Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, Қалғұты ауылдық округінің Ақши, Егіндібұлақ ауылдары тұрғындарының пікірін ескере отырып және Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2021 жылғы 11 маусымдағы қорытындысының негізінде, ШЕШТІМ:
1. Күршім ауданы Қалғұты ауылдық округінің Ақши ауылындағы атаусыз көшесіне Ақжал көшесі деп атау берілсін.
2. Күршім ауданы Қалғұты ауылдық округінің Егіндібұлақ ауылындағы атаусыз көшесіне Аққайнар көшесі деп атау берілсін.
3. "Қалғұты ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Күршім ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Күршім ауданының Қалғұты ауылдық округінің әкімі | Е. Мухтарханов |