Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 29 мамырдағы № 400 "Аудандық бюджет есебінен Бәйтерек ауданының жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлерін қызметтік, оның ішінде шет мемлекеттерге іссапарларға арналған шығыстарды өтеудің қағидаларын бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 4 ақпандағы № 28 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 11 ақпанда № 26785 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 8-тармағына сәйкес, Бәйтерек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 29 мамырдағы № 400 "Аудандық бюджет есебінен Бәйтерек ауданының жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлерін қызметтік, оның ішінде шет мемлекеттерге іссапарларға арналған шығыстарды өтеудің қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5693 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Бәйтерек ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Байменовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Токжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады