"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Волчанка және Большая Речка ауылдары тұрғындарының пікірін ескере отырып және Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Волчанка ауылдық округі Волчанка ауылының көшесі:
Первомайская көшесін Абай көшесіне қайта аталсын.
2. Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Волчанка ауылдық округі Большая Речка ауылының көшесі:
Верхняя көшесін Абылай хан көшесіне қайта аталсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шемонаиха ауданы Волчанка ауылдық округінің әкімі | Б. Сикпаева |