Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ұлан аудандық мәслихатының "Ұлан ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы" 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 365 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7037 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін.
1 –тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының Ұлтық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарыздарын пайдалана отырып, азаматтардың тұрғын үйді меншігіне алу құқығын іске асыру үшін Ұлан ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеде айқындалсын.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат хатшысы | Г. Калиева |