Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 желтоқсанда № 16137 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.07.2023 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының бірінші бөлігінің 97) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.07.2023 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса берілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.07.2023 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 30 қазандағы № 440 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8885 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2013 жылғы 19 желтоқсандағы № 277 (28216) санында жарияланған);

      2) "Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 30 қазандағы № 440 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 25 тамыздағы № 520 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14254 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 10 қазанда жарияланған).

      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Бюджеттік жоспарлау департаменті (С.А. Жақыпова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б. А. Асыловаға жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
Е.Сағадиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ____________ Б. Сұлтанов

      2017 жылғы 12 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 8 желтоқсан

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы 27 қарашадағы
№ 597 бұйрығымен бекітілді

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесі

      Ескерту. Әдістеменің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.07.2023 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Әдістеме жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 20.10.2020 № 452 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының бірінші бөлігінің 97) тармақшасына сәйкес әзірленді және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін есептеуде бірыңғай тәсілдемені айқындайды және білім беру ұйымының жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі мен мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемін жоспарлау үшін қолданылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.07.2023 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Әдістемеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) академиялық кредит – білім алушының және (немесе) оқытушының (педагогтің) білім беру бағдарламасының оқу нәтижелеріне қол жеткізу үшін қажетті ғылыми және (немесе) оқу жұмысы (жүктемесі) көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі;

      2) білім беру ортасы – оқу-тәрбие процесінің іске асырылуын қамтамасыз ету үшін қажетті әлеуметтік, материалдық және тұрмыстық жағдайлардың жиынтығы;

      3) білім беру процесі – бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыру шеңберіндегі оқу-тәрбие процесі;

      4) бір академиялық кредит құнының нормативі – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім беру бейініне байланысты толық оқу мерзімі ішінде бір білім алушыға жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативінің академиялық кредиттердегі білім беру бағдарламасының жалпы еңбек сыйымдылығына арақатынасы;

      5) жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі – білім берудің барлық деңгейлеріндегі мемлекеттік кепілдендірілген оқыту құнының қаржылық қамсыздандырылу нормативі;

      6) жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі – жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативінің негізінде анықталатын білім беру процесіне және білім беру ортасына арналған шығыстарды қаржыландыру;

      7) кредиттік оқыту технологиясы – академиялық кредиттерді жинақтай отырып, білім алушылардың пәндерді оқып зерделеу дәйектілігін таңдауы және дербес жоспарлауы негізіндегі оқыту.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.03.2022 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2023 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.05.2024 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта білім беруді, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру нормативін есептеу кезінде мынадай жалпы көрсеткіштер пайдаланылады:

      1) "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысымен белгіленген базалық лауазымдық айлықақы (бұдан әрі – БЛА);

      2) тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК).

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.07.2023 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды есептеу алгоритмі

      4. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың (бұдан әрі – МДТО) жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін және жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін есептеу мына формулалар бойынша жүргізіледі:

      1) Vжқ – МДТО-ны жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі, мына формула бойынша есептеледі:

      Vпф = ∑(Nz * Контz),

      мұндағы:

      Контz – тәрбиеленушілердің нақты ай сайынғы контингенті (бірақ жобалық қуаттылығынан аспайды);

      z – міндеттегі топтар (жалпы міндеттегі топтар, балаларға арналған түзету үлгісіндегі топтар, туберкулез, аллергия ауруымен ауыратын, қант диабетімен ауыратын, әлжуаз және жиі ауыратын балаларға арналған топтар) бойынша индекс;

      Бір МДТО ұйымында мектепке дейінгі топтардың бірнеше түрі болған жағдайда жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі міндеттегі топ пен білім беру бағдарламаларының түрі бойынша бір тәрбиеленушіге есептелген жан басына шаққандағы нормативтің негізінде жиынтық түрде анықталады;

      2) Nz – бір айда бір тәрбиеленушіні қаржыландырудың жан басына шаққандағы нормативі мына формула бойынша есептеледі:

      Nz = Еz + L,

      мұндағы:

      Еz – айына бір тәрбиеленушіге арналған білім беру процесі шығыстарының нормасы;

      L – айына бір тәрбиеленушіге арналған білім беру ортасы шығыстарының нормасы;

      3) Еz – міндеттегі топтар бойынша бір айда бір тәрбиеленушіге арналған білім беру процесі шығыстарының нормасы мына формула бойынша есептеледі:

      Ez = T + X,

      мұндағы:

      Т – білім беру процесіне қатыстырылған басқарушылық персоналдың және педагогтердің бір айда бір тәрбиеленушіге есептегендегі айлық еңбекақы қоры;

      X – бір айда бір тәрбиеленушіге есептелген білім беру процесіне байланысты оқу шығыстары, 0,3 АЕК-ті құрайды;

      4) Т мына формула бойынша есептеледі:

      Т = Тнег. + Төтем.

      мұндағы:

      Тнег. = (W + ((ЛА * kр +БЛА * f ) * (е + r)))* sno * mp * mv;

      Төтем. = (((ЛА * kр + БЛА * f) * ks+ Эөтем1) * mv) / 12;

      Тнег. – білім беру процесіне қатыстырылған басқарушылық персоналдың және педагогтердің өтемақылық төлемдерсіз айлық еңбекақы қоры;

      Төтем. – қызметкердің жыл сайынғы төленетін еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысын төлеуге арналған шығыстардың айлық көлемі;

      W – педагогтердің айлық еңбекақы қоры;

      kр – лауазымдық айлықақының белгіленген мөлшеріне түзету коэффициенті:

      2023 жылға және одан кейінгі жылдарға – 2,6;

      е – "Арал өңiрiндегі экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заң) сәйкес экологиялық қасірет аймағында тұрғаны үшін жыл сайынғы қосымша ақылы демалысқа үстемеақы коэффициенті – 0,025.

      Егер осы қосымша ақы Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңда көзделмеген жағдайда, e 0-ге тең болады;

      r – "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Ядролық сынақ полигонында зардап шеккендерді қорғау туралы заң) сәйкес радиациялық қауіпті аймақтарда тұрғаны үшін жыл сайын ақысы төленетiн қосымша демалысқа үстемақы коэффициенті – 0,028.

      Егер осы қосымша ақы Ядролық сынақ полигонында зардап шеккендерді қорғау туралы заңда көзделмеген жағдайда, r 0-ге тең болады;

      sno – әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар коэффициенті:

      2023 және 2024 жылдарға – 1,0836;

      2025 және одан кейінгі жылдарға – 1,0968;

      mp – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымдар коэффициенті:

      2023 жылға – 1,03;

      2024 жылға – 1,045;

      2025 жылға – 1,055;

      2026 жылға – 1,065;

      2027 жылға – 1,075;

      2028 және одан кейінгі жылдарға – 1,08;

      mv – бала-сағат коэффициенті мыналардан құралады:

      жарты күн болатын топтағы, жалпы білім беретін мектептің жанындағы мектепалы даярлық сыныптарындағы тәрбиеленушілер үшін – 0,04;

      тәрбиеленушілер үшін топтардағы 9 сағаттық болу режимі– 0,08;

      тәрбиеленушілер үшін топтардағы 10,5 сағаттық болу режимі– 0,09;

      туберкулез, аллергия ауруымен ауыратын, қант диабетімен ауыратын, әлжуаз және жиі ауыратын балаларға арналған 10,5 сағаттық топтардағы тәрбиеленушілер үшін – 0,15;

      түзету үлгісіндегі 10,5 сағаттық топтардағы тәрбиеленушілер үшін – 0,1875;

      5) W – білім беру процесіне қатыстырылған педагогтардың айлық еңбекақы қоры мына формула бойынша есептеледі:

      W= (ЛА * kр + БДО * f) * ks+ БЛА * (Қеж1 + uz+ kалм. + ke1) + R,

      мұндағы:

      ЛА – білім беру процесіне қатысатын педагогтердің БЛА-ны 4,21 коэффициентіне көбейту жолымен анықталатын лауазымдық айлықақысы;

      f – білім беру процесіне қатысатын басқарушылық персоналдың еңбекақы төлеу қорын есептеу коэффициенті:

      2023 және одан кейінгі жылдарға – 1,946;

      ks – мамандарға ауылдық жердегі жұмыс үшін төленетін қосымша ақы коэффициенті мынаны құрайды:

      қалалық МДТО ұйымдары үшін – 1;

      ауылдық ұйымдар үшін – 1,25;

      Қеж1 – білім беру процесіне қатысатын басқарушылық персоналдың және педагогтердің ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы коэффициенті:

      2023 және одан кейінгі жылдарға – 1,289;

      uz – туберкулез, аллергия ауруларымен ауыратын, қант диабетімен ауыратын, әлжуаз және жиі ауыратын балаларға арналған топтарда, сондай-ақ түзету үлгісіндегі топтарда ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалармен жұмыс үшін педагогтерге қосымша ақы коэффициенті – 0,380;

      ke1 – білім беру процесіне қатысатын басқарушылық персоналдың және педагогтардың Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңға сәйкес экологиялық қасірет аймағында тұрғаны үшін қосымша ақы коэффициенті:

      2023 және одан кейінгі жылдарға – 3,868.

      Егер осы қосымша ақы Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңда көзделмеген жағдайда, ke1 0-ге тең болады;

      R – Ядролық сынақ полигонында зардап шеккендерді қорғау туралы заңға сәйкес радиациялық қауіпті аймақта тұрғаны үшін қосымша ақы – 1,5 АЕК.

      Егер осы қосымша ақы Ядролық сынақ полигонында зардап шеккендерді қорғау туралы заңда көзделмеген жағдайда, R 0-ге тең болады;

      kалм. – қызметкерлердің орнын алмастырғаны үшін қосымша ақы коэффициенті:

      2023 және одан кейінгі жылдарға – 1,657;

      6) Эөтем1 – Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңға сәйкес білім беру процесіне қатысатын басқарушылық персоналдың және педагогтердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қолданыстағы төлемнен тыс сауықтыруға арналған материалдық көмек мына формула бойынша есептеледі:

      Эөтем.1 = ЛА * kp + БЛА * f,

      Егер осы қосымша ақы Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңда көзделмеген жағдайда, Эөтем1 0-ге тең болады;

      7) L – МДТО-ның білім беру ортасы шығыстарының бір айда бір тәрбиеленушіге шаққандағы нормасы мына формула бойынша есептеледі:

      L = Q + S

      мұндағы:

      Q – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың бір айда бір тәрбиеленушіге есептелген айлық еңбекақы төлеу қоры;

      S – бір айда бір тәрбиеленушіге шаққандағы мектепке дейінгі білім беру ұйымын ағымды күтіп-ұстауға арналған шығыстардың нормасы мынаны құрайды:

      Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Түркістан, Жетісу облыстары, Алматы мен Шымкент қалалары үшін – 3,75 АЕК;

      Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары, Абай, Ұлытау облыстары және Астана қаласы үшін – 3,92 АЕК;

      Солтүстік Қазақстан облысы үшін – 4,08 АЕК;

      Қызылорда облысы үшін – 4,25 АЕК.

      Жарты күндік топтағы тәрбиеленушілер үшін ағымдағы күтіп-ұстауға арналған шығыстардың нормасын есептеу кезінде S көрсеткіші 2-ге бөлінеді;

      8) Q мына формула бойынша есептеледі:

      Q = Qнег + Qөтем

      мұндағы:

      Qнег = (F + (БЛА * (с + q) * (e + r))) * sno * mp * mv,

      Qөтем = (БЛА * с + Эөтем2) * mv / 12,

      Qнег. – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың өтемақылық төлемдерсіз айлық еңбекақы төлеу қоры;

      Qөтем. – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына сауықтыруға арналған жәрдемақыларды төлеу шығыстарының айлық көлемі;

      12 – бір жылдағы айлар саны;

      Эөтем2 – Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккендерді әлеуметтік қорғау туралы заңға сәйкес білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қолданыстағы төлемнен тыс сауықтыруға арналған материалдық көмек мынадай формула бойынша есептеледі:

      Эөтем2 = БЛА * c,

      Егер мұндай қосымша ақы Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккендерді әлеуметтік қорғау туралы заңда көзделмеген жағдайда Эөтем2 0-ге тең болады;

      F – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың бір айдағы еңбекақы төлеу қоры, мына формула бойынша есептеледі:

      F = БЛА * (с + q + Қеж2 + ke2) + R,

      мұндағы:

      с – білім беру процесіне қатыспайтын білікті персонал жалақысының педагогтің жалақысына қарағандағы үлес салмағының коэффициенті, мынаған тең:

      жарты күндік топтардағы, жалпы білім беретін мектептің жанындағы мектепалы даярлық сыныптарындағы тәрбиеленушілер үшін – 1,681;

      басқа топтардағы тәрбиеленушілер үшін – 1,821;

      q – қызметкерлердің еңбек демалысына жыл сайын төленетін сауықтыруға арналған төлем көзделмеген, білім беру процесіне қатыспайтын білікті емес қызметкерлер жалақысының үлес салмағының коэфициенті, мынаған тең:

      жарты күндік топтардағы, жалпы білім беретін мектептің жанындағы мектепалы даярлық сыныптарындағы тәрбиеленушілер үшін – 0,722;

      басқа топтардағы тәрбиеленушілер үшін – 2,417;

      Қеж2 – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы коэффициенті:

      жарты күндік топтардағы, жалпы білім беретін мектептің жанындағы мектепалы даярлық сыныптарындағы тәрбиеленушілер үшін – 0,24;

      басқа топтардағы тәрбиеленушілер үшін – 0,424;

      ke2 - Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңға сәйкес білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың экологиялық қасірет аймағында тұрғаны үшін қосымша ақы коэффициенті:

      жарты күндік топтардағы, жалпы білім беретін мектептің жанындағы мектепалы даярлық сыныптарындағы тәрбиеленушілер үшін – 0,721;

      басқа топтардағы тәрбиеленушілер үшін – 1,271;

      Егер мұндай қосымша ақы Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңмен көзделмеген жағдайда ke2 0-ге тең болады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 06.10.2023 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Орта білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды есептеу алгоритмі 1-параграф. Орта білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды есептеу көрсеткіштері

      5. Орта білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін есептеуде мына көрсеткіштер қолданылады:

      1) "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген) бекітілген Үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі – ҮОЖ 1) сәйкес білім беру деңгейлері бойынша аптадағы сағаттар саны:

      29,75 сағат – 1-4 сыныптардағы орташа сағат саны;

      45,1 сағат – 5-9 сыныптардағы орташа сағат саны;

      56,25 сағат – 10-11 сыныптардағы орташа сағат саны;

      32,75 сағат – 1-4 түзете-дамыта оқыту сыныптардағы орташа сағат саны;

      40,25 – 5-10 түзете-дамыта оқыту сыныптардағы орташа сағат саны;

      43 сағат – 10-12 түзете-дамыта оқыту сыныптардағы орташа сағат саны;

      8 сағат – 1-4 сынып оқушыларын үйде оқыту сағаттарының саны;

      10 сағат – 5-9 сынып оқушыларын үйде оқыту сағаттарының саны;

      12 сағат – 10-11 сынып оқушыларын үйде оқыту сағаттарының саны;

      2) "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 тіркелді) бекітілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына (бұдан әрі – МЖМБС), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығымен бекітілген "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15681 болып тіркелген) сәйкес сыныптардың есептелген толықтырылуы:

      қалалық жалпы білім беретін мектептерде – 24 оқушы;

      ауылдық жалпы білім беретін мектептерде – 20 оқушы;

      арнайы (түзету) сыныптарында – 12 оқушы;

      3) "Педагог мәртебесі туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Педагог мәртебесі туралы заң) 8-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтар үшін бір аптаға нормативтік оқу жүктемесі:

      орта білім беру ұйымдары үшін 18 сағат.

2-параграф. Орта білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін есептеу алгоритмі

      6. Орта білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін және жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін есептеу мына формулалар бойынша жүргізіледі:

      1) Vжқ – жекеменшік орта білім беру ұйымын жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі, мына формула бойынша есептеледі:

      Vжқ = ∑ (Nz * Контz),

      Бір орта білім беру ұйымында білім беру бағдарламаларының бірнеше түрі іске асырылатын жағдайда білім беру процесін қаржыландыру көлемі білім беру бағдарламаларының түрлері, білім беру деңгейлері бойынша бір білім алушыға есептелген жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативінің негізінде жиынтық түрде анықталады.

      2) Nz – бір жылда бір білім алушыға есептегендегі жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі мына формула бойынша есептеледі:

      Nz = [(Еz + L) * (k1 + k2)] + А1 + А2 + А3,

      мұндағы:

      z – білім алушыларды тиісті білім деңгейі (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) бойынша, оның ішінде ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушыларды көрсететін индекс;

      Еz – жылына бір білім алушыға арналған білім беру процесі шығыстарының нормасы.

      ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушыға арналған Еz 2-ге көбейтіледі;

      L – жылына бір білім алушыға білім беру ортасы шығыстарының нормасы;

      k1 – нақты орташа жылдық контингент бойынша мектептердің толықтырылу коэффициенті:

      400 білім алушыға дейін – 1;

      401-ден 500 білім алушыға дейін – 0,85;

      501-ден 800 білім алушыға дейін – 0,75;

      801-ден 1000 білім алушыға дейін – 0,65;

      1001-ден 1200 білім алушыға дейін – 0,6;

      1201-ден 1400 білім алушыға дейін – 0,58;

      1401-ден 1600 білім алушыға дейін – 0,56;

      1601-ден 2000 білім алушыға дейін – 0,52;

      2001-ден 2500 білім алушыға дейін – 0,49;

      2501-ден 3000 білім алушыға дейін – 0,45;

      3001-ден 4000 білім алушыға дейін – 0,40;

      4001-ден бастап одан көп білім алушыға – 0,38;

      k2 – мектептің жобалық қуаттылығынан асатын нақты орташа жылдық контингент бойынша мектептердің толықтырылу коэффициенті:

      150 %-ға дейін – 0,3;

      151-ден 170 %-ға дейін – 0,29;

      171-ден 190 % -ға дейін – 0,28;

      191-ден 210 % -ға дейін – 0,27;

      211-ден 230 %-ға дейін – 0,26;

      231-ден 250 %-ға дейін – 0,25;

      251-ден 270 %-ға дейін – 0,24;

      271-ден 290 %-ға дейін – 0,23;

      291-ден 310 %-ға дейін – 0,22;

      311% және одан көп – 0,21.

      k1 және k2 түзету коэффициенттері:

      мемлекеттік орта білім беру мекемелеріндегі ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушылардан құралған сыныптар үшін;

      жекеменшік орта білім беру ұйымдарының сенімгерлік басқаруындағы мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының объектілерін қоспағанда, жекеменшік орта білім беру ұйымдары үшін қолданылмайды;

      А1 – бір білім алушыға шаққандағы ғимараттың және құрылыстың амортизациясына, жабдықтардың амортизациясына/сатып алынуына арналған шығыстардың нормасы жылына:

      6 АЕК – "Жайлы мектеп" білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаcының төртінші тетігін іске асыру шеңберінде құрылыс жолымен пайдалануға берілген жеке білім беру ұйымдарын қоспағанда, меншік нысанына қарамастан жұмыс істеп тұрған мектептердегі білім алушылар үшін;

      12 АЕК – жекеменшік орта білім беру ұйымы жанындағы интернатта, жекеменшік мектеп-интернатта тұратын білім алушылар үшін;

      17 АЕК - "Жайлы мектеп" білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаның төртінші тетігін іске асыру шеңберінде құрылыс жолымен пайдалануға берілген жеке білім беру ұйымдарындағы білім алушылар үшін;

      А2 – орта білім беру ұйымдарының объектілерінде білім алушы нақты орналасқан әрбір жаңадан енгізілген оқушы орны үшін (бірақ олардың жобалық қуатынан жоғары емес) ғимараттардың амортизациясына арналған шығыстардың нормасы, оның ішінде:

      жеке меншіктегі орта білім беру ұйымының қарамағындағы;

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарымен мемлекеттік меншікке берілген.

      Орта білім беру ұйымдарының мынадай объектілеріндегі орындар жаңадан енгізілетін оқушы орындары болып табылады:

      2018 жылғы 20 шілдеден кейін құрылыс салу немесе реконструкция жасау жолымен пайдалануға берілген орта білім беру ұйымдарының жеке меншігіндегі, сол сияқты осы орта білім беру ұйымдары құрылтайшыларының немесе олардың жақын туыстарының жеке меншігіндегі;

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарымен мемлекеттік меншікке берілген.

