Катонқарағай ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 17/158-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Катонқарағай аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 3 мамырда № 5-13-136 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 10 наурыздағы № 15/160-VII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 10.03.2022 № 15/160-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 509-бабының 5-тармағына, 704-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, Катонқарағай ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 503 бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері және Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 704 бабында белгіленген бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.

      2. "Катонқарағай ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарлату туралы" Катонқарағай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4871 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 24 ақпандағы "Арай" газетінде жарияланған) № 8/66-VI шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Р. Жаманбаев
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Д. Бралинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады