Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 - бабының 2-тармағына сәйкес Бәйтерек ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек аудандық мәслихатының "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы" 2020 жылғы 6 қазандағы № 55-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6419 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
мәслихат хатшысы | Н. Хайруллин |