Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы, 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1- бабы 8) тармақшасына сәйкес және Шыңғырлау ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 18 тамыздағы №2-18/282 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылдық округі Шоқтыбай ауылының аумағында құтыру ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 6 маусымдағы № 41 "Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылдық округінің Шоқтыбай ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №28390 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шыңғырлау ауылдық округінің әкімі | А. Каражанов |