      А2 "Жайлы мектеп" білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде құрылыс жолымен пайдалануға берілген орта білім беру ұйымы объектісінің ғимараттарын қоспағанда, білім беру ұйымдарына 8 (сегіз) жыл көлемінде төленеді.

      "Жайлы мектеп" білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде құрылыс жолымен пайдалануға берілген орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарына А2 төлеу жүзеге асырылады:

      А2-ні алуға үміткерлерге – жиырма жыл мерзімге орта білім беру ұйымы объектісінің нысаналы мақсатын өзгертуге құқық ауыртпалығы салынғаннан кейін;

      2020 жылғы 14 ақпанға дейінгі кезеңде А2-ні алғандарға – 2020 жыл ішінде жиырма жыл мерзімге орта білім беру ұйымы объектісінің нысаналы мақсатын өзгертуге құқық ауыртпалығын салу жөніндегі міндеттемелер қабылданғаннан кейін төленеді. Бұл жағдайда А2-ні төлеу мерзімі көрсетілген міндеттемелер қабылданғанға дейін жүргізілген төлемдер мерзіміне мөлшерлес азайтылады;

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарымен орта білім беру объектілерін алғандарға төленеді. Бұл ретте осындай білім беру ұйымының құрылтайшысы А2 төлемдерінің сомасын шеңберінде орта білім беру ұйымының объектісі мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарымен мемлекеттік меншікке берілген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қаржыландыруды жүзеге асыруға бағыттауды қамтамасыз етеді. Бір жылда бір білім алушыға есептегендегі жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативінің (Nz) сомасы А2 төлемдерінің сомасы шегеріле отырып, білім беру процесі мен білім беру ортасының шығыстарын қаржыландыруға бағытталады.

      "Жайлы мектеп" білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде құрылыс жолымен пайдалануға берілген білім беру ұйымдарына А2 төленеді:

      үшінші тетік бойынша 5 (бес) жыл көлемінде.

      Үшінші тетікті іске асыру шеңберінде орта білім беру ұйымдарына А2 төлеу "Жайлы мектеп" білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жоба шеңберінде салынған жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес объектіні салу құнының 70 (жетпіс) пайызынан аспайтын мөлшерде төленген А2 жиынтық көлеміне жеткен кезде 5 (бес) жылдық мерзім өткенге дейін тоқтатылады.

      төртінші тетік бойынша жеке білім беру ұйымы объектісінің нысаналы мақсатын өзгерту құқығына ауыртпалық салынғаннан кейін (мерзімсіз) 6 (алты) жыл ішінде.

      Төртінші тетікті іске асыру шеңберінде орта білім беру ұйымдарына А2 төлеу бойынша алғашқы 12 (он екі) айда жеңілдікті кезең қолданылады, онда жеке орта білім беру ұйымы объектісінің жобалық қуатына үш есе жоғары норматив төленеді, келесі 5 (бес) жылда норматив білім алушының нақты алған әрбір оқушы орны үшін (бірақ жобалық қуаттан жоғары емес) төленеді.

      Жекеменшік орта білім беру ұйымы объектісінің меншік иесі ауысқан жағдайда А2-ні төлеу мерзімі жекеменшік орта білім беру ұйымы объектісінің бұрынғы меншік иесіне төленген мерзімге барабар қысқартылады.

      А2 мынаны құрайды:

      "Жайлы мектеп" білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасы шеңберіндегі құрылысты қоспағанда, құрылыс салынған жағдайда – жылына 96 АЕК;

      "Жайлы мектеп" білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасының үшінші тетік бойынша құрылыс жолымен салынған жағдайда білім беру ұйымының объектісінде мынадай орындар санына:

      2024 жылы іске қосылған жобалық қуаттылығы:

      1 200 орынға – жылына 213,93 АЕК;

      1 500 орынға – жылына 187,02 АЕК;

      2 000 орынға – жылына 186,41 АЕК;

      2 500 орынға – жылына 161,64 АЕК;

      2025 жылы іске қосылған жобалық қуаттылығы:

      1 200 орынға – жылына 230,63 АЕК;

      1 500 орынға – жылына 201,61 АЕК;

      2 000 орынға – жылына 200,96 АЕК;

      2 500 орынға – жылына 174,25 АЕК;

      "Жайлы мектеп" білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жоба шеңберінде енгізілген орта білім беру ұйымының объектісіне А2 мөлшерін айқындау кезінде "2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында 2023 жылғы 1 қаңтарға белгіленген АЕК мөлшері қолданылады.

      Жеке орта білім беру ұйымы объектісінің жобалық қуатын ескере отырып, "Жайлы мектеп" білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаның төртінші тетігі шеңберінде құрылыс кезінде:

      600 орынға -жылына 201 АЕК;

      900 орынға -жылына 157 АЕК;

      1 200 орынға – жылына 122 АЕК;

      1 500 орынға – жылына 104 АЕК;

      2 000 орынға – жылына 100 АЕК;

      реконструкция жасалған жағдайда – жылына 47 АЕК.

      Басқа жағдайларда, оның ішінде жаңадан енгізілген оқушы орындары үшін А2 төленетін жоғарыда көрсетілген мерзімдер өткенде А2 0-ге тең болады;

      А3 – орта білім беру ұйымының жеке меншігіндегі орта білім беру ұйымы объектілерінде жаңадан енгізілген, бірақ олардың жобалық қуатынан аспайтын, білім алушылар нақты орналасқан әрбір тұру орны үшін ғимараттың амортизациясына арналған шығыстар нормасы.

      Білім алушылар нақты орналасқан тұру орны 2020 жылғы 1 қаңтардан кейін құрылыс салу немесе реконструкция жасау жолымен пайдалануға енгізілген орта білім беру ұйымдарының жеке меншігіндегі, сол сияқты осы орта білім беру ұйымдары құрылтайшыларының немесе олардың жақын туыстарының жеке меншігіндегі орта білім беру ұйымдарының интернаттарындағы орындар болып табылады.

      А3 жиырма жылға дейін орта білім беру ұйымы интернатының нысаналы мақсатын өзгертуге құқық ауыртпалығы салынғаннан кейін 8 (сегіз) жыл ішінде төленеді. Бұл ретте жекеменшік орта білім беру ұйымы объектісінің меншік иесі ауысқан жағдайда А3-ті төлеу мерзімі жекеменшік орта білім беру ұйымы интернатының бұрынғы меншік иесіне төленген мерзімге барабар қысқартылады.

      А3 мынаны құрайды:

      құрылыс салынған жағдайда – жылына 122 АЕК;

      реконструкция жасалған жағдайда – жылына 47 АЕК.

      Басқа жағдайларда, оның ішінде жаңадан енгізілген білім алушылардың тұру орындарына А3 төленетін 8 (сегіз) жыл өткенде А3 0-ге тең болады;

      3) Контz – оқушылардың орташа жылдық контингенті, мына формула бойынша есептеледі:

      алдағы жылға жан басына шаққандағы қаржыландырудың жылдық көлемін жоспарлау кезінде:

      Контz = ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне болжамды контингент;

      Жан басына шаққандағы қаржыландырудың жылдық көлемін нақтылау кезінде:

      Контz = (Контz1 * 8 + Контz2 * 4)/12,

      мұндағы:

      Контz1 – ағымдағы жылдың 1 қаңтарына оқушылардың нақты контингенті,

      Контz2 – ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне оқушылардың нақты контингенті,

      8, 4, 12 – айлар саны;

      4) Еz – білім беру деңгейлері бойынша орта білім беру ұйымдарының бір жылда бір білім алушыға есептегендегі білім беру процесі шығыстарының нормасы мына формула бойынша есептеледі:

      Ez = Tz + X,

      мұндағы:

      Тz – орта білім беру ұйымының білім беру процесіне қатыстырылған басқарушылық персоналдың және педагогтардың бір жылда бір білім алушыға есептелген жылдық еңбекақы төлеу қоры;

      Х – бір білім алушыға есептегенде жылына 1,2 АЕК-ті құрайтын білім беру процесімен байланысты шығыстар;

      5) Тz білім беру деңгейіне (z) байланысты мына формула бойынша есептеледі:

      Tz = Tz нег + Tz өтем,

      мұндағы:

      Tz нег = {12 * W + ((ЛА * kp + БЛА * f) * (e + r)) + St} * sno * mp * mvz,

      Tz өтем = [(ЛА * kp + БЛА * f) * ks + Эөтем1] * mvz;

      мұндағы:

      Тz нег. – орта білім беру ұйымының білім беру процесіне қатыстырылған басқарушылық және негізгі персоналдың өтемақылық төлемдерсіз жылдық еңбекақы төлеу қоры;

      Тz өтем. – орта білім беру ұйымы қызметкерінің жыл сайынғы төленетін еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысын төлеуге арналған шығыстардың жылдық көлемі;

      12 – айлық нормативтік шығындарды есептеуден жылдық нормативтік шығындарды есептеуге көшу үшін бір жылдағы айлар саны;

      W – педагогтардың айлық еңбекақы қоры,

      ЛА – БЛА-ны 5,12 коэффициентіне көбейту жолымен анықталатын бір педагогикалық мөлшерлеменің лауазымдық айлықақысы;

      kр – лауазымдық айлықақының белгіленген мөлшеріне түзету коэффициенті – 2;

      f – басқарушылық персоналдың еңбекақы төлеу қорын есептеу коэффициенті – 2,897;

      е – Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңға сәйкес экологиялық қасірет аймағында тұрғаны үшін жыл сайынғы қосымша ақылы демалысқа қосымша ақы коэффициенті – 0,30.

      Егер мұндай қосымша ақы Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңда қарастырылмаған жағдайда е 0-ге тең болады;

      r – Ядролық сынақ полигонында зардап шеккендерді қорғау туралы заңға сәйкес радиациялық қауіпті аймақтарда тұрғаны үшін жыл сайын ақысы төленетiн қосымша демалысқа қосымша ақы коэффициенті – 0,33.

      Егер мұндай қосымша ақы Ядролық сынақ полигонында зардап шеккендерді қорғау туралы заңда қарастырылмаған жағдайда r 0-ге тең болады;

      St – бір білім алушыға 0,135 БЛА мөлшеріндегі ынтыландыру құрамдауышы;

      sno – әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар коэффициенті – 1,0855;

      mp – жұмыс берушінің міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымдар коэффициенті – 1,03;

      mvz – оқушы-сағат коэффициенті (нормативті оқу жүктемесін есепке алғандағы бір оқушыға шаққандағы оқу сағаттары санының ара салмағы) мына формула бойынша есептеледі:

      mvz = tz / n / d,

      мұндағы

      tz – ҮОЖ 1 бойынша аптадағы сағат саны;

      n – аптадағы нормативтік оқу жүктемесі;

      d – сыныптардың есептелген толықтырылуы. Үйде оқыту үшін mvz -ны есептеуде d = 1;

      ks – мамандарға ауылдық жердегі жұмыс үшін төленетін қосымша ақы коэффициенті:

      қала мектептері үшін – 1,0;

      ауыл мектептері үшін – 1,25;

      Эөтем1 – білім беру процесіне қатысатын персоналдың Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңға сәйкес жыл сайынғы төленетін еңбек демалысына қолданыстағы төлемнен тыс сауықтыруға арналған материалдық көмек мынадай формула бойынша есептеледі:

      Эөтем1 = ЛА * kр + БЛА * f,

      егер мұндай қосымша ақы Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңда қарастырылмаған жағдайда Эөтем1 0-ге тең болады;

      6) W – педагогтардың айына еңбекақы төлеу қоры, мына формула бойынша есептеледі:

      W = (ЛА * kр + БЛА * f) * ks + БЛА * (Қеж1 + uz + ke1) + R,

      мұндағы:

      Қеж1 – білім беру процесіне қатысатын персоналдың ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы коэффициенті – 1,314;

      uz – педагогикалық қосымша ақылар мен үстеме ақылардың коэффициенті, мынаны құрайды:

      жалпы білім беретін сыныптарда оқитындар үшін – 3,504;

      арнайы (түзету) сыныптарында оқитындар және үйде оқитындар үшін – 3,904;

      ke1 – білім беру процесіне қатысатын персоналдың Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңға сәйкес экологиялық қасірет аймағында тұрғаны үшін қосымша ақы коэффициенті – 3,94.

      Егер мұндай қосымша ақы Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңда қарастырылмаған жағдайда ke1 0-ге тең болады;

      R – Ядролық сынақ полигонында зардап шеккендерді қорғау туралы заңға сәйкес радиациялық қауіпті аймақта тұрғаны үшін қосымша ақы – 1,5 АЕК.

      Егер мұндай қосымша ақы Ядролық сынақ полигонында зардап шеккендерді қорғау туралы заңда қарастырылмаған жағдайда R 0-ге тең болады;

      7) L – білім беру ортасы шығыстарының бір жылда бір білім алушыға шаққандағы нормасы мынадай формула бойынша есептеледі:

      L = Q + S + Р,

      мұндағы:

      Q – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың бір жылда бір білім алушыға есептелген жылдық еңбекақы төлеу қоры;

      S – бір жылда бір білім алушыға шаққандағы орта білім беру ұйымын ағымды күтіп-ұстауға арналған шығыстардың нормасы:

      "мемлекеттік мекеме" ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымы үшін – 6,69 АЕК (коммуналдық шығыстар мен интернетке арналған шығыстарды қоспағанда);

      шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар мен жеке меншік орта білім беру ұйымдары үшін S көрсеткіші коммуналдық қызметтерді, интернет қызметтерін тұтыну көлемдері мен олардың өңірлердегі тарифтеріне байланысты ерекшеленеді:

      Атырау, Қостанай, Маңғыстау облыстары үшін – 10,19 АЕК;

      Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Түркістан, Жетісу, Ұлытау облыстары мен Астана, Алматы және Шымкент қалалары үшін – 11,19 АЕК;

      Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай облыстары үшін – 12,69 АЕК;

      Ақмола, Жамбыл облыстары – 13,19 АЕК;

      Қызылорда облысы үшін – 14,69 АЕК.

      Жекеменшік орта білім беру ұйымы жанындағы интернатта (мектеп- интернатта) тұратын білім алушының білім беру ортасына арналған шығыстардың нормасын есептеу кезінде S 2-ге көбейтіледі.

      Үйде оқыту жағдайындағы білім беру ортасы шығыстарының нормасын есептеуде S көрсеткіші 0-ге тең болады.

      Р – Жекеменшік орта білім беру ұйымы жанындағы мектеп жанындағы интернатта (мектеп-интернатта) тұратын білім алушының тамақтануына арналған шығыстар нормасы өңірлердегі негізгі азық-түліктің бағасына байланысты ерекшеленеді және мынаны құрайды:

      Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары үшін – 91 АЕК;

      Ақмола, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Түркістан, Жетісу, Ұлытау облыстары мен Шымкент қаласы үшін – 98 АЕК;

      Шығыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Абай облыстары, Алматы және Астана қалалары үшін –110 АЕК;

      8) Q мына формула бойынша есептеледі:

      Q = Qнег + Qөтем,

      мұндағы:

      Qнег = {12 * F + [БЛА * (c + q) * (e + r)]} * sno * mp * mvорт,

      Qөтем = (БЛА * с + Эөтем2) * mvорт,

      мұндағы:

      Qнег. – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың өтемақылық төлемдерсіз жылдық еңбекақы төлеу қоры;

      12 – айлық нормативтік шығындарды есептеуден жылдық нормативтік шығындарды есептеуге көшу үшін бір жылдағы айлар саны;

      F – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың еңбекақы төлеу қоры;

      с – білім беру процесіне қатыспайтын білікті персонал жалақысының педагогтардың жалағысына қарағандағы үлес салмағының коэффициенті 1,11-ге тең, жекеменшік орта білім беру ұйымы жанындағы интернаттың немесе жекеменшік мектеп-интернаттың білікті персоналы үшін 4,55-ке тең;

      q – қызметкерлердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына сауықтыруға арналған жәрдемақының төленуі көзделмеген, білім беру процесіне қатыспайтын білікті емес қызметкерлер жалақысының үлес салмағының коэфициенті 1,54-ке тең, жекеменшік орта білім беру ұйымы жанындағы интернаттың немесе жекеменшік мектеп-интернаттың білікті емес персоналы үшін 4,63-ке тең;

      mvорт – mvz коэффициенттері мәнінің орташа көрсеткіші, 0,1012-ге тең;

      Qөтем. – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына сауықтыруға арналған жәрдемақыларды төлеу шығыстарының жылдық көлемі;

      Эөтем2 – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккендерді әлеуметтік қорғау туралы заңға сәйкес жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қолданыстағы төлемнен тыс сауықтыруға арналған материалдық көмек, мынадай формула бойынша есептеледі:

      Эөтем2 = БЛА * с,

      Егер мұндай қосымша ақы Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккендерді әлеуметтік қорғау туралы заңда қарастырылмаған жағдайда Эөтем2 0-ге тең болады;

      9) F – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың бір айдағы еңбекақы төлеу қоры, мына формула бойынша есептеледі:

      F = БЛА * (c + q + Қеж2 + ke2) + R,

      мұндағы:

      Қеж2 – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы коэффициенті – 0,265, жекеменшік орта білім беру ұйымы жанындағы интернаттың немесе жекеменшік мектеп-интернаттың персоналы үшін Қеж2 0,918-ге тең;

      ke2 – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңға сәйкес экологиялық қасірет аймағында тұрғаны үшін қосымша ақы коэффициенті – 0,795.

      Егер мұндай қосымша ақы Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңмен қарастырылмаған жағдайда ke2 0-ге тең болады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 23.05.2024 № 116 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды есептеу алгоритмі 1-параграф. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды есептеу көрсеткіштері

      7. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің (бұдан әрі – ТжКБ және ОБК) жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін есептеуде мына көрсеткіштер қолданылады:

      1) МЖМБС-ға сәйкес аптадағы сағаттар саны:

      40,91 сағат – жеке сабақтарды көздейтін білім беру бағдарламаларын қоспағанда, білім беру бағдарламаларын меңгерудің барлық нормативтік мерзімдері бойынша аптадағы орташа сағат саны;

      32,45 часа – жеке сабақтарды көздейтін білім беру бағдарламаларын меңгерудің барлық нормативтік мерзімдері бойынша аптадағы орташа сағат саны;

      2) "Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары және үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № 384 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11690 болып тіркелген) бекітілген Үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі – ҮОЖ2) сәйкес аптадағы сағат саны:

      7,2 сағат – зертханалық жұмыстарды, практикалық сабақтарды өткізу жағдайында аптадағы орташа сағаттар саны;

      8,46 сағат – білім беру бағдарламаларын меңгерудің барлық нормативтік мерзімдері бойынша аптадағы орташа сағат саны;

      3) "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 11 қыркүйектегі № 369 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8828 болып тіркелген) бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес топтардың есептелген толықтырылуы:

      оқытудың күндізгі нысанында 25 адам;

      зертханалық жұмыстарды, практикалық сабақтарды, оның ішінде дене тәрбиесі және жекелеген пәндер бойынша сабақтар өткізу жағдайында оқу топтары 13 адамнан аспайтын шағын топтарға бөлінеді;

      4) Педагог мәртебесі туралы заңның 8-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтар үшін бір аптаға нормативтік оқу жүктемесі:

      ТжКБ және ОБК-нің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін 18 сағат.

2-параграф. ТжКБ және ОБК-ның жан басына шаққандағы қаржыландыруды есептеу алгоритмі

      8. ТжКБ және ОБК-ның жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін және жан басына қаржыландыру нормативін есептеу мына формулалар бойынша жүргізіледі:

      1) Vжқ – ТжКБ және ОБК ұйымдарын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың жылдық көлемі, мына формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      Nz – бір жылда бір білім алушыға арналған жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі;

      z – шығындылық топтары бойынша оқыту бейінінің индексі;

      Контz – білім беру бейіні бойынша білім алушылардың орташа жылдық контингенті мына формула бойынша есептеледі:

      Контz = жыл басына білім алушылардың саны + оқуға жаңадан қабылданатындардың 1/3 – күтілетін түлектер санының 1/2 - оқудан шығатындардың болжалды саны + оқуға келетін білім алушылардың болжалды саны;

      Бір ТжКБ және ОБК ұйымында білім беру бейіндерінің бірнеше түрі болған жағдайда жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі білім беру бейіндері бойынша бір білім алушыға есептелген жан басына шаққандағы нормативтің негізінде жиынтық түрде анықталады;

      2) Nz – бір жылда бір білім алушыны қаржыландырудың жан басына шаққандағы нормативі мына формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      Еz – бір жылда бір білім алушыға есептегендегі білім беру процесі шығыстарының нормасы.

      Ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушылар үшін Еz 2-ге көбейтіледі;

      L – бір жылда бір білім алушыға есептегендегі білім беру ортасы шығыстарының нормасы;

      3) Еz – білім беру бейіндері бойынша бір жылда бір білім алушыға есептегендегі білім беру процесі шығыстарының нормасы мына формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      Т – білім беру процесіне қатыстырылған басқарушылық персоналдың және педагогтердің бір жылда бір білім алушыға есептелген жылдық еңбекақы төлеу қоры;

      Y – бір жылда бір білім алушыға 5 АЕК-ті құрайтын оқулықтар, оқу-әдістемелік әдебиет және құралдар;

      Xz – бір жылда бір білім алушыға есептегендегі білім беру процесімен байланысты, оның ішінде өндірістік оқыту және кәсіби тәжірибеден өту кезіндегі оқу шығыстары. Xz мәні "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 500 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17564 болып тіркелген) сәйкес анықталады және мынаны құрайды:

      А тобы (Білім беру: Мектепке дейінгі мекемелерге тәрбиешілерді даярлау, Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау, Кәсіптік оқытуды қоспағанда, пәндік мамандандырылған мұғалімдерді даярлау,

      Өнер және гуманитарлық ғылымдар: Бейнелеу өнері: Каллиграфия, Дін және теология; Әлеуметтік ғылымдар және ақпарат: Кітапханалық іс, ақпаратты өндеу және мұрағаттану; Кәсіпкерлік, басқару және құқық: Құқық; Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары: Стандарттау, метрология және сертификаттау) – 6 АЕК;

      Б тобы (Білім беру: кәсіптік оқыту; Өнер және гуманитарлық ғылымдар: Тілдерді оқу, Аудиовизуалды құралдар және медиа өндіріс; Кәсіпкерлік, басқару және құқық: Құқықтан басқасының барлығы; Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика; Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар; Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары: Механика және металл өңдеу: Слесарлық іс; Электроника және автоматтандыру; Медициналық техниканы монтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу; Сандық техника; Ауыл, орман, балықшаруашылығы және ветеринария; Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету: Әлеуметтік жұмыс және кеңес беру; Қызметтер: Тамақтандыруды ұйымдастыру, Туризм және Туризм және Дестинацияны басқару мамандықтарын қоспағанда) – 8 АЕК;

      В тобы (Өнер және гуманитарлық ғылымдар: Сән, интерьер дизайны және өнеркәсіптік дизайны, Қолөнер өндірісі: қалпына келтіру, зергерлік іс, Музыка және театр өнері: Әлеуметтік-мәдени қызмет, Халықтық көркем шығармашылығы; Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика: Математика және статистика; Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары: Стандарттау, метрология және сертификаттау, Слесарлық іс, Медициналық техниканы монтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу, Сандық техника, Теңіз техникасын электрорадиолық монтаждау мамандықтарынан басқасының барлығы; Қызметтер: Туризм және Әскери іс және қауіпсіздік мамандықтарынан басқасының барлығы, оның ішінде Тамақтандыруды ұйымдастыру мамандығы) – 19 АЕК;

      Г тобы (Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары: Cу көлігін пайдалану; Автокөлік құралдары, теңіз және әуе кемелері: Теңіз техникасын электрорадиолық монтаждау) – 44 АЕК;

      4) Т мына формула бойынша есептеледі:






      мұндағы:

      Тнег. – ТжКБ және ОБК ұйымдарының білім беру процесіне қатыстырылған басқарушылық персоналдың және педагогтердің өтемақылық төлемдерсіз жылдық еңбекақы төлеу қоры (зертханалық жұмыстарды және практикалық, жеке сабақтарды қоса есептегенде);

      Төтем. - ТжКБ және ОБК қызметкерінің жыл сайынғы төленетін еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысын төлеуге арналған шығыстардың жылдық көлемі;

      12 - айлық нормативтік шығындарды есептеуден жылдық нормативтік шығындарды есептеуге көшу үшін бір жылдағы айлар саны;

      W - ТжКБ және ОБК ұйымдары педагогтерінің және басқарушылық персоналының айына еңбекақы төлеу қоры;

      е - Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңға сәйкес экологиялық қасірет аймағында тұрғаны үшін жыл сайынғы ақысы төленетiн қосымша демалысқа үстемеақы коэффициенті - 0,30;

      Егер мұндай қосымша ақы Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңда қарастырылмаған жағдайда е 0-ге тең болады;

      r - Ядролық сынақ полигонында зардап шеккендерді қорғау туралы заңға сәйкес радиациялық қауіпті аймақтарда тұрғаны үшін жыл сайынғы ақысы төленетiн қосымша демалысқа үстемақы коэффициенті - 0,33.

      Егер мұндай қосымша ақы Ядролық сынақ полигонында зардап шеккендерді қорғау туралы заңда қарастырылмаған жағдайда r 0-ге тең болады;

      sno - әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар коэффициенті - 1,0855;

      mp - жұмыс берушінің міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымдарының коэффициенті:

      2020 жылға - 1,02;

      2021 жылға - 1,02;

      2022 және одан кейінгі жылдарға - 1,03;

      mv - топтардың есептелген толықтырылуына байланысты болатын сағат-білім алушы коэффициенті (нормативті оқу жүктемесін есепке алғандағы бір білім алушыға шаққандағы оқу сағаттары санының ара салмағы);

      mvg - сағат-білім алушы коэффициенті (зертханалық жұмыстарды және практикалық сабақтарды өткізуді есепке алғандағы бір білім алушыға шаққандағы оқу сағаттары санының ара салмағы);

      g - зертханалық және тәжірибелік сабақтардың индексі;

      mvi - сағат-білім алушы коэффициенті (бір білім алушыға арналған жеке сағаттар санының нормативтік оқу жүктемесіне арақатынасы);

      Эөтем1 - Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңға сәйкес педагогтерге және білім беру процесіне қатыстырылған басқарушы персоналға жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қолданыстағы төлемнен тыс сауықтыруға арналған материалдық көмек мынадай формула бойынша есептеледі:



      Егер мұндай қосымша ақы Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңда қарастырылмаған жағдайда Эөтем1 0-ге тең болады;

      5) W - білім беру процесіне қатыстырылған педагогтердің және басқарушылық персоналдың айына еңбекақы қоры мына формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      ЛА - білім беру процесіне қатысатын негізгі персоналдың БЛА-ны 5,03 коэффициентіне көбейту жолымен анықталатын лауазымдық айлықақысы;

      ks - мамандарға ауылдық жердегі жұмыс үшін төленетін қосымша ақы коэффициенті мынаны құрайды:

      қалалық ТжКБ ТжКБ және ОБК ұйымы үшін - 1;

      ауылдық ТжКБ және ОБК ұйымы үшін - 1,25;

      f - білім беру процесіне қатысатын басқарушылық персоналдың еңбекақы төлеу қорын есептеу коэффициенті - 1,084;

      Қеж1 - білім беру процесіне қатысатын персоналдың ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы коэффициенті - 0,611;

      u - оқытушыларға және өндірістік оқыту шеберлеріне қосымша ақы коэффициенті:

      2020 жылғы 31 тамызға дейін - 0,499;

      2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап - 0,571;

      ke1 - Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңға сәйкес экологиялық қасірет аймағында тұрғаны үшін қосымша ақы коэффициенті - 1,83.

      Егер мұндай қосымша ақы Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңда қарастырылмаған жағдайда ke1 0-ге тең болады;

      R - Ядролық сынақ полигонында зардап шеккендерді қорғау туралы заңға сәйкес радиациялық қауіпті аймақта тұрғаны үшін қосымша ақы - 1,5 АЕК.

      Егер мұндай қосымша ақы Ядролық сынақ полигонында зардап шеккендерді қорғау туралы заңда қарастырылмаған жағдайда R 0-ге тең болады;

      6) mv мына формула бойынша есептеледі: 



      mvg мына формула бойынша есептеледі:




       mv i мына формула бойынша есептеледі:




      мұндағы:

      t - ТжКБ және ОБК-ның МЖМБС бойынша аптадағы сағаттар саны;

      tg – ҮОЖ 2 бойынша аптадағы зертханалық жұмыстар мен практикалық сабақтардың сағаттар саны;

      ti - ҮОЖ 2 бойынша аптадағы жеке сабақтардың сағаттар саны;

      i - жеке сабақтар индексі;

      n - аптадағы нормативтік оқу жүктемесі;

      d - топтардың есептелген толықтырылуы;

      dg - зертханалық жұмыстарды және практикалық сабақтарды өткізу кезіндегі топтардың толықтырылуы.

      Жеке сағаттар үшін mv i,-ны есептеуде d 1-ге тең.

      Оқу жоспарында жеке сағаттар болмаған жағдайда mvi 0-ге тең болады;

      7) Dual - дуальды оқыту кезінде ТжКБ және ОБК ұйымдарының кәсіпорындарға (ұйымдарға) беретін шығыстары жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі шегінде мына формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      Zр - 2,7 БЛА-ны құрайтын бір білім алушыға шаққандағы өндірістік оқыту шеберлерінің еңбекақы төлеу нормасы;

      b - жылына 1013 сағатты құрайтын дуальды оқыту кезіндегі өндірістік оқыту мен кәсіптік практика сағаттарының орташа жоспарлы саны;

      Chf - дуалды оқыту кезіндегі өндірістік оқыту мен кәсіптік практика сағаттарының нақты саны;

      Кy - сол кәсіпорында (ұйымда) өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өтіп жатқан білім алушылардың нақты саны.

      Осы тармақшаның талаптары дуальды оқытуға шығындарды өз бетінше көтеретін кәсіпорындарға (ұйымдарға) қолданылмайды;

      8) L - білім беру ортасы шығыстарының нормасы мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      Q - білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың бір жылда бір білім алушыға есептелген жылдық еңбекақы төлеу қоры;

      S - коммуналдық қызметтерді, интернет қызметтерін тұтыну көлемдеріне және өңірлердегі олардың тарифтеріне байланысты ерекшеленетін бір жылда бір білім алушыға есептелген ТжКБ және ОБК ұйымдарын ағымды күтіп-ұстауға арналған шығыстардың нормасы:

      Маңғыстау облысы, Алматы қаласы үшін - 17 АЕК;

      Алматы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан облыстары, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары үшін - 22 АЕК;

      Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары үшін - 29 АЕК;

      Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстары үшін - 39 АЕК;

      9) Q мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:



      Qнег. - білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың өтемақы төлемдерісіз жылдық еңбекақы төлеу қоры;

      Qөтем. - білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына сауықтыруға арналған жәрдемақыларды төлеуге шығыстардың жылдық көлемі;

      Эөтем2 - экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккендерді әлеуметтік қорғау туралы заңға сәйкес білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қолданыстағы төлемнен тыс сауықтыруға арналған материалдық көмек мынадай формула бойынша есептеледі:



      Егер осы қосымша ақы Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңда көзделмеген жағдайда Эөтем2 0-ге тең болады;

      10) F - білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың еңбекақы төлеу қоры, айына мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      h - білім беру процесіне қатыспайтын білікті персонал жалақысының педагогтер еңбекақысына үлес салмағының коэффициенті - 1,423;

      q - қызметкерлердің еңбек демалысына жыл сайын төленетін сауықтыруға арналған төлем көзделмеген білім беру процесіне қатыспайтын білікті емес персонал жалақысының үлес салмағының коэфициенті - 1,161;

      Қеж2 - білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы коэффициенті - 0,258;

      ke2 - білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңға сәйкес экологиялық қасірет аймағында тұрғаны үшін қосымша ақы коэффициенті - 0,775.

      Егер мұндай қосымша ақы Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңмен қарастырылмаған жағдайда ke2 0-ге тең болады.

      ТжКБ және ОБК білім беруді қаржыландырудың жан басына шаққандағы нормативі "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өтуші білім алушыларға қолданылмайды.

      11) кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы ТжКБ және ОБК-ның жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі (Vk) мына формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      Kz - бір білім алушыға арналған кредиттердің жоспарланған жылдық саны;

      Nz. cred - ТжКБ және ОБК білім беру бейіндері бөлінісіндегі бір академиялық кредит құнының нормативі.

      Бір ТжКБ және ОБК ұйымында білім берудің бірнеше бейіні іске асырылатын жағдайда кредиттік оқыту технологиясы ескерілген жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі білім беру бейіндері бойынша кредиттік оқыту технологиясы ескеріле отырып, жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемдерін қосу жолымен анықталады;

      12) Nz cred - ТжКБ және ОБК білім беру бейіндері бөлінісіндегі бір академиялық кредит құнының нормативі мына формула бойынша есептеледі:

      Nz cred = Nz /69

      мұндағы:

      69 – консультациялар мен факультативтік сабақтарға арналған сағаттар ескеріле отырып, МЖМБС-ға сәйкес айқындалған академиялық кредиттер санының есептік орташа жылдық көрсеткіші.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.03.2022 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5-тарау. Кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін есептеу алгоритмі

      Ескерту. 5-тарау алып тасталды – ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.07.2023 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады