Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Черемшанка ауылдық округі Черемшанка ауылының құрамдас бөліктерін қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Черемшанка ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 11 қазандағы № 10 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 14 қазанда № 30162 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы қорытындысының негізінде, Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Черемшанка ауылдық округінің Черемшанка ауылы халқының пікірін ескере отырып ШЕШТІМ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Черемшанка ауылдық округі Черемшанка ауылының келесі көшелері қайта аталсын:

      Киров көшесі Владимира Нетисова көшесіне;

      Колхозная көшесі Шоқан Уалиханов көшесіне.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Черемшанка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашкы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң колданысқа енгізіледі.

      Черемшанка ауылдық округінің әкімі П. Грохотов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады