"Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері органдарының террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әкімшілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін оны орналастыруды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы |
Д. Жазыкбаев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет |
|
істері агенттігі төрағасы 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 22 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері органдарының террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері органдарының террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқалық (бұдан әрі – Нұсқаулық) "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Заңның 10-2-бабы 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарға сәйкес әзірленді және объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі орындалуы міндетті іс-шараларды белгілейді.
2. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарына сәйкес террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызылған мемлекеттік қызмет істері органдарының объектілеріне қолданылады.
3. Осы Нұсқаулық мемлекеттік қызмет істері органдарының объектілері басшыларының және мемлекеттік қызмет істері органдары объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуы жөніндегі іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз ететін қызметкерлерінің, мемлекеттік қызмет істері органдарының объектілерін күзету бойынша қызметтер көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметі субъектілерінің басшылары мен қызметкерлерінің, ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері, терроризмге қарсы комиссиясының мүшелері мемлекеттік қызмет істері органдары объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін бақылауды, бағалауды, сондай-ақ зерделеуді жүзеге асыру кезінде пайдалануына арналған.
4. Осы Нұсқаулықта мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) аса қауіпті аймақ – терроризм актісі салдарынан қирауы объектінің қалыпты жұмыс істеуінің айтарлықтай бұзылуына, оның елеулі зақымдануына немесе ондағы аварияға әкеп соғуы мүмкін үй-жай, учаскелер және құрылымдық элементтер;
2) байланыс жүйесі – ақпаратты (ақпарат) беруге (алмасуға), объектінің күзет қызметінің жұмысын жедел басқаруға арналған техникалық құралдар мен арнайы бөлінген байланыс арналарының жиынтығы;
3) бейнебақылау жүйесі – бейнебақылау камераларының, деректерді беру желілерінің, бағдарламалық және техникалық құралдардың және бейнежазбаларды сақтау құралдарының, сондай-ақ өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыратын бағдарламалық және (немесе) техникалық басқару құралдарының жиынтығы;
4) білім алушылар – жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын меңгеретін адамдар (магистранттар, докторанттар), қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарынан өтетін мемлекеттік қызметшілер;
5) дабыл беру құралы (Дабыл түймесі) – объектідегі заңсыз іс-әрекеттер кезінде қауіп туралы алдын ала хабарлауға және ескертулерге (дыбыстық және визуалды) бағытталған техникалық құрылғы (стационарлық және қолмен);
6) жарықтандыру жүйесі – тәуліктің қараңғы уақытында бейнебақылау жүйесі үшін жарықтандырудың қажетті деңгейін және объектідегі адамдар мен көлік құралдарын көруді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін техникалық құралдар жиынтығы;
7) жеке күзет ұйымы – өзінің кәсіпкерлік қызметі ретінде күзет қызметтерін көрсететін коммерциялық ұйым;
8) келуші – мемлекеттік қызмет істері органының ғимаратына келген Қазақстан Республикасының азаматы, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;
9) күзет қызметінің субъектісі – Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелері және жеке күзет ұйымдары;
10) күзет (өткізу) бекеті (пункті) – өткізу режимін қамтамасыз етуге ғимараттың кіреберісінде, онда объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдардың өздеріне жүктелген қызметтік міндеттерін атқаруға арналған арнайы жабдықталған орын;
11) қарап тексеру жүйелері мен құралдары – тыйым салынған нәрселер мен заттардың рұқсатсыз кіргізілуін немесе тасымалдануын анықтауға арналған техникалық құралдардың жиынтығы;
12) металл детектор – бейтарап немесе әлсіз өткізгіш ортада металл заттарды олардың өткізгіштігі есебінен табуға мүмкіндік беретін электрондық аспап;
13) мемлекеттік қызмет істері органдары – уәкілетті орган, оның аумақтық бөлімшелері және уәкілетті органға ведомстволық бағынысты ұйымдар;
14) объектінің периметрі – құқық белгілейтін құжаттарға сәйкес объектінің шекарасы;
15) объектінің ықтимал қауіпті учаскелері – объектінің аумақтық бөлінген, жарылыс-өрт қаупі бар, қауіпті химиялық заттар, қару мен оқ-дәрілер, улы заттар мен препараттар, технологиялық тізбектердің, жүйелердің, жабдықтардың немесе құрылғылардың элементтері қолданылатын, сақталатын немесе пайдаланылатын аймақтары (учаскелері), құрылымдық және технологиялық элементтері, объектінің қауіпті аймақтары, сондай-ақ объектідегі адамдар көп болуы, терроризм актісінің жасалуы, өмір мен денсаулыққа залал келтіруі, аварияның, қауіпті әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеп соғатын төтенше жағдай қаупінің туындауы, кейіннен терроризм актісін жасауға пайдалану мақсатында қауіпті заттар мен материалдардың ұрлануы ықтимал орындар;
16) объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдар – объектіде күзет және өткізу режимін сақтау функциялары үшін жауап беретін мемлекеттік қызмет істері органы объектісінің қызметкерлері немесе объект бойынша күзет қызметтерін көрсету туралы мемлекеттік қызмет істері органының басшысымен шарт жасасқан күзет қызметі субъектілерінің қызметкерлері;
17) объектінің терроризмге қарсы қорғалуын бағалау – өткізу режимін, мемлекеттік қызмет істері органдарының объектілерін, сондай-ақ оларда күзет қызметін жүзеге асыратын субъектілердің терроризм актісін жасауға кедергі келтіруге, салдарларын барынша азайтуды және жоюды қамтамасыз етуге дайындығын бағалауға бағытталған іс-шара;
18) оқу (профилактикалық) іс-шаралары – персонал мен күзетті оқытудың алғашқы ден қою дағдыларын дарыту мақсатында нұсқамалар мен сабақтар түрінде жүзеге асырылатын алдын алу тәсілдері;
19) өткізу режимі – адамдардың санкциясыз кіруі (шығуы), көлік құралдарының кіруі (шығуы), мүлікті кіргізу (шығару), әкелу (әкету) мүмкіндігін болдырмайтын, белгіленген тәртіпті регламенттейтін қағидалар жиынтығы;
20) терроризмге қарсы қорғалу паспорты – объект туралы жалпы және инженерлік-техникалық мәліметтер қамтылатын, оның терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін көрсететін және террористік тұрғыдан осал объектідегі терроризм актілерінің алдын алу, жолын кесу, барынша азайту және (немесе) салдарын жою жөніндегі іс-шараларды жоспарлауға арналған ақпараттық-анықтамалық құжат;
21) террористік тұрғыдан осал объект – аса маңызды мемлекеттік объектілерге (адамдар көп жиналатын объектілерге) жататын террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесіне енгізілген терроризмге қарсы қорғауды міндетті түрде ұйымдастыруды талап ететін облыстық, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы мемлекеттік қызмет істері органдарының ғимараты;
22) терроризм актісі қатері кезінде эвакуациялау (бұдан әрі – эвакуациялау) – мемлекеттік қызмет істері органдарының объектісінің персоналын, білім алушылар мен келушілерді объектіден немесе оның бір бөлігінен қауіпсіз орындарға (үй-жайларға, жергілікті жер учаскелеріне) ұйымдасқан түрде ауыстыру;
23) хабардар ету жүйесі – террористік тұрғыдан осал объектідегі тұлғаларды төтенше жағдайлар (авария, өрт, дүлей апат, шабуыл, террористік акт) кезіндегі дабыл және қалыптасқан жағдайдағы іс-қимылдар туралы жедел хабардар етуге (жарықпен және (немесе) дыбыстық хабарлауға) арналған техникалық құралдар жиынтығы.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының м.а. 06.08.2024 № 125 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Мемлекеттік қызмет істері органдарының объектілерінде терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастырудың мақсаты терроризм актісін жасауға кедергі келтіретін (объект аумағында терроризм актісін жасау қатерін азайту) жағдайлар жасау арқылы және қызметкерлер, білім алушылар мен келушілер арасындағы шығындардың алдын алу, ықтимал материалдық залалды азайту, сондай-ақ объектілердегі ықтимал террористік қауіптердің салдарын жоюға бағытталған терроризмге қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет істері органдары объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі кешенді іс-шараларды әзірлеу және енгізу болып табылады.
6. Объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы мыналарға бағытталған жағдайлар жасау арқылы қамтамасыз етіледі:
1) объектілерге заңсыз кіруге кедергі жасау, оған мынадай шаралар қолдану арқылы қол жеткізіледі:
объектілерде өткізу режимін орнату және оны мүлтіксіз сақтау;
объектіні инженерлік-техникалық тұрғыдан объектіге заңсыз енуді анықтауға мүмкіндік беретін құралдармен нығайту;
2) терроризм актілерін дайындау және (немесе) жасау белгілерін анықтау бойынша мынандай шаралар қабылдау арқылы қол жеткізіледі:
объектілердегі және жақын маңдағы аумақтардағы жағдайға күдікті адамдар мен заттарды анықтау тұрғысынан бақылау;
объектілерді инженерлік-техникалық жарақтандыру аясында материалдық-техникалық базаны жақсарту;
3) объектілерде терроризм актілерін жасау әрекеттерінің жолын кесу, оларға мыналар бойынша шаралар қолдану арқылы қол жеткізіледі:
объект үшін ықтимал террористік сипаттағы қауіп-қатерлерді модельдеу және оларға әрекет етудің тиісті алгоритмдерін әзірлеу;
объектінің ықтимал қауіпті учаскелерін (қауіпті аймақтарды, объектіде адамдар жаппай көп болуы мүмкін орындарды) айқындау;
күзет қызметін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар күзет қызметі субъектілерімен шарт жасасу арқылы объектілерді күзетуді жүзеге асыру;
келушілер мен көлік құралдарының объектілерге кіруінің белгіленген тәртібін тұрақты бақылауды ұйымдастыру;
ұжымда лаңкестікке қарсы түсінікті қалыптастыру;
объектілердің терроризмге қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін барлық іс-шараларды бақылау;
4) объектілерде болуы мүмкін террористік қауіп-қатерлердің салдарларын барынша азайту және жою мынадай шаралар қолдану арқылы қол жеткізіледі:
мемлекеттік қызмет істері органдарының объектілерінің ерекшеліктеріне барабар террористік сипаттағы ықтимал қатерлерге әрекет ету алгоритмдерін әзірлеу;
қызметкерлерді және объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдарды терроризм актісін жасау кезіндегі және одан кейінгі іс-қимылдарына қатысты тиісті даярлау;
объектіде терроризм актісі жасалған жағдайда уәкілетті органдарының қызметкерлерін, мемлекеттік қызмет істері органдары объектісінің персоналын уақтылы хабардар етуді ұйымдастыру;
объектінің терроризмге қарсы қорғалу паспортын уақтылы жасау және өзекті жай-күйде ұстау, оны тиісінше сақтау.
7. Мемлекеттік қызмет істері органдары объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын олардың бірінші басшылары ұйымдастырады.
8. Басшының бұйрығымен объектінің терроризмге қарсы қорғалуы жөніндегі іс-шараларды өткізуді қамтамасыз ететін тұлға және оны алмастыратын адам не құрылымдық бөлімше айқындалады. Объектінің терроризмге қарсы қорғалуы жөніндегі іс-шараларды өткізуді қамтамасыз етуге жауапты қызметкерді таңдау және тағайындау соңғысының терроризмге қарсы қызметтің ерекшелігіне сәйкес келетін құзыреті мен лауазымдық міндеттері ескеріле отырып жүргізіледі. Объектінің басшысы тиісті акт шығарады, ал оның қызметтік міндеттер тізіміне жаңа функция қосылады.
9. Объектілердің басшылары немесе лауазымды адамдары жалға алынған ғимаратта (үй-жайда) орналасқан кезде жалдау шартында объектіні күзетуді жүзеге асыратын объектінің терроризмге қарсы қорғалуының паспортын әзірлейтін тараптарды айқындауды, объектіні қазіргі заманғы инженерлік-техникалық құралдармен жарақтандыруды, олардың үздіксіз жұмыс істеуін бақылауды, өткізу режимін ұйымдастыруды және іс-шараларды қаржыландыруды осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес қамтамасыз етеді.
10. Мемлекеттік қызмет істері органдарының объектілері үшін терроризмге қарсы қорғау саласындағы ұсынылатын құжаттар тізбесі осы Нұсқаулыққа 1-қосымшада келтірілген.
2-тарау. Өткізу режимін ұйымдастыруға қойылатын талаптар
11. Осы Тарау мемлекеттік қызмет істері органдарының объектілерінде объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету мақсаттарына сәйкес келетін өткізу режимін ұйымдастыруға қойылатын талаптарды айқындайды.
12. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының (бұдан әрі – Мемлекеттік басқару академиясы) ғимаратын қоспағанда, мемлекеттік қызмет істері органдары объектісіндегі өткізу және объектішілік режимдерді оның басшысы белгілейді.
Мемлекеттік басқару академиясының ғимаратында өткізу және объектішілік режимдерін ұйымдастыру тәртібі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 12 мамырдағы № 5қбпү және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 29 мамырдағы № 90қбпү бірлескен "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының әкімшілік ғимаратына және оған тиесілі аумағына өткізу және объектішілік режимдерін қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15316 болып тіркелген) бұйрығымен айқындалған.
13. Мемлекеттік қызмет істері органы объектісінің өткізу режимі:
1) құқыққа қарсы ниеті бар бөгде адамдардың объектіге немесе оның бөліктеріне (аймақтарына) кіруді;
2) объекті аумағына тез тұтанатын, уландыратын заттарды, атыс қаруын және пайдаланылуы объект пен адамдар үшін қауіп төндіруі мүмкін өзге де заттарды кіргізілуінің (шығарылуының) және әкелуінің (әкетуінің) болдырмауын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызмет істері органдарының объектілеріне алып өтуге тыйым салынған негізгі заттардың тізбесі осы Нұсқаулыққа 2-қосымшада айқындалған.
14. Мемлекеттік қызмет істері органы объектісінің өткізу режимі:
1) объектінің кіреберісінде және (немесе) (шығаберісінде) бақылау функциясы бар күзет бекетін және (немесе) өткізу пунктін ұйымдастыруды;
2) қызметкерлер мен келушілерді объектіге және (немесе) оның бөліктеріне (аймақтарына) өткізу тәртібін;
3) объектіні аймақтарға бөлу:
бірінші аймақ – қызметкерлер мен келушілерге кіруге шектеу қойылмаған ғимараттар, үй-жайлар, аумақтар;
екінші аймақ – персоналдың шектеулі құрамына және объектіге келушілерге бір жолғы рұқсаттамалар бойынша немесе объектінің персоналының ілестірілуімен үй-жайларға кіруге рұқсат етілген;
үшінші аймақ – объектінің арнайы үй-жайлары, оларға объект басшысы мен қатаң белгіленген персонал кіре алады.
4) мемлекеттік қызмет істері органы объектісі басшысының бұйрығымен бекітілген объектіге кедергісіз кіруге құқығы бар адамдардың тізбесін айқындауды;
5) мемлекеттік қызмет істері органы объектісі басшысының бұйрығымен бекітілген қол жеткізу шектелген аймақтарға кіргізілетін адамдардың тізбесін айқындауды;
6) бақылауды басқаруды қамтамасыз етуге қабілетті белгіленген тәртіпке сәйкес қызметкерлерді, білім алушыларды және келушілерді объектіге және оның аймақтарына өткізу жүйесін енгізуді және (немесе) ұйымдастыруды;
7) мемлекеттік қызмет істері органы объектісінің аумағына (аумағынан) алып өтуге, кіргізуге (шығаруға), әкелуге (әкетуге) тыйым салынған осы Нұсқаулыққа 2-қосымшада көрсетілген нәрселер мен заттардың тізбесін айқындауды;
8) объектінің қауіпті аймақтарын күзетуді;
9) объектіде адамдардың жаппай болуы ықтимал орындарды бақылауды қамтамасыз етеді.
15. Күзет қызметі субъектісімен күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасу кезінде мемлекеттік қызмет істері органы объектісінің басшысы күзет қызметтері шартында терроризмге қарсы қорғалуды және қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі күзет қызметі субъектісі іске асыратын іс-шараларды көрсетеді, оларға мыналар:
1) мемлекеттік қызмет істері органының немесе оның бір бөлігінің (аймағының) объектісіне қызметкерлерге, білім алушылар мен келушілерге рұқсат беруді ұйымдастыру;
2) мемлекеттік қызмет істері органының объектісіне көлік құралдарын өткізуді ұйымдастыру;
3) мемлекеттік қызмет істері органы объектісінің аумағында құқыққа қарсы ниеті бар адамдарды, сондай-ақ оларды іске асыру үшін пайдаланылуы мүмкін нәрселер мен заттарды анықтау;
4) объектіні күзету, қауіпті аймақтарды қорғау, оның ішінде оларда бөгде адамдардың бақылаусыз болуын болдырмау;
5) объектіде адамдар жаппай көп жиналуы ықтимал орындарды бақылау;
6) жасалған терроризм актісі нәтижесінде туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді барынша азайтуға және жоюға бағытталған бастапқы ден қою іс-шараларын орындау бойынша объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдармен оқу іс-шараларын ұйымдастыру;
7) мемлекеттік қызмет істері органының объектісінде орнатылған техникалық қорғау құралдарын тиісінше дұрыс пайдаланылуы жатады.
16. Күзет қызметі субъектісімен күзет қызметтерін көрсету туралы шарт болмаған жағдайда объектінің басшысы объектінің қызметіне бақылауды және жауапты құрылымдық бөлімшені айқындайды, сондай-ақ өткізу режимін тікелей орындауға жауапты адамдарды тағайындайды.
17. Келушілер мемлекеттік қызмет істері органдарының объектілеріне кірген кезде тексеру жүйесі мен құралдарын пайдалана отырып, оларды техникалық бақылау жүзеге асырылады. Тексеру жүйелері мен құралдары келушілердің қол жүгі мен жеке заттарын тексеру кезінде де қолданылады.
Тексеру жүйесі мен құралдары іске қосылған жағдайда объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адам техникалық бақылауға алынған келушіге көзбен шолып қарау үшін қол жүгінің мазмұнын көрсетуді ұсынады.
Келушінің техникалық бақылаудан немесе тексеруден өтпеуі оны мемлекеттік қызмет істері органдарының объектілеріне жіберуден бас тартуға негіз болып табылады.
18. Мемлекеттік қызмет істері органдарының объектілеріне жарылғыш, тез тұтанатын, уландырғыш заттарды, атыс қаруы мен пайдалануы қауіп төндіретін заттарды алып шығуды (алып өтуді) болдырмау мақсатында мемлекеттік қызмет істері органдары объектілерінің қызметкерлері, білім алушылары мен келушілеріге тасуға және (немесе) өткізуге арналған заттарды көзбен шолып қарауға, стационарлық металлодетектор, қол металлодетекторымен зерттеп-қарауға оларға талап қою арқылы көрсетілген заттардың бар-жоғына бақылауға жатады.
Жоғары қауіп төндіретін заттарды (қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды) көзбен шолып, қарап-тексеру және (немесе) металлодетектор реакциясының нәтижесінде анықталған кезде Қазақстан Республикасының аумақтық ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарына хабардар етіледі.
19. Мемлекеттік қызмет істері органының әрбір объектісінде өткізу және объектішілік режимдерді ұйымдастыру тәртібінің негізінде оған тән ерекшеліктерді ескере отырып, ұйымның басшысы немесе күзет бастығы күзет қызметкерінің лауазымдық нұсқаулығының вариативтік бөлігін әзірлейді, онда міндетті түрде мыналар:
1) объектінің аумағына (аумағынан) автокөлік құралдарын өткізу кезінде әкелінетін (әкетілетін) жүктердің тиісті құжаттарын және сипатын тексеру;
2) қызметтік істер бойынша объектіге баратын адамдардың құжаттарын және басқа ұйымдардан келу мақсатын тексеруді, келушілер кітабына тиісті жазбалар жасау;
3) аумақты ішкі үй-жайларды тексеру, объектінің периметрін тексеру және қоршауларды бүліну тұрғысынан тексеру, бөгде, жарылыс қауіпті және күдікті заттарды анықтау тұрғысынан (аралау кестесіне сәйкес) тұрақты аралау;
4) мемлекеттік қызмет істері органы объектісінің басшысына және өзінің тікелей басшысына барлық анықталған бұзушылықтар туралы дереу баяндау;
5) белгіленген қағидаларды бұза отырып, объектінің аумағына кіруге және (немесе) мемлекеттік қызмет істері органы объектісінің периметріне тікелей жақын жерде ұзақ уақыт тұрақталған белгісіз автокөлік табылған кезде қызметкерлерге қатысты құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасауға тырысатын адамдар анықталған кезде нақты объектінің жарақтандырылуын негізге ала отырып, объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдардың іс-қимылдары қарастырылады.
20. Азаматтардың құқықтарын шектейтін, объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдары талаптарының заңдылығын түсіндіретін өткізу режимінің негізгі қағидалары туралы хабарламаларды әкімшілік объектінің кіреберісінде, баршаға көрінетіндей жерде орналастырады.
21. Агенттіктің аумақтық органдарының және облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Мемлекеттік басқару академиясы филиалдарының объектілерінде күзетуді және өткізу режимін жүзеге асыру кезінде терроризмге қарсы қорғалу деңгейін арттыру үшін объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі кезекші бөлімшелерді террористік тұрғыдан осал объектілерді күзету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру құжаттары бар жеке күзет ұйымдарының қызметкерлерімен күшейтуі мүмкін.
22. Мемлекеттік қызмет істері органдарының басшыларына жеке күзет ұйымдарымен шарт жасасқан жағдайда күзет қызметтерін көрсетуге объектінің терроризмге қарсы қорғалуы жөніндегі мынадай іс-шаралардың орындалуын:
1) мемлекеттік қызмет істері органының әкімшілік ғимаратында объектінің басшысы бекіткен және күзет қызметі субъектісімен келісілген өткізу режимінің сақталуын;
2) объектіні күзетуді, мүліктің, материалдық құндылықтардың сақталуы және қоғамдық тәртіптің сақталуын;
3) объектінің ғимаратына және қызметтік үй-жайларына бөгде адамдардың кіруін болғызбауын;
4) тиісті рұқсатсыз тыйым салынған заттарды, сондай-ақ тауар-материалдық құндылықтарды рұқсатсыз кіргізуді (алып кетуді), әкелуді (әкетуді), алып өтуді болдырмауын;
5) залал келтіруге ықпал ететін қауіпсіздік қатерлерін және ықтимал қауіпті жағдайларды уақтылы анықтау, сондай-ақ объектіде және оларға іргелес аумақта әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда тиімді ден қоюды;
6) объектіге мемлекеттік қызмет істері органы қызметкерінің алып жүруінсіз келушілердің өз бетінше өтуіне жол бермеуді қамтамасыз ету қажет.
3-тарау. Профилактикалық және оқу іс-шараларын ұйымдастыруға қойылатын талаптар
23. Профилактикалық іс-шаралардың мақсаты мемлекеттік қызмет істері органының объектісінде терроризм актісін жасауды барынша азайтуға ықпал ететін жағдайларды жасау болып табылады.
24. Оқу іс-шараларының мақсаты мемлекеттік қызмет істері органы объектісінің қызметкерлері мен білім алушыларының терроризмге қарсы санасын қалыптастыру, терроризм актісінің жасалу қаупі төнген кезде және ол жасалғаннан кейін сауатты және оңтайлы мінез-құлық дағдыларын пысықтау болып табылады.
25. Профилактикалық және оқу іс-шаралары нұсқамалар, сабақтар (практикалық және теориялық) және эксперименттер:
1) объектінің қызметкерлері мен білім алушылар;
2) объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдармен жүргізіледі.
26. Профилактикалық және оқу іс-шараларын жоспарлау объектінің қызметкерлерімен, білім алушыларымен және объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдармен объектінің терроризмге қарсы қорғалуына жауапты тұлға жүзеге асырады.
27. Осы іс-шараларды өткізуге объект орналасқан жердегі әкімшілік-аумақтық бірліктің терроризмге қарсы комиссиясымен келісім бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ объектінің неғұрлым дайындалған қызметкерлері тартылуы мүмкін.
28. Мемлекеттік қызмет істері органы объектілерінің терроризмге қарсы қауіпсіздігі мәселелері бойынша профилактикалық және оқу іс-шаралары тақырыптарының нұсқалары осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасында келтірілген.
29. Шарт жасасқан күзет қызметі субъектісінің қызметкерлері қатарынан объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдармен профилактикалық және оқу іс-шараларын жоспарлау және өткізу күзет қызметтерін көрсету туралы күзет қызметі субъектісінің басшысы ұйымдастырады.
30. Объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдармен олардың инженерлік-техникалық құралдарды пайдалану дағдыларын, үй-жайларды қарап тексеру техникасын алуы және (немесе) жетілдіруі бойынша және жарылғыш құрылғылардың орнатылуы мүмкін орындарды анықтау бойынша қосымша сабақтар өткізіледі.
31. (Практикалық және теориялық) сабақтар мемлекеттік қызмет істері органы объектісінің басшысы немесе күзет қызметі субъектісінің басшысы бекіткен өткізу кестелеріне сәйкес жүргізіледі.
32. Объектінің терроризмге қарсы қорғалуы бойынша іс-шараларды өткізуге жауапты адам қызметкерлер мен білім алушылардың жекелеген топтары үшін іс-шараларды олардың қызметін ескеріп жоспарлайды.
33. Теориялық сабақтар мемлекеттік қызмет істері органының қызметкерлері, объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдар және білім алушылар арасында терроризмге қарсы іс-қимыл саласында қажетті білім алуға, терроризм идеологиясының әртүрлі көріністерінің қабылданбауына және терроризмге қарсы сананы қалыптастыруға бағытталған.
34. Практикалық сабақтар мемлекеттік қызмет істері органдары қызметкерлерінің, білім алушылардың және объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдардың іс-қимылдарының барынша үйлесімділігін және нақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.
35. Объект аумағында және үй-жайларда терроризм актісінің жасалу қаупі туындаған кездегі іс-қимылдар бойынша практикалық сабақтар объектінің барлық ұжымын қамтумен терроризмге қарсы комиссияның үйлестіруімен кемінде жылына бір рет жүргізіледі.
36. Террористік сипаттағы неғұрлым ықтимал қауіптерге сүйене отырып объектіде, объектінің ерекшеліктерінде (объектінің түрі, іске асырылатын оқыту бағдарламалары, объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдар мен қызметкерлер саны, объектінің орналасуы) осы Нұсқаулыққа 4-қосымшада келтірілген террористік сипаттағы ықтимал қауіп-қатерлерге объектінің әр түрлі тұлғаларының іс-қимыл алгоритмдері объектіде нақтыланады.
37. Объектінің барлық ұжымын қамти отырып, практикалық сабақтарды өткізу алдында қызметкерлермен, білім алушылармен, объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдармен, жекелеген топтармен осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес террористік сипаттағы ықтимал қауіп-қатерлерге объектінің әр түрлі тұлғаларының іс-қимыл алгоритмдерін білуін қалыптастыруға бағытталған теориялық сабақтар, жоспарлы нұсқамалар өткізу қажет.
38. Нұсқама жүргізу қызметкерлер, білім алушылар және объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдар осы Нұсқаулықта көрсетілген мемлекеттік қызмет істері органдары объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуымен таныстыруға, олардың сауатты және ұтымды мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға арналған.
39. Жоспарлы нұсқама объект ұжымының (қызметкерлер, білім алушылар және объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдар) әрбір тобы үшін жылына кемінде екі рет өткізіледі.
40. Жоспардан тыс нұсқама:
1) "Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 611 Жарлығына (бұдан әрі – Хабардар ету қағидалары) сәйкес объектінің терроризмге қарсы қорғалуы жөніндегі іс-шараларды өткізуді қамтамасыз ететін адамды үйлестіру, объект орналасқан өңірде террористік қауіптілік деңгейінің: бірқалыпты ("сары"), жоғары ("қызғылт сары"), қауіпті ("қызыл") бірін енгізу кезінде;
2) объектінің терроризмге қарсы қорғалуы жөніндегі іс-шараларды өткізуді қамтамасыз ететін адамның үйлестіруімен объектіде терроризм актісін жасаудың ықтимал қатері туралы ақпараттың болуы кезінде;
3) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының үйлестіруімен мемлекеттік қызмет істері органының объектісін бағалауға терроризмге қарсы оқу-жаттығуға, жаттығуларға дайындық;
4) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметін үйлестіру кезінде күзет іс-шараларын дайындығы өткізіледі.
41. Жоспардан тыс нұсқаманың мазмұны оны жүргізу қажеттілігін тудырған себептер мен жағдайларға байланысты әрбір нақты жағдайда айқындалады.
42. Мемлекеттік қызмет істері органдарының қызметкерлері мен білім алушылары тобы үшін немесе (жұмысқа алынған адамдар үшін) жеке нұсқама жүргізуге жол беріледі.
43. Профилактикалық және оқу іс-шараларын өткізу үшін барлық немесе қызметкерлердің белгілі бір тобын сыйғызатын үй-жай пайдаланылады, онда арнайы көрнекі ақпаратты (стендтер, плакаттар), тақырыптық слайдтарды көрсету үшін проектор, аудиотехниканы немесе бейнетехниканы пайдалану үшін орындар бөлінеді.
44. Мемлекеттік қызмет істері органының объектілерінде эксперименттерді ұйымдастыруды және жүргізуді терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб жүзеге асырады және ол мемлекеттік қызмет істері органы объектілерінің терроризм актісін жасауға кедергі келтіруге дайындығын, режимін бағалауды, салдарларын барынша азайтуды және жоюды қамтамасыз етуді қамтиды.
45. Іс-шаралар аяқталғаннан кейін оның нәтижелері осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша терроризмге қарсы дайындық бойынша оқу іс-шараларын өткізуді есепке алу журналына (бұдан әрі – журнал) енгізіледі.
Эксперимент жүргізу фактісі эксперимент жүргізу нәтижелері туралы актімен расталады, ол мемлекеттік қызмет істері органы объектісінің басшысында сақталады.
Мемлекеттік қызмет істері органдарының объектісінде эксперимент нәтижелері туралы акт келіп түскеннен кейін оның басшысы, өзге де лауазымды адам тиісті ден қою шараларын қабылдайды, оның ішінде оқытудың мазмұнына өзгерістер енгізеді.
46. Журнал тігіледі және мөр басылады, сондай-ақ бірінші басшының қолымен бекітіледі. Журналды толтыру қатаң кезектілікті сақтай отырып жүргізіледі.
47. Журналды жүргізуді объектінің терроризмге қарсы қорғалуы жөніндегі іс-шараларды өткізуге жауапты адам жүзеге асырады.
48. Нұсқама немесе сабақ өткізу кезінде көрсетілген іс-шараны құжаттау хаттама түрінде жүзеге асырылады.
4-тарау. Террористік көріністерге ден қою, сондай-ақ жасалған терроризм актісінің нәтижесінде туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді жою мәселелері бойынша өзара іс-қимылды ұйымдастыруға қойылатын талаптар
49. Терроризмге қарсы комиссиямен өзара іс-қимыл объектілерді терроризмге қарсы қорғаудың барлық кезеңдерінде жүзеге асырылады, оны құру объект үшін террористік сипаттағы ең ықтимал қауіптерді нақтылаудан басталады.
50. Объектінің әртүрлі адамдар тобының террористік сипаттағы ықтимал қатерлерге әрекет ету алгоритмдері уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен өткізілетін практикалық сабақтар, сондай-ақ терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтардың жоспарларына сәйкес өткізілетін терроризмге қарсы әртүрлі деңгейдегі оқу-жаттығуларды, жаттығуларды дайындау мен өткізу, объектінің терроризмге қарсы қорғалуын бағалау (эксперимент) барысында пысықталады.
51. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб объектіні терроризмге қарсы оқу-жаттығулар, жаттығулар өткізуге, терроризм актісінің жасалуына кедергі келтіруге және оның салдарларын барынша азайтуға (жоюға) мемлекеттік қызмет істері органының объектісіне бағалау жүргізуге жұмылдырған жағдайда, объектінің басшысы, сондай-ақ объектіге күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметі субъектісінің басшысы объектіге жәрдем көрсетеді, көрсетілген іс-шараларды өткізуге қызметкерлердің, объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметкерлер мен адамдардың қажетті топтарын тартуды және олардың қатысуын қамтамасыз етеді.
52. Террористік көріністерге ден қою мәселелері бойынша өзара іс-қимыл міндеттерінің бірі Қазақстан Республикасының аумақтық ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарын терроризм актілерін дайындау фактілері мен белгілері туралы уақтылы хабардар ету және оларға жол бермеуге бағытталған шараларды іске асыру болып табылады.
53. Терроризм актісін (актілерін) жасау немесе жасау қауіптеріне әрекет ету дайындығын қамтамасыз ету шеңберінде объектіге күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан объектілердің басшылары, күзет қызметі субъектілерінің басшылары алғашқы әрекет ету алгоритмдерін әзірлейді:
1) терроризм актісінің (актілері) жасалу қатері немесе жасалуы туралы Қазақстан Республикасының аумақтық ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарын дереу хабардар ету бойынша;
2) ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер министрлігінің органдарынан терроризм актісінің (актілерінің) жасалу немесе жасалу қатері туралы ақпарат алған кезде;
3) объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметкерлер мен адамдардың қаруды, қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды дайындауға арналған бөлшектерді ұрлаудың, заңсыз сатып алудың белгілі болған фактілері туралы, сондай-ақ олардың сақталатын орындары туралы аумақтық ішкі істер органдарын уақтылы хабардар ету.
54. Мемлекеттік қызмет істері органдары объектілерінің басшылары, қызметкерлері, объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдар терроризм актісін жасау кезінде немесе оның жасалу қаупі туралы аумақтық ұлттық қауіпсіздік органдарын, ішкі істер органдарының бөлімшелерін және өзге де мүдделі тұлғаларды террористік сипаттағы болжамды қатерлерге объектілердегі әртүрлі тұлғаларының іс-қимыл алгоритмдерге сәйкес хабардар етеді. Ақпаратты ұсынған кезде терроризм актісінің жасалғаны туралы немесе оның жасалу қаупі туралы алынған мәліметтер, объектінің атауы мен мекенжайы, оқиғаның уақыты, зардап шеккендердің бар-жоғы, олардың орналасқан жері мен жай-күйі, хабар беруші адамның тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде) және оның лауазымы көрсетіледі.
Толық деректердің жоқтығы жауапты тұлғаларды тез арада баяндама жасаудан босатпайды.
