Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Алтай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Зырян ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 438 "Зырян ауданы бойынша жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-12-178 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алтай ауданы әкімінің міндетін атқарушы |
С. Охременко |