Теректі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 48-2 "Теректі ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының 2022 жылғы 5 мамырдағы № 22-3 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 6 мамырда № 27915 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 12 қыркүйектегі № 7-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының 12.09.2023 № 7-3 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Теректі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Теректі аудандық мәслихатының "Теректі ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 48-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6753 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Теректі аудандық мәслихат хатшысы А. Нургалиев

  шешіміне қосымша
  Теректі аудандық мәслихаттың
2020 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 48-2 шешіміне қосымша

Теректі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары

      1. Осы Теректі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына" (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау тәртібін белгілейді.

1-тарау. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – мөлшері бойынша облыстағы статистика органдары есептейтін облыстағы мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) мерекелік даталар - Қазақстан Республикасындағы кәсіби және өзге де мерекелер;

      6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      7) өмірдегі қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін обьективті түрде бұзатын, ол өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      8) уәкілетті орган – "Теректі аудынының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік – аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғарғы мөлшері.

      3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органдар мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ мереке күндері мен даталарға ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      4. "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12 бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын) көрсетіледі.

2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      6. Мереке күндері мен даталарға әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына ақшалай төлемдер түрінде көрсетіледі:

      1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне - бір реттік 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 1 000 000 (бір миллион) теңге мөлшерінде және ай сайын 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшiлерге, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСР Одағы) iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына - бір реттік 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде;

      3) Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдарына - бір реттік 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 120 000 (бір жүз жиырма мың) теңге және ай сайын 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      4) Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк балалары (тәрбиеленушiлерi) және юнгалар ретiнде болған адамдарына - бір реттік 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде;

      5) екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шет елдердiң аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдарына - бір реттік 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде;

      6) бұрынғы КСР Одағы Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комиссариатының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы бас басқармасының ұшу-көтерілу құрамының арнаулы құралымдарының Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шекаралары, флоттардың жедел аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерi үшін мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында еріксіз ұсталған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерiне - бір реттік 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде;

      7) Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарына - бір реттік 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 120 000 (бір жүз жиырма мың) теңге және ай сайын 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      8) екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарына - бір реттік 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 120 000 (бір жүз жиырма мың) теңге мөлшерінде және ай сайын 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      9) 1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы (бұдан әрі –Чернобыль АЭС) апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарына - бір реттік 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күініне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;

      10) жаралану салдарынан мүгедек болған, контузия алған, зақым алған әскери қызметшiлеріне:

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өткеру кезiнде, Ауғанстан аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдарды қоспағанда - бір реттік 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күініне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;

      Ауғанстанда әскери қызмет өткеру кезінде - бір реттік 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде және 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;

      11) қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде қызметтік мiндеттерiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына адамдарына - бір реттік 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күініне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;

      12) басқа елдердегі майдандағы әскери контингенттерге қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргiзу кезеңiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі не ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған тиiстi санаттардағы жұмысшылар мен қызметшiлерге - бір реттік 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күініне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;

      13) 1944 жылғы 1 қаңтар – 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Украина КСР, Беларусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстония КСР аумағында болған халықты қорғаушы жойғыш батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлерi мен командалық құрамы қатарындағы, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан мүгедек болған адамдарына - бір реттік 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      14) Чернобыль АЭС апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдар және мүгедектігі ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына - бір реттік 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күініне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;

      15) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарына бір реттік 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;

      16) 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарына - бір реттік 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;

      17) бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының(әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда) шешiмдерiне сәйкес ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдарына:

      басқа мемлекеттердiң аумағындағы - бір реттік 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күініне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде, Ауғанстан аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдарды қоспағанда;

      ауғанстан аумағындағы – бір реттік 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде және 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;

      18) оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге - бір реттік 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде және 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;

      19) Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне - бір реттік 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде және 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;

      20) бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне - бір реттік 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде және 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;

      21) Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлеріне - бір реттік 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде және 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;

      22) Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне - бір реттік 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      23) Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне - бір реттік 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      24) Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына - бір реттік 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      25) бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн (қызметтік мiндеттерді) атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан қаза болған (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердің, партизандардың, астыртын әрекет етушiлердің, осы Заңның 4 – 6 баптарында аталған адамдардың отбасыларына - бір реттік 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      26) бұрынғы КСР Одағы Қорғаныс министрлiгiнің, ішкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының әскери мiндеттілер жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi міндеттерді орындау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлерінiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасыларына - бір реттік 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      27) Ұрыс қимылдары кезеңінде жаралану, контузия алу, мертігу, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына:

      Ауғанстанда - бір реттік 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде және 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      Ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде - бір реттік 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      28) бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына - бір реттік 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      29) Чернобыль АЭС апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына - бір реттік 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      30) Чернобыль АЭС апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердiң, сондай-ақ қайтыс болуы белгiленген тәртiппен солардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына - бір реттік 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      31) Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінiң немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестiрiлген адамның екiншi рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайына (зайыбына) - бір реттік 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;

      32) 1988 – 1989 жылдары Чернобыль АЭС апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарына - бір реттік 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      33) 18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларға (мүгедек балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне) – бір реттік 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде.

      7. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына өмірлік қиын жағдайға туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетіледі:

      1) емдеудің амбулаториялық сатысында жатқан туберкулезбен ауыратын тұлғаларға медициналық мекеменің анықтамасы негізінде табыстарын есепке алмай, 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ай сайын;

      2) адамның иммунитет тапшылығы вирусы тудыратын аурулар бар балалардың ата-анасына немесе заңды өкілдерге табыстарын есепке алмай, Батыс Қазақстан облысы бойынша 2 (екі) ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде, ай сайын;

      3) емделудің амбулаторлық бақылаудағы қатерлі ісіктің 1, 2, 3 және 4 сатысындағы ауруы бар тұлғаларға медициналық мекеменің анықтамасына сәйкес; адамның иммун тапшылығы вирусы тудыратын аурулар бар тұлғаларға "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және оған қарсы күрес орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының анықтамасына сәйкес; дәрігерлік-консультативтік комиссия қорытындысы негізінде дәнекер тіннің жүйелі зақымданулары бар тұлғаларға табыстарын есепке алмай, бер реттік 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      4) 18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларға дәрігерлік консультативтік комиссия қорытындысы негізінде емдеуге табыстарын есепке алмай, бер реттік 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      5) гемодиализ аппаратын пайдаланатын бірінші топ мүгедектеріне табыстарын есепке алмай, бір реттік 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      6) жеке оңалту бағдарламасына сәйкес санаторий-курорттық емделуге жіберілген мүгедектер және мүгедек балаларға облыстан тыс жерлерге жол жүру құжаттарын (билеттерін) ұсынған кезде, шығу пунктінен межелі орынға дейін және кері қайтуға плацкарттық вагон орнының құны мөлшерінде, облыстың аумағында жол жүру құжаттарын (билеттерін) ұсынған кезде, шығу пунктінен межелі орынға дейін және кері қайтуға билет құны мөлшерінде бір реттік табыстарын есепке алмай;

      7) Батыс Қазақстан облысында жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен адамдарға (отбасыларға) 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір реттік;

      8) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен босатылған, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға табыстарын есепке алмай, бір реттік 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      9) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен адамдарға өмірлік қиын жағдайда қалған сәтінен бастап табыстарын есепке алмай үш ай ішінде бір реттік 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштің шекті мөлшерінде.

      8. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі, көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер Үлгілік қағидаларға сәйкес айқындалады.

      9. Мереке күндері мен даталарға әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей, уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы органдар бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

      10. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Теректі ауданы бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүргізіледі.

      11. Әлеуметтік көмек ақшалай нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы алушылардың шоттарына аудару жолымен көрсетіледі.

      12. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

      13. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорларын пайдалана отырып жүргiзедi.

О внесении изменения в решение Теректинского районного маслихата от 28 декабря 2020 года № 48-2 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Теректинского района"

Решение Теректинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 5 мая 2022 года № 22-3. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 6 мая 2022 года № 27915. Утратило силу решением Теректинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 12 сентября 2023 года № 7-3

      Сноска. Утратило силу решением Теректинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 12.09.2023 № 7-3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Теректинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Теректинского районного маслихата "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Теректинского района" от 28 декабря 2020 года № 48-2 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под №6753) следующее изменение:

      приложение к указанному решению изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь Теректинского районного маслихата А. Нургалиев

  Приложение к решению
  Приложение
к решению Теректинского
районного маслихата
от 28 декабря 2020 года № 48-2

Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Теректинского района

      1. Настоящие Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Теректинского района (далее - Правила) разработаны в соответствии c Законом Республики Казахстан "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан "О ветеранах", Законом Республики Казахстан "О специальных социальных услугах" и Постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (далее - Типовые правила) и определяют порядок оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан.

Глава 1. Общие положения

      2. Основные термины и понятия, которые используются в настоящих Правилах:

      1) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – уполномоченная организация) – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан для оказания государственных услуг, услуг по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий и услуг субъектов квазигосударственного сектора в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг, услуг по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий, услуг субъектов квазигосударственного сектора и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", а также обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме, осуществляющее государственную регистрацию прав на недвижимое имущество по месту его нахождения;

      2) специальная комиссия – комиссия, создаваемая решением акима Теректинского района Западно-Казахстанской области, по рассмотрению заявления лица (семьи), претендующего на оказание социальной помощи в связи с наступлением трудной жизненной ситуации;

      3) прожиточный минимум – необходимый минимальный денежный доход на одного человека, равный по величине стоимости минимальной потребительской корзины, рассчитываемой органом статистики в области;

      4) праздничные дни – дни национальных и государственных праздников Республики Казахстан;

      5) праздничные даты - профессиональные и иные праздники в Республике Казахстан;

      6) среднедушевой доход семьи (гражданина) – доля совокупного дохода семьи, приходящаяся на каждого члена семьи в месяц;

      7) трудная жизненная ситуация – ситуация, объективно нарушающая жизнедеятельность гражданина, которую он не может преодолеть самостоятельно;

      8) уполномоченный орган – государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Теректинского района";

      9) участковая комиссия – комиссия, создаваемая решением акимов соответствующих административно–территориальных единиц для проведения обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за социальной помощью и подготовки заключений;

      10) предельный размер - утвержденный максимальный размер социальной помощи.

      3.Для целей настоящих Правил под социальной помощью понимается помощь, предоставляемая местным исполнительным органом в денежной форме отдельным категориям нуждающихся граждан в случае наступления трудной жизненной ситуации, а также к праздничным дням и датам.

      4. Лицам, указанным статье 16 Закона Республики Казахстан "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан" и в подпункте 2) статьи 10, в подпункте 2) статьи 11, в подпункте 2) статьи 12, в подпункте 2) статьи 13 Закона Республики Казахстан "О ветеранах", социальная помощь оказывается в порядке, предусмотренном настоящими правилами.

      5.Социальная помощь предоставляется единовременно и (или) периодически (ежемесячно).

Глава 2. Порядок определения перечня категорий получателей социальной помощи и установления размеров социальной помощи

      6. Социальная помощь к праздничным дням и датам оказывается в виде денежных выплат следующим категориям граждан:

      1) участникам и инвалидам Великой Отечественной войны - единовременно в размере 1 000 000 (один миллион) тенге ко Дню Победы - 9 мая и ежемесячно в размере 5 (пять) месячных расчетных показателей;

      2) военнослужащим, а также лицам начальствующего и рядового состава органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза Советских Социалистических Республик (далее Союза ССР), проходившим в период Великой Отечественной войны службу в городах, участие в обороне которых засчитывалось до 1 января 1998 года в выслугу лет для назначения пенсии на льготных условиях, установленных для военнослужащих частей действующей армии - единовременно в размере 100 000 (сто тысяч) тенге ко Дню Победы - 9 мая;

      3) лицам вольнонаемного состава Советской Армии, Военно-Морского Флота, войск и органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, занимавшим штатные должности в воинских частях, штабах, учреждениях, входивших в состав действующей армии в период Великой Отечественной войны, либо находившимся в соответствующие периоды в городах, участие в обороне которых засчитывалось до 1 января 1998 года в выслугу лет для назначения пенсии на льготных условиях, установленных для военнослужащих частей действующей армии - единовременно в размере 120 000 (сто двадцать тысяч) тенге ко Дню Победы - 9 мая и ежемесячно в размере 5 (пять) месячных расчетных показателей;

      4) лицам, которые в период Великой Отечественной войны находились в составе частей, штабов и учреждений, входивших в состав действующей армии и флота, в качестве сыновей (воспитанников) полков и юнг - единовременно в размере 100 000 (сто тысяч) тенге ко Дню Победы - 9 мая;

      5) лицам, принимавшим участие в боевых действиях против фашистской Германии и ее союзников в годы Второй мировой войны на территории зарубежных стран в составе партизанских отрядов, подпольных групп и других антифашистских формирований - единовременно в размере 100 000 (сто тысяч) тенге ко Дню Победы - 9 мая;

      6) работникам специальных формирований Народного комиссариата путей сообщения, Народного комиссариата связи, плавающего состава промысловых и транспортных судов и летно-подъемного состава авиации, Народного комиссариата рыбной промышленности бывшего Союза ССР, морского и речного флота, летно-подъемного состава Главсевморпути, которые в период Великой Отечественной войны были переведены на положение военнослужащих и выполняли задачи в интересах действующей армии и флота в пределах тыловых границ действующих фронтов, оперативных зон флотов, а также члены экипажей судов транспортного флота, интернированных в начале Великой Отечественной войны в портах других государств - единовременно в размере 100 000 (сто тысяч) тенге ко Дню Победы - 9 мая;

      7) гражданам, работавшим в период блокады в городе Ленинграде на предприятиях, в учреждениях и организациях города и награжденным медалью "За оборону Ленинграда" или знаком "Житель блокадного Ленинграда" - единовременно в размере 120 000 (сто двадцать тысяч) тенге ко Дню Победы - 9 мая и ежемесячно в размере 5 (пять) месячных расчетных показателей;

      8) несовершеннолетним узникам концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период Второй мировой войны - единовременно в размере 120 000 (сто двадцать тысяч) тенге ко Дню Победы - 9 мая и ежемесячно в размере 5 (пять) месячных расчетных показателей;

      9) лицам, принимавшим участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции (далее - Чернобыльской АЭС) в 1986–1987 годах, других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, а также участвовавшим непосредственно в ядерных испытаниях- единовременно в размере 100 000 (сто тысяч) тенге ко Дню Победы - 9 мая и в размере 80 000 (восемьдесят тысяч) тенге ко Дню Независимости - 16 декабря;

      10) военнослужащим, ставшим инвалидами вследствие ранения, контузии, увечья, полученных:

      при защите бывшего Союза ССР, исполнении иных обязанностей воинской службы в другие периоды, или вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте, а также при прохождении воинской службы в других государствах, в которых велись боевые действия, кроме лиц, принимавших участие в боевых действиях на территории Афганистана - единовременно в размере 100 000 (сто тысяч) тенге ко Дню Победы - 9 мая и в размере 80 000 (восемьдесят тысяч) тенге ко Дню Независимости - 16 декабря;

      при прохождении воинской службы в Афганистане единовременно в размере 100 000 (сто тысяч) тенге ко Дню вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан - 15 февраля и в размере 80 000 (восемьдесят тысяч) тенге ко Дню Победы - 9 мая;

      11) лицам начальствующего и рядового состава органов государственной безопасности бывшего Союза ССР и органов внутренних дел, ставшим инвалидами вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при исполнении служебных обязанностей, либо вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте или выполнением служебных обязанностей в государствах, в которых велись боевые действия - единовременно в размере 100 000 (сто тысяч) тенге ко Дню Победы - 9 мая и в размере 80 000 (восемьдесят тысяч) тенге ко Дню Независимости - 16 декабря;

      12) рабочим и служащим соответствующих категорий, обслуживавшим действовавшие воинские контингенты в других странах и ставшим инвалидами вследствие ранения, контузии, увечья либо заболевания, полученных в период ведения боевых действий - единовременно в размере 100 000 (сто тысяч) тенге ко Дню Победы - 9 мая и в размере 80 000 (восемьдесят тысяч) тенге ко Дню Независимости - 16 декабря;

      13) лицам из числа бойцов и командного состава истребительных батальонов, взводов и отрядов защиты народа, действовавшим в период с 1 января 1944 года по 31 декабря 1951 года на территории Украинской Советской Социалистической Республики, Белорусской Советской Социалистической Республики, Литовской Советской Социалистической Республики, Латвийской Советской Социалистической Республики, Эстонской Советской Социалистической Республики, ставшим инвалидами вследствие ранения, контузии или увечья, полученных при исполнении служебных обязанностей в этих батальонах, взводах, отрядах - единовременно в размере 60 000 (шестьдесят тысяч) тенге ко Дню Победы - 9 мая;

      14) лицам, ставшим инвалидами вследствие катастрофы на Чернобыльской АЭС и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, ядерных испытаний, и их детям, инвалидность которых генетически связана с радиационным облучением одного из родителей - единовременно в размере 100 000 (сто тысяч) тенге ко Дню Победы - 9 мая и в размере 80 000 (восемьдесят тысяч) тенге ко Дню Независимости - 16 декабря;

      15) лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны - единовременно в размере 30 000 (тридцать тысяч) тенге ко Дню Победы - 9 мая;

      16) лицам, проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны - единовременно в размере 30 000 (тридцать тысяч) тенге ко Дню Победы - 9 мая;

      17) военнослужащим Советской Армии, Военно-Морского Флота, Комитета государственной безопасности, лицам начальствующего и рядового состава Министерства внутренних дел бывшего Союза ССР (включая военных специалистов и советников), которые в соответствии с решениями правительственных органов бывшего Союза ССР принимали участие в боевых действиях:

      на территории других государств единовременно в размере 100 000 (сто тысяч) тенге ко Дню Победы - 9 мая и в размере 80 000 (восемьдесят тысяч) тенге ко Дню Независимости - 16 декабря, кроме лиц, принимавших участие в боевых действиях на территории Афганистана;

      на территории Афганистана единовременно в размере 100 000 (сто тысяч) тенге ко Дню вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан - 15 февраля и в размере 80 000 (восемьдесят тысяч) тенге ко Дню Победы - 9 мая;

      18) военнообязанным, призывавшимся на учебные сборы и направлявшимся в Афганистан в период ведения боевых действий единовременно в размере 100 000 (сто тысяч) тенге ко Дню вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан - 15 февраля и в размере 80 000 (восемьдесят тысяч) тенге ко Дню Победы - 9 мая;

      19) военнослужащим автомобильных батальонов, направлявшимся в Афганистан для доставки грузов в эту страну в период ведения боевых действий - единовременно в размере 100 000 (сто тысяч) тенге ко Дню вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан - 15 февраля и в размере 80 000 (восемьдесят тысяч) тенге ко Дню Победы - 9 мая;

      20) военнослужащим летного состава, совершавшим вылеты на боевые задания в Афганистан с территории бывшего Союза ССР - единовременно в размере 100 000 (сто тысяч) тенге ко Дню вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан - 15 февраля и в размере 80 000 (восемьдесят тысяч) тенге ко Дню Победы - 9 мая;

      21) рабочим и служащим, обслуживавшим советский воинский контингент в Афганистане, получившим ранения, контузии или увечья либо награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за участие в обеспечении боевых действий - единовременно в размере 100 000 (сто тысяч) тенге ко ко Дню вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан - 15 февраля и в размере 80 000 (восемьдесят тысяч) тенге Дню Победы - 9 мая;

      22) военнослужащим Республики Казахстан, выполнявшим задачи согласно межгосударственным договорам и соглашениям по усилению охраны границы Содружества Независимых Государств на таджикско-афганском участке - единовременно в размере 100 000 (сто тысяч) тенге ко Дню Победы - 9 мая и в размере 60 000 (шестьдесят тысяч) тенге ко Дню Независимости - 16 декабря;

      23) военнослужащим Республики Казахстан, принимавшим участие в качестве миротворцев в международной миротворческой операции в Ираке - единовременно в размере 100 000 (сто тысяч) тенге ко Дню Победы - 9 мая и в размере 60 000 (шестьдесят тысяч) тенге ко Дню Независимости - 16 декабря;

      24) военнослужащим, а также лицам начальствующего и рядового состава органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, принимавшим участие в урегулировании межэтнического конфликта в Нагорном Карабахе - единовременно в размере 100 000 (сто тысяч) тенге ко Дню Победы - 9 мая и в размере 60 000 (шестьдесят тысяч) тенге ко Дню Независимости - 16 декабря;

      25) семьям военнослужащих, партизан, подпольщиков, лиц, указанным в статьях 4–6 Закона Республики Казахстан "О ветеранах", погибших (пропавших без вести) или умерших в результате ранения, контузии или увечья, полученных при защите бывшего Союза ССР, исполнении иных обязанностей воинской службы (служебных обязанностей), или вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте - единовременно в размере 60 000 (шестьдесят тысяч) тенге ко Дню Победы - 9 мая и в размере 60 000 (шестьдесят тысяч) тенге ко Дню Независимости - 16 декабря;

      26) семьям военнослужащих, лиц начальствующего и рядового состава, призванных на сборы военнообязанных Министерства обороны, органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, погибших (умерших) во время выполнения задач по охране общественного порядка при чрезвычайных обстоятельствах, связанных с антиобщественными проявлениями - единовременно в размере 60 000 (шестьдесят тысяч) тенге ко Дню Победы - 9 мая и в размере 60 000 (шестьдесят тысяч) тенге ко Дню Независимости - 16 декабря;

      27) семьям военнослужащих, погибших (пропавших без вести) или умерших вследствие ранения, контузии, увечья, заболевания, полученных в период боевых действий:

      в Афганистане - единовременно в размере 60 000 (шестьдесят тысяч) тенге ко Дню вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан - 15 февраля и в размере 60 000 (шестьдесят тысяч) тенге ко Дню Победы - 9 мая;

      в других государствах, в которых велись боевые действия - единовременно в размере 60 000 (шестьдесят тысяч)тенге ко Дню Победы - 9 мая и в размере 60 000 (шестьдесят тысяч) тенге ко Дню Независимости - 16 декабря;

      28) семьям военнослужащих, погибших (умерших) при прохождении воинской службы в мирное время - единовременно в размере 60 000 (шестьдесят тысяч) тенге ко Дню Победы - 9 мая и в размере 60 000 (шестьдесят тысяч) тенге ко Дню Независимости - 16 декабря;

      29) семьям лиц, погибших при ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской АЭС и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения - единовременно в размере 60 000 (шестьдесят тысяч) тенге ко Дню Победы - 9 мая и в размере 60 000 (шестьдесят тысяч) тенге ко Дню Независимости - 16 декабря;

      30) семьям умерших вследствие лучевой болезни или умерших инвалидов, а также граждан, смерть которых в установленном порядке связана с воздействием катастрофы на Чернобыльской АЭС и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения и ядерных испытаний - единовременно в размере 60 000 (шестьдесят тысяч) тенге ко Дню Победы - 9 мая и в размере 60 000 (шестьдесят тысяч) тенге ко Дню Независимости - 16 декабря;

      31) супруге (супругу) умершего инвалида Великой Отечественной войны или лица, приравненного по льготам к инвалидам Великой Отечественной войны, а также супруге (супругу) умершего участника Великой Отечественной войны, партизана, подпольщика, гражданина, награжденного медалью "За оборону Ленинграда" или знаком "Жителю блокадного Ленинграда", признававшихся инвалидами в результате общего заболевания, трудового увечья и других причин (за исключением противоправных), которые не вступали в повторный брак – единовременно в размере 30 000 (тридцать тысяч) тенге ко Дню Победы - 9 мая;

      32) лицам из числа участников ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской АЭС в 1988–1989 годах, эвакуированным (самостоятельно выехавшим) из зон отчуждения и отселения в Республику Казахстан, включая детей, которые на день эвакуации находились во внутриутробном состоянии - единовременно в размере 100 000 (сто тысяч) тенге ко Дню Победы - 9 мая и в размере 60 000 (шестьдесят тысяч) тенге ко Дню Независимости - 16 декабря;

      33) детям-инвалидам до 18 лет (одному из родителей или иным законным представителям детей-инвалидов) - единовременно в размере 20 000 (двадцать тысяч) тенге ко дню Конституции Республики Казахстан - 30 августа.

      7. Социальная помощь отдельным категориям нуждающихся граждан при наступлении трудной жизненной ситуации оказывается:

      1) лицам больным туберкулезом, находящимся на амбулаторном этапе лечения, согласно справки медицинского учреждения в размере 7 (семь) месячных расчетных показателей, без учета доходов, ежемесячно;

      2) родителям или иным законным представителям детей, заболевания которых вызваны вирусом иммунодефицита человека, в размере 2 (два) прожиточных минимумов по Западно-Казахстанской области, без учета доходов, ежемесячно;

      3) лицам, имеющим злокачественные новообразования 1, 2, 3 и 4 стадии, находящимся на амбулаторном наблюдении согласно справки медицинского учреждения; лицам, болезни которых вызваны вирусом иммунодефицита человека согласно справки государственного коммунального предприятия на праве хозяйственного ведения "Областной центр по профилактике и борьбе с синдромом приобретенного иммунодефецита" государственного учреждения Управления здравоохранения акимата Западно-Казахстанской области; лицам с системными поражениями соединительной ткани на основании заключения врачебно-консультативной комиссии, без учета доходов, единовременно в размере 15 (пятнадцать) месячных расчетных показателей;

      4) детям-инвалидам до 18 лет на лечение на основании заключения врачебно-консультативной комиссии, без учета доходов, единовременно в размере 15 (пятнадцать) месячных расчетных показателей;

      5) инвалидам первой группы, пользующихся аппаратом гемодиализа, без учета доходов, единовременно в размере 50 (пятьдесят) месячных расчетных показателей;

      6) инвалидам и детям-инвалидам, направленным на санаторно-курортное лечение в соответствии с индивидуальной программой реабилитации за пределы области на основании предъявления проездных документов (билетов) в размере стоимости места плацкартного вагона от пункта выезда до места назначения и обратно, внутри области на основании предъявления проездных документов (билетов) в размере стоимости билета от пункта выезда до места назначения и обратно, без учета доходов, единовременно;

      7) лицам (семьям) со среднедушевым доходом ниже величины прожиточного минимума по Западно-Казахстанской области, единовременно в размере 15 (пятнадцать) месячных расчетных показателей;

      8) лицам, освобожденным из учреждений уголовно-исполнительной системы, а также состоящим на учете службы пробации, без учета доходов, единовременно в размере 10 (десять) месячных расчетных показателей;

      9) лицам, пострадавшим вследствие стихийного бедствия или пожара в течение трех месяцев с момента наступления данной ситуации, единовременно, без учета доходов, в размере предельных 50 (пятьдесят) месячных расчетных показателей.

      8. Порядок оказания социальной помощи, основания для прекращения и возврата предоставляемой социальной помощи определяется согласно Типовым правилам.

      9. Социальная помощь к праздничным дням и датам оказывается по списку, утверждаемому местным исполнительным органом по представлению уполномоченной организации либо иных организаций без истребования заявлений от получателей.

      10. Финансирование расходов на предоставление социальной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных бюджетом Теректинского района на текущий финансовый год.

      11. Социальная помощь предоставляется в денежной форме через банки второго уровня или организации, имеющие лицензии на соответствующие виды банковских операций, путем перечисления на счета получателей.

      12. Излишне выплаченные суммы подлежат возврату в добровольном или ином установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

      13. Мониторинг и учет предоставления социальной помощи проводит уполномоченный орган с использованием базы данных автоматизированной информационной системы "Е-Собес".