Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Волчанка ауылдық округі Волчанка және Большая Речка ауылдарының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының Волчанка ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 8 сәуірдегі № 2 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 сәуірде № 27599 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Волчанка және Большая Речка ауылдары тұрғындарының пікірін ескере отырып және Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Волчанка ауылдық округі Волчанка ауылының көшесі:

      Первомайская көшесін Абай көшесіне қайта аталсын.

      2. Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Волчанка ауылдық округі Большая Речка ауылының көшесі:

      Верхняя көшесін Абылай хан көшесіне қайта аталсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шемонаиха ауданы Волчанка ауылдық округінің әкімі Б. Сикпаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады