Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Сәтпаев ауылдық округі әкімінің 19.01.2022 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, Тарбағатай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 18 маусымдағы № 327 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Тарбағатай ауданы Сәтпаев ауылдық округіне қарасты "Заңғар-Н" шаруа қожалығының мүйізді ұсақ малдардың арасынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шекте іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
әкім | А. Ерзатов |