Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 8-тармағына сәйкес, Бәйтерек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 29 мамырдағы № 400 "Аудандық бюджет есебінен Бәйтерек ауданының жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлерін қызметтік, оның ішінде шет мемлекеттерге іссапарларға арналған шығыстарды өтеудің қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5693 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Бәйтерек ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Байменовке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М. Токжанов |