"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Чувашин және Красный Урал ауылдары тұрғындарының пікірін ескере отырып және Облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Достық ауылдық округі Чувашин ауылының көшелері:
Молодежная көшесін Жастар көшесіне;
Ленин көшесін Тәуелсіздік көшесіне;
Школьная көшесін Ыбырай Алтынсарин көшесіне;
Кооперативная көшесін Алаш көшесіне;
Садовая көшесін Құлагер көшесіне;
Набережная көшесін Самал көшесіне;
Чагано-Набережная көшесін Ақсу көшесіне қайта аталсын.
2. Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Достық ауылдық округі Красный Урал ауылының көшелері:
Коммунаров көшесін Ұялы көшесіне;
Кооперативная көшесін Балауса көшесіне;
Садовая көшесін Достық көшесіне;
Зеленая көшесін Көктем көшесіне қайта аталсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Достық ауылдық округінің әкімі | А. Тулеуов |