БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтері мен мемлекеттік тапсырмасының құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 17 тамыздағы № 273 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29284 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтері мен мемлекеттік тапсырмасының құнын айқындау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
Б. Акчулаков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 5 қаңтардағы № 1 бұйрығына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі 2022 жылғы 17 тамыздағы № 273 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтері мен мемлекеттік тапсырмасының құнын айқындау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтері мен мемлекеттік тапсырмасының құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 34-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік, көмірсутектерге және уранға қатысты қазақстандық кадрлар мен өндірушілерді қолдау саласындағы мемлекеттік тапсырмасының құнын айқындау тәртібін анықтайды.
2. Зерттеулер мен консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.
3. Мемлекеттік тапсырмалардың, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және мемлекеттік тапсырмаларды орындауға жауапты заңды тұлғалардың тізбесі Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 41-бабына сәйкес бекітіледі.
4. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) мемлекеттік тапсырма – жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетіне, "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне, дербес білім беру ұйымдарына және олардың ұйымдарына, "Елбасы Aкадемиясы" корпоративтік қорына Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, жекелеген мемлекеттік қызметтер көрсетуге, бюджеттік инвестициялық жобаларды iске асыруға және мемлекеттің әлеуметтiк-экономикалық тұрақтылығын және (немесе) әлеуметтік-мәдени дамуын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мiндеттердi орындауға арналған тапсырыс;
2) мемлекеттік тапсырманы орындаушы – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мемлекеттік тапсырмасын республикалық бюджет қаражаты есебінен орындайтын, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлға.
2-тарау. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік тапсырмасының құнын айқындау тәртібі
5. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік тапсырманың құны мынадай мынадай шығыстармен айқындалады:
1) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 103 – 112-баптарына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 138-бабына сәйкес мемлекеттік тапсырманы орындаушының штат кестесінде бекітілген, мемлекеттік тапсырманы тікелей жүзеге асыратын жұмыскерлерге еңбекақы төлеу (лауазымдық жалақы, қосымша ақылар, үстемеақылар, төлемдер, өтемақылар, ұжымдық шарттың талаптарында және (немесе) жұмыс берушінің актілерінде айқындалған сыйлықақылар мен басқа да ынталандырушы төлемдер);
2) ел ішіндегі және одан тыс жерлердегі іссапар шығыстары;
3) тауарлар мен материалдарды сатып алуға арналған шығыстар (шығыс материалдары, қосалқы құралдар мен керек-жарақтар, арнайы киім, арнайы аяқ киім, жеке және ұжымдық қорғау құралдары, санитариялық-тұрмыстық құрылғылар, қосалқы материалдар мен тауар-материалдық қорлар, жинақтауыштар, кеңсе тауарлары);
4) негізгі құралдарды сатып алуға арналған шығыстар;
5) еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмысқа тартылған персоналға сүт және емдік-профилактикалық тағам беруге арналған шығыстар;
6) коммуналдық көрсетілетін қызметтер (суық су, ыстық су, ауыз су, техникалық су, теңіз суы, терең тазарту дистилляты, конденсатты қайтармау, газ, электр энергиясы, жылыту, кәріз, желдету және булы жылу энергиясы, коммуналдық қалдықтарды шығару);
7) байланыстың көрсетілетін қызметтері (қалалық телефон нөмірлері, қалааралық сөйлесулер, интернет желісіне қол жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтер, спутниктік байланыс бойынша көрсетілетін қызметтер, байланыстың өзге де түрлері);
8) жанар-жағармай материалдары;
9) ғимараттарды, құрылыстар мен жабдықтарды ағымдағы жөндеу;
10) зиянды және (немесе) қауіпті заттармен және өндірістік факторлармен жұмыс істейтін персоналды міндетті медициналық қарап-тексеруден өткізуге арналған шығыстар;
11) шалғайдағы объектілердегі жұмыскерлерге медициналық қызмет көрсетуге арналған шығыстар;
12) өзге де шығыстар (жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруға, қызметі үшінші адамға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға, міндетті экологиялық сақтандыруға, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға, тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға, дезинсекция, дезинфекция, дератизация, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет көрсетуге, қауіпті техникалық құрылғылардың өнеркәсіптік қауіпсіздігіне сараптама жүргізуге, аттестаттау үшін экологиялық мониторинг, сертификаттау үшін санитариялық-гигиеналық зерттеулер жүргізу, фармакологиялық және бактериологиялық зертханалардың қызметтері, қорық аймағында байланыстың кабельдік желісін орналастыру бойынша орындар беру, бөгде ұйымдардың қызмет көрсетуіне, күзеттің көрсетілетін қызметтеріне, көлікке техникалық қызмет көрсетуге, көліктің көрсетілетін қызметтеріне (автомобиль көлігін жалға алу), күл-қож қалдықтарын шығару бойынша көрсетілетін қызметтерге, банктік қызметтер көрсетуге, өлшеу құралдарын метрологиялық аттестаттауға, салыстырып тексеруге, калибрлеуге, жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша аттестаттауға, өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауға, мерзімдік көрсетілетін қызметтер мен жұмыстарға, сондай-ақ мемлекеттік тапсырманы жүзеге асыру үшін тікелей қажетті бір жолғы сипаттағы көрсетілетін қызметтер мен жұмыстарға арналған шығыстар);
13) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары;
14) салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, оның ішінде әлеуметтік салық, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес қосылған құн салығы.
6. Шығыстар құжаттармен (есептеулермен, кемінде үш баға (коммерциялық) ұсыныстарымен не шарттармен, негізгі құралдардың нақты болуы, шығарылған және тозған жылдары ақпаратпен, ағымдағы қаржы жылындағы ақаулық актісімен және ағымдағы жөндеу жөніндегі сметалық құжаттамамен) негізделіп, расталады.
3-тарау. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің көмірсутектерге және уранға қатысты қазақстандық кадрлар мен өндірушілерді қолдау саласындағы мемлекеттік тапсырмасының құнын айқындау тәртібі
7. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің көмірсутектерге және уранға қатысты қазақстандық кадрлар мен өндірушілерді қолдау саласындағы мемлекеттік тапсырмасының құны мынадай шығыстармен айқындалады:
1) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінінің 23-бабына сәйкес, мемлекеттік тапсырманы орындаушының бекітілген штат кестесіне сәйкес, мемлекеттік тапсырманы тікелей жүзеге асыратын жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеу (лауазымдық жалақы, ұжымдық шарттың талаптарымен және (немесе) жұмыс берушінің актілерімен белгіленген басқа да ынталандырушы төлемдер);
2) ел ішіндегі іссапар шығыстары;
3) офистік үй-жайды жалға алу шығыстары;
4) банктік қызметтерді көрсетуге арналған шығыстар;
5) өзге де шығыстар (аударма қызметтерін, мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану (кіру) қызметтерін көрсетуге арналған шығыстар);
6) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары;
7) салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, оның ішінде әлеуметтік салық, "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес қосылған құн салығы.
8. Шығыстар құжаттармен (есептеулермен, кемінде үш баға (коммерциялық) ұсыныстарымен не шарттармен) негізделіп, расталады.