Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 6-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2022-2023 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
2. "Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Батыс Қазақстан облысының әкімі | Г. Искалиев |
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 17 қарашадағы № 232 қаулысына қосымша |
2022 - 2023 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы (жергілікті бюджет қаражаты есебінен)
№ | Білім беру саласының коды және атауы | Даярлау бағытының коды және атауы | Оқу нысаны бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі (күндізгі) | Жоғары оқу орындарында бір білім алушыны оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құны (тенге) | |
Ұлттық жоғары білім беру орындарында | Басқа жоғары білім беру орындарында | ||||
1 | 6B01 Педагогикалық ғылымдар |
6В014 | 10 | 1010900 | 901000 |
2 | 6В015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау | 10 | 1010900 | 901000 | |
3 |
6В017 | 10 | 1010900 | 901000 | |
4 |
6B02 |
6B021 | 10 | 1049300 | 922500 |
5 | 6В022 Гуманитарлық ғылымдар | 2 | 1049300 | 922500 | |
6 | 6В05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика |
6В052 | 2 | 826900 | 742700 |
7 |
6В06 |
6В061 | 4 | 1004700 | 920500 |
8 |
6В07 |
6В071 | 6 | 1004700 | 920500 |
9 |
6В073 | 2 | 1004700 | 920500 | |
10 |
6В08 |
6В081 | 2 | 826900 | 742700 |
11 |
6В083 | 3 | 826900 | 742700 | |
12 |
6В09 |
6В091 | 2 | 1082600 | 955800 |
13 |
6B10 |
6В101 | 60 | 1188000 | 1001000 |
14 |
6В11 |
6В113 | 1 | 799100 | 714900 |
Барлығы: | 124 | - | - |