Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Катонқарағай аудандық мәслихатының "Катонқарағай ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы" 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 17/158-VI шешімінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-13-136 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат хатшысы | Д. Бралинов |