Уақытша теңгерімдеу төлемақысын есептеу және төлеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 11 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 27 қаңтарда № 31793 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 124-6-бабының 10-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Уақытша теңгерімдеу төлемақысын есептеу және төлеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 26.05.2023 № 83 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің м.а.
Т. Жаксылыков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің м.а.
2023 жылғы 26 қаңтардағы
№ 11 Бұйрықпен
бекітілген

Уақытша теңгерімдеу төлемақысын есептеу және төлеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Уақытша теңгерімдеу төлемақысын есептеу және төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 124-6-бабының 10-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және мыналарға:

      1) жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторына (бұдан әрі – Оператор);

      2) Ұлттық инфрақұрылым операторына бағытталатын Ұлттық жүк тасымалдаушының уақытша теңгерімдеу төлемақысын есептеу және төлеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер:

      1) қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің босату бағасы (бұдан әрі – босату бағасы) – қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өндіру және (немесе) өткізу үшін қолданатын баға;

      2) уақытша теңгерімдеу төлемақысы (BF) – Ұлттық жүк тасымалдаушының жолаушылар тасымалдарын қолдауға бағытталған шығыстары;

      3) уақытша теңгерімдеу төлемақысы (BF1) – жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторына бағытталатын уақытша теңгерімдеу төлемақысы;

      4) уақытша теңгерімдеу төлемақысы (BF2) – Ұлттық инфрақұрылым операторына бағытталатын уақытша теңгерімдеу төлемақысы;

      5) уәкілетті органның ведомствосы – қоғамдық маңызы бар нарықтар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы.

2-тарау. Уақытша теңгерімдеу төлемақысын есептеу тәртібі

      3. Уақытша теңгерімдеу төлемақысының (BF) сомасын айқындауға арналған материалдар мен есептеулерді Оператор уәкілетті органның ведомствосына жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш көрсетілетін қызметтеріне шекті бағаны келісуге арналған ақпаратпен бір уақытта ұсынады.

      4. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 218 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20468 болып тіркелген) Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар қозғалысында локомотив тартымы операторының шығындарын ұзақмерзімді субсидиялау көлемін анықтау әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 230 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20559 болып тіркелген) Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар қозғалысында локомотив тартымы операторының шығындарын ұзақмерзімді субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – № 230 қағидалар) сәйкес уақытша теңгерімдеу төлемақысының сомасы (BF1) Оператордың залалдарын/шығындарын субсидиялау көлемдері айқындалғаннан кейін айқындалады.

      Жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш көрсетілетін қызметтеріне шекті бағаны келісуге арналған ақпаратты қарау кезінде уәкілетті органның ведомствосы теміржол көлігі саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органнан мемлекеттік бюджет қаражатынан жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторын ұзақ мерзімді субсидиялау туралы ақпаратты сұратады. Теміржол көлігі саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган уәкілетті органның ведомствосына сұратылған ақпаратты сұрау салуды алған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде ұсынады.

      Уақытша теңгерімдеу төлемақысының сомасы (BF1) Оператордың шығыстары туралы жиынтық деректерге сәйкес Оператор шығындарының жылдық жалпы сомасы негізге алына отырып айқындалады.

      Уақытша теңгерімдеу төлемақысының сомасы (BF1) мына формула бойынша есептеледі:

      BF1= (C + IP + LP) - (I + S),

      мұнда:

      С – амортизациялық аударымдарды қоспағанда, Оператордың шығыстар туралы жиынтық деректерге сәйкес шығыстары;

      IP – қарыз қаражатын есепке алмағанда, жаңа активтерді құруға, қолданыстағы активтерді кеңейтуге, жаңартуға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға бағытталған инвестициялық бағдарлама (жоба);

      LP – өтеуге, инвестициялық бағдарламаны іске асыру үшін тартылған қарыздар бойынша негізгі борыштың сомасы;

      I – локомотивтік тартқыш көрсетілетін қызметтеріне босату бағалары бойынша Оператордың болжамды кірісінің сомасы;

      S – Әдістемеге және № 230 қағидаларға сәйкес есептелген мемлекеттік бюджеттен берілетін субсидиялар сомасы.

      Жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш көрсетілетін қызметтеріне босату бағасы өзгерген жағдайда уәкілетті органның ведомствосы уақытша теңгерімдеу төлемақысының (BF1) сомасын түзетеді.

      5. Уақытша теңгерімдеу төлемақысының (BF2) сомасы магистральдық теміржол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне бекітілген тарифтік сметада көзделген кірістер шегінде, соңғы 5 жылдағы Ұлттық инфрақұрылым операторының жолаушыларды тасымалдаудан түскен кірістерінің орташа нақты сомасын есептеумен айқындалады.

      6. Уақытша теңгерімдеу төлемақысын қалыптастыру кезінде локомотивтік тартқыштың реттеліп көрсетілетін қызметімен байланысты, мыналарды:

      тауарларды өндіруге және қызметтерді ұсынуға арналған шығыстар;

      жалпы және әкімшілік шығыстар;

      сыйақы төлеуге арналған шығыстар;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14778 болып тіркелген) (бұдан әрі – Баға белгілеу қағидалары) сәйкес белгіленген тәртіппен келісілген инвестициялық бағдарламаны іске асыруға арналған;

      негізгі борышты өтеуге арналған шығыстарды қамтитын шығыстар ескеріледі.

      7. Оператор шығыстарының сомасын қалыптастыру кезінде Баға белгілеу қағидаларына сәйкес шығыстар сметасына сәйкес Оператордың шығындары қабылданады.

3-тарау. Уақытша теңгерімдеу төлемақысын төлеу тәртібі

      8. Уақытша теңгерімдеу төлемақысын (BF) төлеудің көзі Ұлттық жүк тасымалдаушының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік қатынаста теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау бойынша қызметтен алатын кірісі болып табылады.

      9. Уақытша теңгерімдеу төлемақысының (BF) төлеуге жоспарланған сомасын Ұлттық жүк тасымалдаушы бір жыл ішінде тең көлемде айларға бөледі.

      10. Уақытша теңгерімдеу төлемақысын (BF) Операторға және Ұлттық инфрақұрылым операторына төлеуді Ұлттық жүк тасымалдаушы ай сайын 10-ы күніне дейінгі мерзімде жүргізеді.

Об утверждении Правил расчета и выплаты временной балансирующей платы

Приказ и.о. Министра национальной экономики Республики Казахстан от 26 января 2023 года № 11. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 января 2023 года № 31793.

      Примечание ИЗПИ!
Порядок введения в действие см. п.4

      В соответствии с подпунктом 10-2) статьи 124-6 Предпринимательского кодекса Республики Казахстан ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила расчета и выплаты временной балансирующей платы.

      2. Комитету по регулированию естественных монополий Министерства национальной экономики Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства национальной экономики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на правоотношения, возникшие с 1 января 2022 года.

      Сноска. Пункт 4 - в редакции приказа Министра национальной экономики РК от 26.05.2023 № 83 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      И.о. министра
Национальной экономики
Республики Казахстан
Т. Жаксылыков

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство индустрии и
инфраструктурного развития
Республики Казахстан

  Утверждены
приказом И.о. министра
Национальной экономики
Республики Казахстан
от 26 января 2023 года № 11

Правила расчета и выплаты временной балансирующей платы

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила расчета и выплаты временной балансирующей платы (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 10-2) статьи 124-6 Предпринимательского кодекса Республики Казахстан (далее – Кодекс) и определяют порядок расчета и выплаты временной балансирующей платы Национальным перевозчиком грузов, направляемой:

      1) оператору локомотивной тяги в пассажирском движении (далее – Оператор);

      2) Национальному оператору инфраструктуры.

      2. Основные понятия и термины, используемые в настоящих Правилах:

      1) отпускная цена субъекта общественно значимого рынка (далее – отпускная цена) – цена товара (работы, услуги), применяемая субъектом общественного значимого рынка для его производства и (или) реализации;

      2) временная балансирующая плата (BF) – расходы Национального перевозчика грузов, направленные на поддержку пассажирских перевозок;

      3) временная балансирующая плата (BF1) – временная балансирующая плата, направляемая оператору локомотивной тяги в пассажирском движении;

      4) временная балансирующая плата (BF2) – временная балансирующая плата, направляемая Национальному оператору инфраструктуры;

      5) ведомство уполномоченного органа – ведомство государственного органа, осуществляющего руководство в сферах общественно значимых рынков.

Глава 2. Порядок расчета временной балансирующей платы

      3. Материалы и расчеты для определения суммы временной балансирующей платы (BF) предоставляются Оператором в ведомство уполномоченного органа одновременно с информацией на согласование предельной цены на услуги локомотивной тяги в пассажирском движении.

      4. Сумма временной балансирующей платы (BF1) определяется после определения объемов субсидирования убытков/затрат Оператора в соответствии с Методикой определения объемов долгосрочного субсидирования расходов оператора локомотивной тяги в пассажирском движении по социально значимым сообщениям, утвержденной приказом Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 22 апреля 2020 года № 218 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 20468) (далее – Методика) и Правилами долгосрочного субсидирования расходов оператора локомотивной тяги в пассажирском движении по социально значимым сообщениям, утвержденными приказом Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 24 апреля 2020 года № 230 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 20559) (далее – Правила № 230).

      При рассмотрении представленной информации на согласование предельной цены на услуги локомотивной тяги в пассажирском движении ведомство уполномоченного органа запрашивает у государственного органа, осуществляющего руководство в сфере железнодорожного транспорта, информацию о долгосрочном субсидировании оператора локомотивной тяги в пассажирском движении из средств государственного бюджета. Государственный орган, осуществляющий руководство в сфере железнодорожного транспорта, предоставляет запрашиваемую информацию в ведомство уполномоченного органа в течение 5 (пяти) календарных дней со дня получения запроса.

      Сумма временной балансирующей платы (BF1) определяется исходя из общей годовой суммы затрат Оператора согласно сводным данным Оператора о расходах.

      Сумма временной балансирующей платы (BF1) рассчитывается по формуле:

      BF1 = (C + IP + LP) – (I + S), где:

      C – расходы Оператора согласно сводным данным о расходах, за исключением амортизационных отчислений;

      IP – инвестиционная программа (проект), направленная на создание новых активов, расширение, обновление, реконструкцию и техническое перевооружение существующих активов, без учета заемных средств;

      LP – сумма основного долга по займам, привлеченным для реализации инвестиционной программы, к погашению;

      I – сумма прогнозируемых доходов Оператора по отпускным ценам на услуги локомотивной тяги;

      S – сумма субсидий из государственного бюджета, рассчитанная в соответствии с Методикой и Правилами № 230.

      В случае изменения отпускной цены на услуги локомотивной тяги в пассажирском движении, ведомство уполномоченного органа корректирует сумму временной балансирующей платы (BF1).

      5. Сумма временной балансирующей платы (BF2) определяется из расчета средней фактической суммы доходов Национального оператора инфраструктуры от пассажирских перевозок за последние 5 (пять) лет, в пределах доходов, предусмотренных в утвержденной тарифной смете на регулируемые услуги магистральной железнодорожной сети.

      6. При формировании временной балансирующей платы учитываются расходы, связанные с регулируемой услугой локомотивной тяги, включающие:

      расходы на производство товаров и предоставление услуг;

      общие и административные расходы;

      расходы на выплату вознаграждений;

      на реализацию инвестиционной программы, согласованной в установленном порядке в соответствии с Правилами ценообразования на общественно значимых рынках, утвержденными приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 1 февраля 2017 года № 36 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 14778) (далее – Правила ценообразования);

      на погашение основного долга.

      7. При формировании суммы расходов Оператора принимаются затраты Оператора согласно смете расходов в соответствии с Правилами ценообразования.

Глава 3. Порядок выплаты временной балансирующей платы

      8. Источником выплаты временной балансирующей платы (BF) являются доходы Национального перевозчика грузов от деятельности по перевозке грузов железнодорожным транспортом в транзитном сообщении через территорию Республики Казахстан.

      9. Планируемые к выплате суммы временной балансирующей платы (BF) распределяются Национальным перевозчиком грузов помесячно в течение года в равном объеме.

      10. Выплата временной балансирующей платы (BF) производится Национальным перевозчиком грузов Оператору и Национальному оператору инфраструктуры ежемесячно в срок до 10 числа.