Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Достық ауылдық округі Чувашин және Красный Урал ауылдарының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Достық ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 17 қаңтардағы № 3 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 24 қаңтарда № 26621 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Чувашин және Красный Урал ауылдары тұрғындарының пікірін ескере отырып және Облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Достық ауылдық округі Чувашин ауылының көшелері:

      Молодежная көшесін Жастар көшесіне;

      Ленин көшесін Тәуелсіздік көшесіне;

      Школьная көшесін Ыбырай Алтынсарин көшесіне;

      Кооперативная көшесін Алаш көшесіне;

      Садовая көшесін Құлагер көшесіне;

      Набережная көшесін Самал көшесіне;

      Чагано-Набережная көшесін Ақсу көшесіне қайта аталсын.

      2. Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Достық ауылдық округі Красный Урал ауылының көшелері:

      Коммунаров көшесін Ұялы көшесіне;

      Кооперативная көшесін Балауса көшесіне;

      Садовая көшесін Достық көшесіне;

      Зеленая көшесін Көктем көшесіне қайта аталсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Достық ауылдық округінің әкімі А. Тулеуов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады