка ауылының келесі көшелері қайта аталсын:
Киров көшесі Владимира Нетисова көшесіне;
Колхозная көшесі Шоқан Уалиханов көшесіне.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Черемшанка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашкы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң колданысқа енгізіледі.
Черемшанка ауылдық округінің әкімі | П. Грохотов |