БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16137 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта білім беруді, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесі:
мынадай мазмұндағы 10 жане 11-тармақтармен толықтырылсын:
"10. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша іске асырылатын қос диплом бағдарламалары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін есептеу мынадай формулалар бойынша жүргізіледі:
1) Vпф – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың жылдық көлемі мына формула бойынша есептеледі:
Vпф = Nzb * Контzb,
мұндағы:
Nzb– бакалавриатта жылына бір білім алушыға жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі;
Контzb – бакалавриатта білім алушылардың жыл сайынғы контингенті;
2) Nzb– бакалавриатта жылына бір білім алушыға жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі мына формула бойынша есептеледі:
Nzb = Т+Xz+ A+ S,
мұндағы:
Т – білім беру процесіне тартылған әкімшілік-басқару персоналының (бұдан әрі – ӘБП) және профессорлық-оқытушылық құрамның (бұдан әрі – ПОҚ) жылына бір білім алушыға шаққандағы жылдық еңбекақы төлеу қоры;
Xz – кадрларды даярлаудың техникалық және ауыл шаруашылығы бағыттары бойынша жылына бір білім алушыға есептегенде жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын орындау шеңберінде білім алушылардың оқу-әдістемелік әдебиеттерді сатып алуға, зертханалық, практикалық, теориялық және жеке сабақтарының академиялық ұтқырлығын ұйымдастыруға арналған оқу шығыстары – 19 АЕК;
АЕК – жыл сайын республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін айлық есептік көрсеткіш. Айлық есептік көрсеткішке баламалы көрсеткіштердің мәндерін айқындау үшін негіз ретінде 2022 жылғы 1 қаңтарға белгіленген АЕК мөлшері алынады;
А – кадрларды даярлаудың техникалық және ауыл шаруашылығы бағыттары үшін оқу құралдары мен жабдықтардың амортизация нормасы – 64 АЕК-ті құрайды;
3) Т – білім беру процесіне тартылған ӘБП және ПОҚ еңбегіне ақы төлеудің жылдық қоры жылына бір білім алушыға төменде келтірілген персонал құрамы негізге алына отырып есептеледі.
Мәтін бойынша қолданылатын аббревиатура | Персонал | Саны (штат бірлігі) | 1 қызметкерге шаққандағы жалақы мөлшері теңгемен | АЕК-те 1 қызметкерге шаққандағы жалақы мөлшері |
ПОҚ | Профессорлық-оқытушылық құрам (ПОҚ): | 100 | ||
ПОҚ kz | Отандық ПОҚ | 70 | 860 000 | 280,77МРП |
ПОҚ in | Шетелдік ПОҚ | 30 | 3 956000 | 1291,544 МРП |
ӘБП | Әкімшілік-басқару персоналы: | 54,5 | ||
ӘБПkz | Отандық менеджмент | 1 | 1 075 000 | 350,963МРП |
ӘБПin | Шетелдік менеджмент, Халықаралық менеджмент |
1,5 |
4 515 000 | 1 474,045МРП 1 263,467МРП |
ӘБПin | Шетелдік орта менеджмент | 5 | 860 000 | 280,77МРП |
ӘБПkz | ӘБП кіші құрамы | 46 | 430 000 | 140,385МРП |
Барлығы | 154,5 |
Т – білім беру процесіне жылына бір білім алушыға тартылған ӘБП және ПОҚ-тың жылдық еңбекақы төлеу қоры мынадай формула бойынша есептеледі:
T = Tkz+ Tin
Тkz = Таупkz+ Тппсkz,
Тin = Тауп in + Тппс in ,
мұндағы:
Тkz - жылына бір білім алушыға білім беру процесіне тартылған отандық ӘБП және ПОҚ-тың жылдық еңбекақы төлеу қоры;
Тin- жылына бір білім алушыға білім беру процесіне тартылған шетелдік ӘБП және ПОҚ-тың жылдық еңбекақы төлеу қоры;
Тауп - ӘБП жылдық еңбекақы төлеу қоры отандық (kz) және шетелдік (in) үшін жеке формула бойынша есептеледі:
Таупkz (in) = Wаупkz (in) *12*snokz (in) * mvаупkz (in) *mp,
Тппс - ПОҚ-тың жылдық еңбекақы қоры отандық (kz) және шетелдік (in) үшін жеке формула бойынша есептеледі:
Тппсkz (in) = Wппсkz (in) * 12*snokz(in)*mvппсkz (in) * mp,
мұндағы:
W – айына отандық және шетелдік ПОҚ және ӘБП еңбекақы төлеу қоры:
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасындағы шарт негізінде отандық және шетелдік ӘБП және ПОҚ үшін белгіленді.
Жалақыны есептеу 2021 жылғы 15 қарашаға белгіленген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша 1 АҚШ доллары үшін 430 теңге баламасында ұлттық валютада жүргізілді;
12 – айына нормативтік шығындарды есептеуден жылына нормативтік шығындарды есептеуге көшу үшін жылына айлар саны;
sno – әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар коэффициенті:
отандық қызметкерлер үшін snokz-1,0836;
2025 және одан кейінгі жылдарға-1,0968;
шетелдік қызметкерлер үшін snoin-1,095;
mp – жұмыс берушінің қосымша міндетті зейнетақы жарналарының және міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымдардың коэффициенті:
2022 жылға – 1,03;
2023 жылға – 1,045;
2024 жылға – 1,055;
2025 жылға және одан кейінгі жылдарға – 1,065;
mvппс– бір оқытушыға келетін білім алушылардың орташа санының арақатынасының коэффициентін құрайды:
бір шетелдік оқытушыға mvппсin– 0,02;
бір отандық оқытушыға mvппсkz– 0,047;
mvауп– ӘБП бір қызметкеріне келетін білім алушылардың орташа санының арақатынасының коэффициенті:
бір шетелдік орта менеджментке mvаупin1– 0,0033;
бір шетелдік топ-менеджментке mvаупin2– 0,001;
бір шетелдік халықаралық менеджментке mvаупin3– 0,00067;
бір отандық менеджментке mvаупkz1– 0,00067;
бір ӘБП кіші құрамға mvаупkz2– 0,031;
3) S – халықаралық білім беру бағдарламаларын енгізу коэффициенті – 102,024 АЕК.
11. Оқытудың кредиттік технологиясын ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі осы Әдістеменің 9-тармағының 12) және 13) тармақшаларына сәйкес айқындалады.".
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің м.а. | Т. Ешенкулов |