Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 - бабына сәйкес, Сырым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сырым ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 22 маусымдағы № 98 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6283 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сырым ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сырым ауданының әкімі | Т. Турегалиев |