Теректі аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 12 қыркүйектегі № 7-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 19 қыркүйекте № 7242-07 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Теректі аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Теректі аудандық мәслихатының төрағасы А. Нургалиев

  Теректі аудандық мәслихатының
2023 жылғы 12 қыркүйектегі № 7-3
шешіміне қосымша

Теректі аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Теректі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Теректі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 48-2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6753 болып тіркелген).

      2. "Теректі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 48-2 "Теректі ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Теректі аудандық мәслихатының 2022 жылғы 5 мамырдағы № 22-3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27915 болып тіркелген).

      3. "Теректі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 48-2 "Теректі ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Теректі аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 31-3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31565 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады