"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Усть-Таловка кенті тұрғындарының пікірін ескере отырып және Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Усть-Таловка кентінің көшелері қайта аталсын:
Комсомольская көшесі Василий Шаламов көшесіне;
Советская көшесі Абай көшесіне;
Пролетарская көшесі Мұхтар Әуезов көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шемонаиха ауданы Усть-Таловка кентінің әкімі | А. Боровикова |