Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Переметный және Калинин ауылдары тұрғындарының пікірін ескере отырып, Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 28 сәуірдегі қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданы Переметный ауылдық округінің Переметный ауылының келесі көшелері:
60 лет КССР көшесі Ақсай көшесіне;
Кооперативная көшесі Қайнар көшесіне;
Ломаная көшесі Алтай көшесіне;
Молодежная көшесі Бірлік көшесіне;
Первомайская көшесі Медеу көшесіне;
Почтовая көшесі Арман көшесіне;
Родниковая көшесі Арасан көшесіне;
Ростошинская көшесі Жанша Досмұхамедұлы көшесіне;
Сенная көшесі Жайық көшесіне;
Чапаева көшесі Ақ Орда көшесіне;
Громова көшесі Алпамыс батыр көшесіне қайта аталсын.
2. Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданы Переметный ауылдық округінің Калинин ауылының келесі көшелері:
Калинин көшесі Сарайшық көшесіне;
Кирова көшесі Құрманғазы көшесіне;
Куйбышева көшесі Әл - Фараби көшесіне;
Фрунзе көшесі Абай көшесіне;
Энгельса көшесі Тұран көшесіне қайта аталсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Переметный ауылдық округінің әкімі | А. Герасимов |