Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Ақжайық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ақжайық аудандық мәслихатының "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы" 2020 жылғы 19 мамырдағы № 47-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6244 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақжайық аудандық мәслихат хатшысы |
С. Сиражев |