Шыңғырлау аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 тамыздағы № 9-8 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 24 тамызда № 7231-07 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Шыңғырлау аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Шыңғырлау аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы С. Тургалиев

  2023 жылғы 22 тамыздағы
№ 9-8 шешіміге қосымша

      1. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының "Шыңғырлау ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 65-1 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6767 болып тіркелген);

      2. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының "Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 65-1 "Шыңғырлау ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2022 жылғы 27 сәуірдегі № 21-9 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27831 болып тіркелген);

      3. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының "Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 65-1 "Шыңғырлау ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 28 қарашадағы № 33-11 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30869 болып тіркелген);

      4. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының "Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 65-1 "Шыңғырлау ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2023 жылғы 7 маусымдағы № 5-3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7212-07 болып тіркелген);

      5. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихаттың "Шыңғырлау ауданының аумағында бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзу және жергiлiктi қоғамдастың жиынына қатысу үшiн ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнiң санын айқындау тәртiбi туралы қағидасын бекiту туралы" 2014 жылғы 4 наурыздағы № 19-3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3452 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады