"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес және Тарбағатай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 01 қазандағы № 513 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Мүйізді ұсақ малдарының бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілуіне байланысты Тарбағатай ауданы Сәтпаев ауылдық округіне қарасты "Заңғар-Н" шаруа қожалығына белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Тарбағатай ауданы Сәтпаев ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 13 шілдедегі № 9 "Тарбағатай ауданы Сәтпаев ауылдық округіне қарасты "Заңғар-Н" шаруа қожалығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23638 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Сәтпаев ауылдық округінің әкімі | А. Ерзатов |