Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылдық округі әкімінің 25.08.2022 № 78 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес және Шыңғырлау ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 31 мамырдағы №2-18/176 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылдық округі Шоқтыбай ауылының аумағында қасқырдың құтыру ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шыңғырлау ауылдық округінің әкімі | А. Каражанов |