БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22264 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережесінде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Жұмыс тобының сандық құрамын республикалық деңгейде мемлекеттік органның басшысы немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің атқарушы органының басшысы, жергілікті деңгейде мәслихат төрағасы жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсты өткізгенге дейін айқындайды.
Жұмыс тобының құрамында мемлекеттік органнан, квазимемлекеттік сектор субъектісінен өкілдік ету жұмыс тобы мүшелері жалпы санының үштен бірінен аспайды. Осы өкілдіктің дербес құрамын мемлекеттік органның басшысы, квазимемлекеттік сектор субъектісінің атқарушы органының басшысы өз бетінше айқындайды.
Жергілікті деңгейде жұмыс тобының құрамында азаматтық қоғамнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрайды және коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Жұмыс тобының бірінші отырысын республикалық деңгейде – тиісті мемлекеттік органның басшысы, квазимемлекеттік сектор субъектісінің атқарушы органының басшысы, жергілікті деңгейде мәслихат төрағасы жүргізеді.
Жұмыс тобының келесі отырыстарын жұмыс тобының басшысы өткізеді.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Республикалық деңгейде жұмыс тобының құрамын– тиісті мемлекеттік органның бірінші басшысы, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде - квазимемлекеттік сектор субъектісінің атқарушы органының басшысы, ал жергілікті деңгейде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мәслихат төрағасы бекітеді.";
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Қоғамдық кеңесте мемлекеттік органнан, жергілікті өкілді органнан, квазимемлекеттік сектор субъектісінен өкілдік етуді мемлекеттік органның басшысы, мәслихат төрағасы, квазимемлекеттік сектор субъектісінің атқарушы органының басшысы конкурс өткізбей бекітеді.";
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Мемлекеттік органнан, квазимемлекеттік сектор субъектісінен өкілдік ететін Қоғамдық кеңес мүшесінің өкілеттіктері тоқтатылған кезде Қоғамдық кеңестің өкілеттіктерін тоқтатқан мүшесінің орнына жаңа мүшесін қосу туралы шешімді тиісті мемлекеттік органның басшысы, тиісті квазимемлекеттік сектор субъектісінің атқарушы органының басшысы, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік мәслихатының төрағасы қабылдайды.".
2. "Қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 73 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22263 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларында:
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"39. Тыңдау Заңның 18-бабы 4-тармағында көрсетілген өкілеттіктерге сәйкес республикалық деңгейдегі мемлекеттік органның бірінші басшысының, квазимемлекеттік сектор субъектісінің атқарушы органы басшысының баяндамасын және Қоғамдық кеңес төрағасының қосымша баяндамасын, ал аумақтарда әкімшілік – аумақтық бірлік әкімінің баяндамасын және мәслихат төрағасының, Қоғамдық кеңес төрағасының қосымша баяндамаларын қамтиды.".
3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі |
Д. Қыдырәлі |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғарғы
білім министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызмет)
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі