Ұлан аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 365 "Ұлан ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы мәслихатының 2022 жылғы 28 маусымдағы № 163 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 шілдеде № 28722 болып тіркелді

      Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ұлан аудандық мәслихатының "Ұлан ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы" 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 365 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7037 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін.

      1 –тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Ұлтық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарыздарын пайдалана отырып, азаматтардың тұрғын үйді меншігіне алу құқығын іске асыру үшін Ұлан ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеде айқындалсын.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат хатшысы Г. Калиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады