Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 65-1 "Шыңғырлау ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 қарашадағы № 33-11 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 1 желтоқсанда № 30869 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 тамыздағы № 9-8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 22.08.2023 № 9-8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      ШЕШТІ:

      1.Шыңғырлау аудандық мәслихатының "Шыңғырлау ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 65-1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6767 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Шыңғырлау ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:

      1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1.Осы Шыңғырлау ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысы (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау тәртібін белгілейді.";

      4 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында,17-бабында көзделген әлеуметтік қолдау шаралары осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте көрсетіледі.";

      6 тармақта:

      1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, бір рет 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 1 000 000 (бір миллион) теңге мөлшерінде және ай сайын 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";

      10), 11), 12), 13), 14) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

      "10) жаралану, контузия алу, зақым алу салдарынан мүгедектік білгіленген әскери қызметшiлерге:

      бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезінде немесе майданда болуына байланысты, ауруға шалдығуы салдарынан, сондай-ақ ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери міндеттерін өтеуге байланысты бір рет 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде, Ауғанстан аумағындағы әскери ұрыс қимылдарына қатысушы тұлғалардан басқаларға;

      Ауғанстанда әскери борышын өтеген кезде бір рет 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде және 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;

      11) қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде қызметтік мiндеттерiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік білгіленген, бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына бір рет 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;

      12) басқа елдердегі майдандағы әскери контингенттерге қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргiзу кезеңiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі не ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік білгіленген тиiстi санаттардағы жұмысшылар мен қызметшiлерге бір рет 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;

      13) 1944 жылғы 1 қаңтар – 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Украина КСР, Беларусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстония КСР аумағында болған халықты қорғаушы жойғыш батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлерi мен командалық құрамы қатарындағы, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан мүгедектігі бар адам деп танылған адамдарға бір рет 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      14) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектігі бар адам деп танылған адамдар және мүгедектігі ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына бір рет 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;";

      22), 23), 24) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

      "22) 1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне бір рет 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;

      23) 2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне бір рет 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;

      24) 1986-1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына бір рет 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;";

      30), 31) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

      "30) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгiленген тәртiппен солардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына бір рет 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      31) Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектігі бар адамдарына теңестiрiлген адамның екiншi рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайына (зайыбына) бір рет 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;

      33) 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға бір реттік 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде;";

      7 тармақ:

      4), 5) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

      "4) 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға дәрігерлік консультативтік комиссия қорытындысы негізінде емделуге, табыстарын есепке алмай, 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет;

      5) гемодиализ аппаратын пайдаланатын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, табыстарын есепке алмай 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет.";

      6) тармақшасы алынып тасталсын;

      10) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "10) айына жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, жеке тұрғын үйлерде тұратын аз қамтылған азаматтар (отбасылар), жұмыссыздар, сондай-ақ жан басына шаққандағы орташа табысы айына төмен емес жазлғызбасты зейнеткерлер, мүгедектігі бар адамдарға 12 (он екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қатты отынды сатып алу үшін 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат хатшысы С. Казиев

О внесении изменений в решение маслихата Чингирлауского района от 29 декабря 2020 года № 65-1 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Чингирлауского района"

Решение Чингирлауского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 28 ноября 2022 года № 33-11. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 1 декабря 2022 года № 30869. Утратило силу решением Чингирлауского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 22 августа 2023 года № 9-8

      Сноска. Утратило силу решением Чингирлауского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 22.08.2023 № 9-8 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата Чингирлауского района "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Чингирлауского района " от 29 декабря 2020 года №65-1 (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6767) следующие изменения:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Чингирлауского района, утвержденных указанным решением:

      пункт 1 изложить в новой редакции:

      "1. Настоящие Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Чингирлауского района (далее - Правила) разработаны в соответствии Законом Республики Казахстан "О социальной защите лиц с инвалидностью в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан "О ветеранах", Законом Республики Казахстан "О специальных социальных услугах" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (далее - Типовые правила) и определяют порядок оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан.";

      пункт 4 изложить в новой редакции:

      "4. Меры социальной поддержки, предусмотренные статьей 16 Закона Республики Казахстан "О социальной защите лиц с инвалидностью в Республике Казахстан", подпунктом 2) статьи 10, подпунктом 2) статьи 11, подпунктом 2) статьи 12, подпунктом 2) статьи 13, статьей 17 Закона Республики Казахстан " О ветеранах", оказываются в порядке, определенном настоящими Правилами.";

      в пункте 6:

      подпункт 1) изложить в новой редакции:

      "1) ветеранам Великой Отечественной войны - единовременно в размере 1000000 (один миллион) тенге ко Дню Победы - 9 мая и ежемесячно в размере 5(пять) месячных расчетных показателей;";

      подпункты 10), 11), 12), 13), 14) изложить в новой редакции:

      "10) военнослужащим, которым инвалидность установлена вследствие ранения, контузии, увечья, полученных:

      при защите бывшего Союза ССР, исполнении иных обязанностей воинской службы в другие периоды, или вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте, а также при прохождении воинской службы в других государствах, в которых велись боевые действия - единовременно в размере 100000 (сто тысяч) тенге ко Дню Победы - 9 мая и в размере 80000 (восемьдесят тысяч) тенге ко Дню Независимости - 16 декабря, кроме лиц принимавших участие в боевых действиях на территории Афганистана;

      при прохождении воинской службы в Афганистане - единовременно в размере 100000 (сто тысяч) тенге ко Дню вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан - 15 февраля и в размере 80000 (восемьдесят тысяч) тенге ко Дню Победы - 9 мая;

      11) лицам начальствующего и рядового состава органов государственной безопасности бывшего Союза ССР и органов внутренних дел, которым инвалидность установлена вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при исполнении служебных обязанностей, либо вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте или выполнением служебных обязанностей в государствах, в которых велись боевые действия - единовременно в размере 100000 (сто тысяч) тенге ко Дню Победы - 9 мая и в размере 80000 (восемьдесят тысяч) тенге ко Дню Независимости - 16 декабря;

      12) рабочим и служащим соответствующих категорий, обслуживавшие действовавшие воинские контингенты в других странах и которым инвалидность установлена вследствие ранения, контузии, увечья либо заболевания, полученных в период ведения боевых действий - единовременно в размере 100000 (сто тысяч) тенге ко Дню Победы - 9 мая и в размере 80000 (восемьдесят тысяч) тенге ко Дню Независимости - 16 декабря;

      13) лицам из числа бойцов и командного состава истребительных батальонов, взводов и отрядов защиты народа, действовавших в период с 1 января 1944 года по 31 декабря 1951 года на территории Украинской ССР, Белорусской ССР, Литовской ССР, Латвийской ССР, Эстонской ССР, которым инвалидность установлена вследствие ранения, контузии или увечья, полученных при исполнении служебных обязанностей в этих батальонах, взводах, отрядах - единовременно в размере 60000 (шестьдесят тысяч) тенге ко Дню Победы - 9 мая;

      14) лицам, которым инвалидность установлена вследствие катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, ядерных испытаний, и их детям, инвалидность которых генетически связана с радиационным облучением одного из родителей - единовременно в размере 100000 (сто тысяч) тенге ко Дню Победы - 9 мая и в размере 80000 (восемьдесят тысяч) тенге ко Дню Независимости - 16 декабря;";

      подпункты 22), 23), 24) изложить в новой редакции:

      "22) военнослужащим Республики Казахстан, выполнявшим задачи согласно межгосударственным договорам и соглашениям по усилению охраны границы Содружества Независимых Государств на таджикско - афганском участке в период с сентября 1992 года по февраль 2001 года - единовременно в размере 100000 (сто тысяч) тенге ко Дню Победы - 9 мая и в размере 80000 (восемьдесят тысяч) тенге ко Дню Независимости - 16 декабря;

      23) военнослужащим Республики Казахстан, принимавшим участие в качестве миротворцев в международной миротворческой операции в Ираке в период с августа 2003 года по октябрь 2008 года - единовременно в размере 100000 (сто тысяч) тенге ко Дню Победы - 9 мая и в размере 80000 (восемьдесят тысяч) тенге ко Дню Независимости - 16 декабря;

      24) военнослужащим, а также лицам начальствующего и рядового состава органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, принимавшим участие в урегулировании межэтнического конфликта в Нагорном Карабахе в период с 1986 по 1991 годы - единовременно в размере 100000 (сто тысяч) тенге ко Дню Победы - 9 мая и в размере 80000 (восемьдесят тысяч) тенге ко Дню Независимости - 16 декабря;";

      подпункты 30), 31) изложить в новой редакции:

      "30) семьям умерших вследствие лучевой болезни или умерших лиц с инвалидностью, а также граждан, смерть которых в установленном порядке связана с воздействием катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения и ядерных испытаний - единовременно в размере 60000 (шестьдесят тысяч) тенге ко Дню Победы - 9 мая и в размере 60000 (шестьдесят тысяч) тенге ко Дню Независимости - 16 декабря;

      31) супруге (супругу) умершего лица с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, или лица, приравненного по льготам к лицам с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, а также супруге (супругу) умершего участника Великой Отечественной войны, партизана, подпольщика, гражданина, награжденного медалью "За оборону Ленинграда" или знаком "Жителю блокадного Ленинграда", признававшихся лицами с инвалидностью в результате общего заболевания, трудового увечья и других причин (за исключением противоправных), которые не вступали в повторный брак - единовременно в размере 30000 (тридцать тысяч) тенге ко Дню Победы – 9 мая;";

      пункт 7:

      подпункты 4), 5) изложить в новой редакции:

      "4) детям с инвалидностью до 18 лет на лечение на основании заключения врачебно-консультативной комиссии, без учета доходов, единовременно в размере 15 месячных расчетных показателей;

      5) лицам с инвалидностью первой группы, пользующихся аппаратом гемодиализа, без учета доходов, единовременно в размере 50 (пятьдесят) месячных расчетных показателей.";

      подпункт 6) исключить

      подпункт10) изложить в новой редакции:

      "10) малообеспеченным гражданам (семьям), безработным, проживающим в индивидуальных жилых домах, среднедушевой доход которых в месяц ниже прожиточного минимума, а также одиноким пенсионерам, лицам с инвалидностью, среднедушевой доход которых в месяц не более 20 (двадцать) месячных расчетных показателей на приобретение твердого топлива единовременно в размере 12 (двенадцать) месячных расчетных показателей.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь маслихата С. Казиев