55. Террористік қауіптіліктің белгіленген деңгейіне сәйкес террористік тұрғыдан осал мемлекеттік қызмет істері органдары объектілерінің басшылары немесе лауазымды адамдары хабардар ету қағидаларына сәйкес мынадай қауіпсіздік шараларын қолданады:
1) террористік қауіптіліктің қалыпты ("сары") деңгейінде:
мемлекеттік қызмет істері органының объектісінде өткізу режимін күшейту;
арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып, келушілерді, персоналды және көлік құралдарын тексеріп қарау іс-шараларын жүргізу барысында режимдік шараларды күшейту;
объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, дағдарысты жағдайларды оқшаулау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын бөлімшелер мен персоналдың арасынан адамдарды айқындау;
алынған ақпаратқа қарай тиісті саладағы мамандарды тарта отырып, күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметі субъектілеріне, дағдарыс жағдайларын оқшаулау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын объектілердің персоналына, қызметшілері мен жұмыскерлеріне нұсқама беру;
персоналды терроризм актісінің жасалу қаупі және тиісті іс-қимылдар туралы хабардар ету;
2) террористік қауіптіліктің жоғары ("қызғылт сары") деңгейінде (террористік қауіптіліктің "сары" деңгейі белгіленген кезде қабылданатын шаралармен қатар):
объект персоналы мен бөлімшелерінің қауіпті жағдайларды оқшаулау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын дайындығын тексеру және олардың терроризм актісінің жолын кесу және адамдарды құтқару жөніндегі ықтимал іс-қимылдарын пысықтау;
күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметі субъектісінің объектілерді, дағдарысты жағдайларды оқшаулау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын объектілердің персоналы мен қызметкерлерін күзетуді күшейтуді;
объект аумағы бойынша көлік құралдарының жүруін бақылауды күшейту, қару мен жарылғыш заттарды анықтайтын техникалық құралдарды қолданып, көлік құралдарын қарап тексеруді жүргізу;
3) террористік қауіптіліктің шекті ("қызыл") деңгейі белгіленген кезде (террористік қауіптіліктің "сары" және "қызғылт сары" деңгейлері енгізілген кезде қолданылатын шаралармен қатар):
адамдарды құтқару жөнінде шұғыл шаралар қабылдау, құтқару қызметтері мен құрылымдарының үздіксіз жұмыс істеуіне жәрдемдесу;
объектіні төтенше режим жағдайына аудару.
5-тарау. Террористік тұрғыдан осал объектінің терроризмге қарсы қорғалу паспортын әзірлеуге және оның айналымына қойылатын талаптар
56. Объектінің терроризмге қарсы қорғалу паспорты (бұдан әрі – паспорт) терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мүдделі органдар объектідегі терроризм актілерінің алдын алу, жолын кесу, олардың зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі іс-шараларды жоспарлаған кезде пайдалануға арналған.
57. Паспорт таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын құжат болып табылады және "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар.
Мемлекеттік қызмет істері органдарының объектілерінде объектілердің басшылары оны әзірлеуге жұмылдырылмаған адамдардың паспортқа қол жеткізуіне шектеу, объектінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету, объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін бақылау, терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың қызметі бойынша шаралар қабылдайды.
58. Объектінің басшысы паспортты әзірлеуге, оның сақталуына және паспорттың деректерін уақтылы жаңартуға жауапты адамды (адамдарды) тағайындайды.
59. Паспорт Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 481 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 51/қе бірлескен бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32950 болып тіркелген) бекітілген Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының Үлгілік паспортына (бұдан әрі – үлгілік паспорт) сәйкес екі данада, электрондық нұсқасы қоса әзірленеді.
Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының м.а. 06.08.2024 № 125 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.60. Объект бірнеше құқық иеленушісі бар ғимаратта (ғимараттар кешенінде) орналасқан жағдайларда, паспорт жасау объектілердің барлық құқық иеленушілерімен немесе олардың бірімен бірлесіп олардың арасындағы жазбаша келісім бойынша жүзеге асырылады.
61. Паспорттың жобасы объектінің басшысы объектіні террористік тұрғыдан осал объектілердің, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тізбесіне (бұдан әрі – аумақтық тізбе) енгізу туралы тиісті хабарламаны алған кезден бастап қырық бес жұмыс күні ішінде жасалады.
62. Паспортты 61-тармақта көрсетілген мерзімде әзірлеу мүмкін болмаған жағдайда (объектінің күрделілігін ескеріп) объектінің басшысы терроризмге қарсы комиссияның аппаратына (бөліміне) паспортты жасау мерзімін ұзарту туралы негізделген өтініш жібереді.
63. Әзірленген паспорттың жобасы объектінің орналасқан жері бойынша аумақтық ішкі істер органының басшыларымен жасалғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде келісіледі.
Үлгілік паспортта көрсетілген лауазымды тұлғаға паспорт келіп түскен күннен бастап паспорт жобасының келісу мерзімі он бес жұмыс күнінен аспайды.
Келісуші тұлғадан паспорттың жобасына ескертулер болған жағдайда, пысықтау мерзімі қайтарылған күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспайды.
64. Қайта қайтарылған кезде паспорттың жобасы аумақтық ішкі істер органдарының басшыларымен жеті жұмыс күні ішінде келісіледі.
65. Келісілгеннен кейін (оның ішінде оны жаңартқанда) он жұмыс күні ішінде объектінің басшысы паспортты бекітеді.
Бір құқық иеленуші жасаған кезде объектінің басқа құқық иеленушілерімен келісім бойынша ол паспортты бекітеді.
Паспортты бірлесіп жасаған кезде – объектінің барлық құқық иеленушілері бекітуге тиіс.
66. Паспорттың бірінші данасы (түпнұсқасы) әзірленіп, бекітілгеннен кейін оның сақталуына және паспорттың деректерін уақтылы жаңартуға жауапты тұлғада сақталуға тиіс.
67. Терроризм актілерінің салдарын жоюға және азайтуға тартылған органдарға паспортты уақтылы беруді қамтамасыз ету мақсатында паспортқа екі данада тізімдеме жасалады.
Тізімдеменің бір данасы паспортпен бірге қажет болған жағдайда терроризмге қарсы операцияға басшылықты жүзеге асыратын жедел штабқа беріледі. Тізімдеменің екінші данасы паспортты сақтауға жауапты адамда қалады.
68. Паспорттың екінші данасы және паспорттың электрондық нұсқасы (PDF форматында электрондық ақпарат тасығышта) ол бекітілген немесе түзетілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде сақтау үшін Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелеріне жіберіледі.
69. Паспорт:
1) меншік құқығы;
2) мемлекеттік қызмет істері органы объектісінің басшысы;
3) мемлекеттік қызмет істері органы объектісінің атауы;
4) мемлекеттік қызмет істері органы объектісінің негізгі мақсаты;
5) объектінің жалпы алаңы мен периметріне, іргелес аумақта құрылыс салынса немесе ғимараттарды реконструкциялау және инженерлік жүйелердің күрделі жөндеуі аяқталғаннан кейін егер конструкциясына өзгерістер жүргізілген болса;
6) объектінің ықтимал қауіпті учаскелері;
7) объектінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету үшін тартылатын техникалық құралдары өзгерген кезде түзетуге жатады.
70. Түзету үшін негіздер туындағаннан кейін күнтізбелік жиырма күн ішінде өзгерістер енгізіледі.
Паспортты әзірлеу, оған түзетулер енгізу мерзімдерін ұлғайту қажет болған кезде мемлекеттік қызмет істері органы объектісінің басшысы терроризмге қарсы комиссияға тиісті өтінішпен жүгінеді.
71. Паспортта сақтауға жауапты қызметкер объектінің басшысының немесе паспортқа қол қоюға уәкілетті адамның қолымен расталған өзгерістердің себептері мен күндерін көрсете отырып, енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы белгі қояды.
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілген паспорттар ауыстырылуға жатады.
Бір мезгілде объект басшысының қолы қойылған тиісті өзгерістер туралы ақпарат паспорттың электрондық нұсқасын ауыстыра отырып, паспорттың екінші данасына қоса тіркеу үшін Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына жіберіледі.
72. Паспорт:
1) кемінде бес жылда бір рет;
2) паспорт мәтіні тармақтарының жартысынан астамына түзетулер енгізген жағдайда толық ауыстыруға жатады.
73. Күші жойылған паспорт тиісті акт жасала отырып, комиссиялық тәртіппен жойылуға жатады.
Акт объектінің құқық иеленушісі болып табылатын ұйымда қалады.
Актінің көшірмесі паспорттың екінші данасын сақтау орны бойынша жіберіледі.
6-тарау. Мемлекеттік қызмет істері органдарының, террористік тұрғыдан осал объектілерін инженерлік-техникалық жабдықпен жарақтандыруға қойылатын талаптар
74. Мемлекеттік қызмет істері органдарының барлық объектілері күзет телевизиялық жүйелерімен және құлақтандыру жүйелерімен жарақтандырылады.
75. Мемлекеттік күзетуге жататын мемлекеттік қызмет істері органдарының объектілерін жарақтандыру "Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысымен бекітілген мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуы жөніндегі талаптарға сәйкес қамтамасыз етіледі.
76. Мемлекеттік қорғалуға жатпайтын мемлекеттік қызмет істері органдарының объектілерінде осы Нұсқаулықтың 74-тармағында көзделген іс-шараларға қосымша мынадай инженерлік-техникалық құралдар пайдаланылады:
1) объектінің периметрін жабдықтау бойынша:
периметр қоршауы (физикалық тосқауыл);
мемлекеттік қызмет істері органдарының объектілеріне адамдарды санкцияланған өткізуді жүзеге асыруға арналған өткізу (күзет) пункттері (бекеттері);
ғимараттардың нығайтылуы (ғимараттардың қабырғалары мен оның терезе ойықтарының нығайтылуы);
қол жеткізуді бақылау және басқару жүйелері;
күзеттік жарықтандыру жүйелері және күзет сигнализациясы жүйесі;
2) объектідегі жағдайды бақылау бойынша:
байланыс жүйесі;
күзет және дабыл сигнализациясы жүйелері (оның ішінде мобильді не стационарлық дабыл беру құралдары);
техникалық тексеру құралдары;
3) қауіпсіздік жүйесінің жұмысын қамтамасыз ететін резервтік, үздіксіз электрмен жабдықтау жүйелері мен құралдары.
77. Объектінің периметрі қоршаулары қызметтік автокөліктің, объектінің аймақтары мен жекелеген учаскелерінің кіруін қамтитын артқы жағынан жалпы қалалық сәулет ансамбліне сәйкес жабдықталады. Қоршаулар жерге 200-400 миллиметр тереңдете отырып, темірбетон негізімен немесе арматуралық тормен қазуға қарсы күшейтілген темірбетон және торлы конструкциялардан жасалады. Аумақты қоршаудың биіктігі кемінде 2,5 метр темірбетон плиталарынан немесе қалыңдығы кемінде 2 миллиметр металл парақтан тұрады. Металл конструкциялардан жасалған қоршауларды (шыбықтар арасындағы саңылауы 100 миллиметрден аспайтын қалыңдығы кемінде 18 миллиметр металл шыбықтан жасалған торлы қоршаумен) орындауға жол беріледі.
78. Периметрлік қоршау келесі сипаттамаларға сәйкес орындалады:
1) сыртқы климаттық факторларға төзімділік, қарапайымдылық конструкцияда, жоғары беріктігі мен ұзақ төзімділігі;
2) байқауды шектейтін және техникалық қауіпсіздік жүйелерін қолдануды қиындататын ең аз иілу және бұрылу саны бар түзу сызықты учаскелер түрінде орындалады;
3) объектінің (аумақтың) периметрінің жалғасы болып табылатын ғимараттардан басқа қандай да бір жапсарлас құрылыстардың қоршауға жанасуына жол берілмейді. Қорғалмаған аумаққа қарайтын ғимараттардың бірінші қабаттарының терезелері металл торлармен жабдықталады;
4) қоршауда өрмелеудің, сынықтардың және басқа да зақымдардың, сондай-ақ құлыпталмайтын есіктердің, қақпалардың болуына жол берілмейді;
5) күзеттік жарықтандыру және бейнебақылау жүйесімен жабдықталады;
6) объектіге (аумаққа) кіру орындары қақпалармен және автокөлікті тексеруге арналған бақылау алаңдарымен жабдықталады;
7) электр жетегі және қашықтан басқарылатын қақпалар авариялық тоқтату және электр қуаты істен шыққан немесе ажыратылған жағдайда қолмен ашылатын құрылғыларымен жабдықталады;
8) қақпаның ішкі жағынан қашықтан басқарылатын және электр жетегі бар шлагбаум.
79. Адамдарды мемлекеттік қызмет істері органдары объектілеріне санкцияланған өткізуді жүзеге асыру үшін өткізу (күзет) пункттері (бекеттері) жабдықталады, онда:
1) рұқсаттамаларды сақтауға және ресімдеуге арналған үй-жай;
2) объектінің және келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдардың жеке заттарын сақтау камерасы;
3) демалуға арналған үй-жай және техникалық қауіпсіздік жүйелерін орналастыруға арналған үй-жай;
4) ашу, өту тетіктерін, жарықтандыруды және стационарлық қарап тексеру құралдарын басқару құрылғылары өткізу (күзет) пунктінің (бекетінің) үй-жайында немесе объектінің периметрінің оның сыртқы қабырғасының ішкі жағынан орналастырылады;
5) адамдардың өтуі үшін турникеттермен жабдықталған дәліз.
Өткізу (күзет) пунктінің (бекетінің) терезелері мен есіктері қорғаныш конструкцияларымен жабдықталады. Объектідегі сыртқы кіреберіс есіктер сыртқа ашу жүйесімен қамтамасыз етіледі. Егер үй-жайдың барлық терезе ойықтары торлармен жабдықталса, олардың біреуі (жайылмалы, жылжымалы) ашылатын етіп жасалады.
80. Телевизиялық күзет жүйесімен жабдықталады:
1) күзет (өткізу) бекеттері (пункттері);
2) объектіге іргелес аумақтың периметрі;
3) бас және қосалқы кіру есіктері;
4) ықтимал қауіпті учаскелері бар аумақ пен үй-жайлар, оларға апаратын үй-жайлар (орындар), дәліздер;
5) объектіде адамдар жаппай көп болуы мүмкін орындар;
6) объект басшысының қалауы бойынша басқа да үй-жайлар;
7) жеке ғимаратта орналасқан объект (бұл жағдайда бейнебақылау жүйесімен объектіде адамдар жаппай көп болуы мүмкін орындар, бас және қосалқы кіру есіктері (ол болған жағдайда) қамтылады.
81. Объектінің бейнебақылау жүйелеріне қойылатын техникалық талаптар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 69-қе бұйрығымен бекітілген Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларында көзделген бейнебақылау жүйелерінің ең төменгі техникалық мүмкіндіктеріне сәйкес келуі тиіс (бұдан әрі – Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидалары) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21693 болып тіркелген).
82. Терроризмге қарсы қорғалу деңгейін арттыру үшін мемлекеттік қызмет істері органдарының террористік тұрғыдан осал объектілерінің бейнебақылау жүйелері олардың орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ішкі істер органдары аумақтық бөлімшелерінің жедел басқару орталықтарымен интеграциялануы мүмкін.
83. Телевизиялық күзет жүйесі:
1) арнайы бөлінген үй-жайындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін бөлімшеде немесе автоматтандырылған режимде орталықтандырылған күзет пунктіне жергілікті бақылау пунктінің мониторларына көрнекі ақпаратты беруді;
2) нақты уақыт режимінде объектідегі жағдайды бағалау мүмкіндігін;
3) оқиғаларды кейіннен талдау үшін бейнеақпаратты сақтауды (ақпаратты сақтау мерзімі кемінде 30 тәулікті құрайды);
4) Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларында айқындалған шарттары мен тәртібіне сай ұлттық бейнемониторинг жүйесіне қосуды;
5) бейнежазбаға жедел қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
84. Бейнебақылау камералары барлық кіру (шығу) жолдарын, дәліздерді және объект аумағының бүкіл периметрін қамтитындай етіп орнатылады, камералардың бейнесі анықтанылатын және суретті бұрмалаусыз бейнелейтін болады.
85. Орталықтандырылған бақылау пульті күзет бөлімшелерінің қызметтік үй-жайларында немесе осы мақсаттар үшін арнайы жабдықталған үй-жайларда орналастырылады.
86. Объектілер персоналды және объектіге келушілерді штаттан тыс жағдайдың туындауы туралы жедел хабардар ету мақсатында (терроризм актісінің жасалу немесе жасалу қаупі және туындаған салдарлар туралы) және олардың әрекеттерін үйлестіру туралы хабардар ету жүйелерімен және құралдарымен жарақтандырылады.
87. Персоналды, білім алушыларды және объектіге келушілерді хабардар ету алдын ала әзірленген жоспарға сәйкес басқа да техникалық және жылжымалы байланыс құралдарының (дабыл) көмегімен ішкі байланыс желілері бойынша жүзеге асырылады, олар мыналарды:
1) ғимараттарға, үй-жайларға, адамдар тұрақты немесе уақытша болатын объект аумағының учаскелеріне дыбыстық және (немесе) жарықтық сигналдарын беруді;
2) сөйлеу ақпаратын автоматты режимде де (бұрын жазылған мәтінді оқу), сондай-ақ қауіп сипаты, объектілерде үй-жайларда эвакуациялауды немесе бұғаттауды жүзеге асыру қажеттілігі мен тәртібі, объектінің персоналы, білім алушылары мен келушілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да іс-қимылдар туралы микрофон көмегімен де трансляциялауды қамтамасыз етуі керек. Эвакуациялау және үй-жайларды бұғаттау туралы хабарлау жүйесі сигналдармен ерекшеленеді.
88. Хабарлағыштардың саны және олардың қуаты адамдар тұрақты немесе уақытша болатын барлық жерлерде қажетті естілуді, эвакуация жүргізілген жағдайда оны жүргізу үшін қажетті есептік уақыт ішінде әрекет етуді қамтамасыз етуі керек.
89. Дабыл беру құралы (мобильді немесе стационарлық) күзет қызметі субъектілерінің орталықтандырылған бақылау пультіне жасырын сигнал беруге мүмкіндік береді, объектіде терроризм актісінің жасалу қаупі туралы уәкілетті органдарды уақтылы хабардар ету мақсатында орнатылады.
90. Дабыл беру құралымен міндетті түрде объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бөлімшесінің бекеті және жаппай өткізуге арналған объектіге кіру есіктері жабдықталады.
91. Объектіге рұқсатсыз кіруді болдырмау мақсатында оның кіру есіктері кіруді бақылау және басқару жүйелерімен жабдықталады.
92. Кіруді бақылау және басқару жүйесі өткізу және объектішілік режимді ұйымдастыру тәртібімен анықталған қол жеткізу аймақтарын ескеріп, мыналарды:
1) бақылау пункттері арқылы күзетілетін үй-жайларға қызметкерлер мен объектіге келушілердің кіруін шектеуге;
2) әрбір қызметкердің және объектіге келушінің келу және кету уақытын белгілеуге;
3) басқару құрылғысының бағдарламалық құралдарына сәйкестендіру белгілерін өзгерту (қосу, жою) үшін рұқсатсыз кіруден қорғауды;
4) режимдер мен ақпаратты орнату, басқару элементтеріне рұқсатсыз кіруден техникалық және бағдарламалық құралдарды қорғауды;
5) электр қуаты өшкен кезінде параметрлерді және сәйкестендіру белгілерінің дерекқорын сақтауды;
6) төтенше жағдайлар, өрт, техникалық ақаулар кезінде өтуге арналған тосқауыл құрылғыларын белгіленген режим қағидаларына және өртке қарсы қауіпсіздік қағидаларына сәйкес қолмен, жартылай автоматты немесе автоматты түрде ашуды;
7) ағымдағы және алаңдатарлық оқиғаларды тіркеу және хаттамалауды қамтамасыз етуге тиіс.
93. Объектінің кіруін бақылау және басқару жүйесімен жабдықтау қажет:
1) қызметтік кірулерді пайдалану жиілігіне байланысты объектіге негізгі және қызметтік кірулер қызметтік кірулер арқылы кіруді бақылау және басқару жүйесі арқылы да, қызметтік кірулерді пайдалану аудитін жүргізуге мүмкіндік беретін баламалы жүйелер арқылы да бақылануы мүмкін;
2) аса қауіпті қызметтік үй-жайлардың есіктері;
3) өткізу (күзет) пункттері (бекеттері), егер олар тәулік бойы пайдаланылса және онда объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, өзінің тікелей міндеттерін орындайтын адамдар тұрақты болса, онда оларды кіруді бақылау және басқару жүйесімен жабдықтау қажет емес;
4) орталықтандырылған бақылау пульті үй-жайының бас және қызметтік кіреберістері;
5) объект басшылығының қалауы бойынша басқа да үй-жайлар.
94. Объектіге рұқсатсыз енгізуге тыйым салынған заттарды табу мақсатында барлық кіреберістердегі объектіні күзету бекеттері техникалық қарап тексеру құралдарымен жарақаттандырылады.
95. Техникалық тексеру құралдарына стационарлық және қол металл детекторлары жатады.
96. Объектілер күзет және дабыл сигнализациясы, кіруді бақылау және басқару, жарықтандыру және бейнебақылау жүйелерінің кемінде 24 сағат үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін резервтік электрмен жабдықтау жүйелерімен және құралдарымен жарақталады.
97. Объектілер жарықтандыру жүйесімен жабдықталады.
Жарықтандыру жүйесі мемлекеттік қызмет істері органдары объектісінің тәуліктің қараңғы уақытында периметрдің кез келген нүктесінде ені 3-4 метр тұтас жолақ құрай отырып жарықтандырылуын қамтамасыз етеді.
98. Байланыс жүйесі күзет (өткізу) бекетіндегі (пунктіндегі) кезекші мен қызмет көрсету аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі нарядтар арасында, сондай-ақ қызмет көрсету аумағы шегінде олардың арасында екі жақты радиобайланысты қамтамасыз етеді.
99. Меншік иесінің, иеленушінің шешімі бойынша объектіде объектінің терроризмге қарсы қорғалу деңгейін арттыруға ықпал ететін қосымша инженерлік-техникалық жабдық орнатылады.
100. Объектінің инженерлік-техникалық жабдықтары жұмыс жағдайында қолданылады.
101. Объектіні террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесіне енгізгеннен кейін алты ай ішінде инженерлік-техникалық жабдықпен жабдықтау мүмкін болмаған жағдайда, объект басшылығы объектіні жарақтандыруға арналған республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің, бюджеттен тыс көздердің қаражатын жоспарлау үшін шаралар қабылдайды, ал терроризмге қарсы комиссияға объектіні инженерлік-техникалық жарақтандыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасын келісуге ұсынылады.
Қазақстан Республикасының | |
мемлекеттік қызмет істері органдарының террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа 1-қосымша |
Мемлекеттік қызмет істері органдарының объектілері үшін терроризмге қарсы қорғау саласындағы құжаттардың Тізбесі
1. Мемлекеттік қызмет істері органында терроризмге қарсы қорғау іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге жауапты адамдарды тағайындау туралы бұйрық (функционалдық міндеттерін көрсете отырып) немесе лауазымдық нұсқаулық, оның ішінде терроризмге қарсы қорғау жөніндегі нұсқамаларды өткізуге жауапты адамдарды тағайындау.
2. Терроризмге қарсы дайындық бойынша оқу іс-шараларын есепке алу журналы.
3. Бастапқы әрекет ету алгоритмдері:
1) терроризм актісінің (актілерінің) жасалу қатері немесе жасалуы туралы Қазақстан Республикасының аумақтық ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарын дереу хабардар ету бойынша;
2) терроризм актісінің (актілерінің) жасалу қаупі немесе жасалуы туралы уәкілетті мемлекеттік органдардан ақпарат алған кезде;
3) қызметкерлердің, объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдарының қаруды, қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды дайындауға арналған бөлшектерін ұрлау, заңсыз сатып алуы, сондай-ақ олардың сақталатын орындары белгілі болған фактілері туралы аумақтық ішкі істер органдарын уақтылы хабардар ету.
4. Террористік сипаттағы қауіп-қатерлерге объектінің әр түрлі тұлғаларының іс-қимыл алгоритмдері.
5. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімшелерінің, күзетшілердің (вахтерлердің) (бар болса) кезекшілікті қабылдау, тапсыру, аумақты, үй-жайларды аралау журналы.
6. Мемлекеттік қызмет істері органы объектісінің қауіпсіздік паспорты, қауіпсіздік паспортын сақтауға жауапты адамды тағайындау туралы бұйрық.
7. Мемлекеттік қызмет істері органының қызметкерлері мен келушілерін өрт кезінде, терроризм актісінің және төтенше жағдайлардың жасалу қаупі туралы ақпарат алған жағдайда эвакуациялау жоспарлары мен тәртібі.
8. Жаттығулар өткізу кестесімен, объектінің қызметкерлері мен келушілерін ғимараттан қауіпсіз және уақтылы эвакуациялау бойынша оқу-жаттығулар, жаттығулар өткізу туралы бұйрық.
9. Террористік акт жасау қаупі төнген немесе ол жасалған кездегі мемлекеттік қызмет істері органының қызметкерлерін қорғау тәсілдері мен іс-қимылдарға оқыту бағдарламалары, хаттамалары.
10. Мемлекеттік қызмет істері органдарының объектілерін күзетуге (бірінші кіші түрдің күзет қызметін жүзеге асыруға, "күзет қызметінің барлық түрлері, оның ішінде террористік тұрғыдан осал объектілерді күзету" лицензияларының көшірмелері), күзет сигнализациясы, бейнебақылау жүйелеріне, дабыл сигнализациясы түймелеріне қызмет көрсетуге арналған шарттар.
11. Террористік қауіптілік деңгейлерін белгілеу кезінде объектілер басшыларының (меншік иелерінің) іс-қимылдары жөніндегі нұсқаулық.
12. Террористік қауіптілік деңгейі белгіленген кезде мемлекеттік қызмет істері органының қызметкерлерін хабардар ету схемасы.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері органдарының террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын |
|
ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа 2-қосымша |
Мемлекеттік қызмет істері органы объектілеріне алып өтуге тыйым салынған нәрселер мен заттар Тізбесі
1. Қару:
1) атыс қаруы;
2) травматикалық, газды және жарық-дыбыстық әсер ететін патрондары бар ұңғысыз;
3) суық қару, сондай-ақ суық қаруға жатпайтын әртүрлі пышақтар;
4) лақтыру;
5) пневматикалық;
6) газды;
7) электрлік;
8) белгі беру;
9) зақымдаушы әсері радиоактивті сәулелену мен биологиялық әсерді пайдалануға негізделген қару мен өзге де заттар;
10) зақымдаушы әсері электромагниттік, жарық, жылу, инфрадыбыстық немесе ультрадыбыстық сәулеленуді пайдалануға негізделген қару мен өзге де заттар;
11) жоғарыда санамаланған қару түрлерін имитациялайтын заттар;
12) қару ретінде (соққы-жару, лақтыру және тесіп-кесу әрекеттері) пайдаланылуы мүмкін заттар;
13) қаруға оқ-дәрілер және оның құрамдас бөліктері.
2. Механикалық және аэрозольдық бүріккіштер және адам ағзасына жас ағызатын, тітіркендіретін және басқа да жағымсыз әсерлермен жабдықталған басқа да құрылғылар.
3. Заттар:
1) жарылғыш;
2) улы;
3) улағыш;
4) радиоактивті;
5) күйдіргіш;
6) пиротехникалық;
7) тез тұтанғыш заттар.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері органдарының террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа 3-қосымша |
Мемлекеттік қызмет істері органы объектілерінің терроризмге қарсы қауіпсіздігі мәселелері бойынша профилактикалық және оқу іс-шаралары тақырыптарының нұсқалары
1. Оқу сабақтары тақырыптарының нұсқалары (теориялық):
терроризмге қарсы қауіпсіздік мәселелері жөніндегі заңнаманың негізгі талаптары;
терроризмнің мәні мен қоғамдық қауіптілігі, террористік сипаттағы әрекеттер жасағаны үшін жауапкершілігі;
террористік қауіптің ықтимал көздері туралы хабарлау;
террористік сипаттағы ықтимал қауіп-қатерлерге мемлекеттік қызмет істері органы объектісінің әр түрлі тұлғаларының іс-қимыл алгоритмдерін тағайындау және олармен жалпы таныстыру.
2. Нұсқаулық тақырыптарының нұсқалары:
объектінің әрбір қызметкерін терроризм актісін жасау немесе объект аумағы шегінде оның жасалу қаупі жағдайында дербес мінез-құлық тәртібімен және іс-қимылдармен егжей-тегжейлі таныстыру;
объектінің қызметкерлері мен білім алушыларын эвакуациялау кезіндегі қауіпсіздік шараларымен таныстыру.
3. Практикалық сабақтар тақырыптарының нұсқалары:
мемлекеттік қызмет істері органы объектісі қызметкерлерінің, объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдардың практикалық іс-қимылдарын пысықтау:
1) иесіз заттар мен күдікті заттарды табу мақсатында үй-жайларды қарап тексеруді ұйымдастыру бойынша;
2) иесіз заттар, күдікті заттар табылған және миналау туралы хабар алған кездегі іс-әрекеттері;
3) иесіз заттар, күдікті заттар табылған және объектіні миналау туралы хабар алынған кезде ішкі істер органдарын, уәкілетті органдарды хабардар ету тәртібі бойынша;
4) персоналды және объектіге келушілерді хабардар етуді ұйымдастыру бойынша;
5) объект персоналы мен келушілерін эвакуациялауды ұйымдастыру бойынша;
6) адамдарды эвакуациялау кезінде іс-қимылдарды ұйымдастыру бойынша жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері органдарының террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа 4-қосымша |
Террористік сипаттағы ықтимал қауіп-қатерлерге объектінің әр түрлі тұлғаларының іс-қимыл алгоритмдері
1-тарау. Объектінің келушілері мен персоналына қарулы шабуыл кезіндегі іс-қимыл алгоритмі
1. Білім алушылар мен келушілердің іс-қимылдары:
қорғану: ғимараттан байқалмай кету немесе бөлмеде жасырыну, есікті құлыптау, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің келуін күту;
құқық қорғау және (немесе) арнайы мемлекеттік органдарды, күзетті, персоналды, объект басшылығын қарулы шабуылдың фактісі мен мән-жайлары туралы мүмкіндігінше кез келген тәсілмен хабардар ету.
2. Қызметкерлердің іс-қимылдары:
құқық қорғау және (немесе) арнайы мемлекеттік органдарды, күзетті, персоналды, объект басшылығын қарулы шабуылдың фактісі мен мән-жайлары туралы мүмкіндігінше кез келген тәсілмен хабардар ету;
қорғану: ғимараттан байқалмай кету немесе бөлмеде жасырыну, есікті құлыптау, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің келуін күту.
3. Объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдардың іс-қимылдары:
қарулы шабуылдаушыны анықтау;
мүмкіндігінше объектіде адамдардың жаппай көп болу орындарына оның жылжуын бұғаттау;
объекті басшылығын, құқық қорғау және (немесе) арнайы мемлекеттік органдарды қарулы шабуылдың фактісі туралы мүмкіндігінше кез келген тәсілмен хабардар ету;
объектідегі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шаралар қабылдау (эвакуациялау, ішкі кедергілерді оқшаулау);
жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
4. Объекті басшылығының іс-қимылдары:
құқық қорғау және (немесе) арнайы мемлекеттік органдарды қарулы шабуылдың фактілері мен мән-жайлары туралы дереу хабардар ету;
объектідегі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру (эвакуациялау, ішкі кедергілерді оқшаулау, объектідегі штаттан тыс жағдай туралы хабарлау);
терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың келген қызметкерлерімен өзара іс-қимыл жасау.
2-тарау. Кепілге алу кезіндегі іс-қимыл алгоритмі
5. Білім алушылар мен келушілердің іс-қимылдары:
қорғану: тұтқынға түсуді болдырмау, ғимараттан байқалмай кету немесе үй-жайға жасырыну, есікті құлыптау, құқық қорғау органдарының қызметкерлері келгенге дейін немесе ғимараттан шығу үшін қауіпсіздікті сақтау;
кепілге алынған адамдар мен қаскүнемдердің басып алу мән-жайлары (саны, қару-жарағы, жарақтандырылуы, жасы, лақап аты, ұлты және басқалары) туралы мүмкіндігінше кез келген қолжетімді тәсілмен және өз қауіпсіздігінің кепілдігі қамтамасыз етілген шарты сақталған кезде құқық қорғау және (немесе) арнайы мемлекеттік органдарға хабарлау.
6. Объекті персоналының іс-қимылы:
қорғану: тұтқынға түсуді болдырмау, ғимараттан байқалмай кету немесе үй-жайға жасырыну, есікті құлыптау, құқық қорғау органдарының қызметкерлері келгенге дейін немесе ғимараттан шығу үшін қауіпсіздікті сақтау;
құқық қорғау және (немесе) арнайы мемлекеттік органдарға кепілге алынған адамдар мен қаскүнемдердің басып алыну мән-жайлары (саны, қару-жарағы, жарақтандырылуы, жасы, лақап аты, ұлты және басқалары) туралы мүмкіндігінше кез келген қолжетімді тәсілмен және өз қауіпсіздігінің кепілдігі қамтамасыз етілген шарты сақтал кезде хабарлау.
7. Объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдардың іс-қимылдары:
қарулы қаскүнемді (-дерді) анықтау;
мүмкіндігінше оны (олардың) объектідегі адамдардың жаппай болу орындарына жылжуын бұғаттау;
адамдарды кепілге алуға оқталудың фактілері мен мән-жайлары туралы объект басшылығына, құқық қорғау және (немесе) арнайы мемлекеттік органдарға кез келген қолжетімді тәсілмен хабарлау;
объектідегі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шаралар қабылдау (эвакуациялау, зиянкестер жолындағы ішкі кедергілерді оқшаулау және басқалар);
жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету (тұтқынға түсуді болдырмау және басқалар).
8. Объекті басшылығының іс-қимылы:
құқық қорғау, арнайы мемлекеттік органдарды және (немесе) үшінші тұлғаларды қолжетімді тәсілмен адамдарды кепілге алуға тырысудың мән-жайлары фактілер туралы дереу хабардар ету;
мүмкіндігінше объектідегі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру (эвакуациялау, ішкі кедергілерді оқшаулау, объектідегі штаттан тыс жағдай туралы хабарлау және басқалар);
мүмкіндігінше терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың келген күштерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыру.
9. Кепілге алу кезіндегі іс-қимылдар:
тыныштану, үрейленбеу. Баяу дауыспен сөйлеу;
басқыншылардың көзіне қарамау, әдепсіз әрекет етпеу. Басқыншыларды күш немесе қаруды қолдануға итермелейтін әрекеттерге жол бермеу;
басқыншылардың талаптарын орындау, оларға қайшы келмеу, қобалжулар мен үрейге жол бермеу;
физикалық және моральдық тұрғыдан қатты сынаққа дайындалу;
басқыншыларға өшпенділік пен немқұрайлылық танытпау;
басынан бастап (әсіресе бірінші сағатта) басқыншылардың барлық нұсқауларын орындау. Басқыншылардан кез келген іс-қимыл жасауға рұқсат сұрау;
өзіңе мінез-құлқыңмен басқыншылардың назарын аудармау, белсенді қарсылық көрсетпеу. Бұл сіздің жағдайыңызды нашарлатады;
егер қашудың сәттілігіне толық сенім болмаса, қашуға тырыспау;
басқыншылар туралы мүмкіндігінше көп ақпаратты есте сақтау (саны, қару-жарақ, сыртқы келбеті, денепішіні, акценті, әңгіме тақырыбы, темпераменті, мінез-құлқы);
өзіңнің орналасқан (қамалған) жерін анықтауға тырысу;
мүмкіндік болған жағдайда, кез келген қолжетімді байланыс тәсілін пайдаланып, өмірге қауіп төндірмей, сақтық танытып, болған жағдай туралы құқық қорғау органдарына немесе арнайы органдарға, объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бөлімшеге хабарлауға тырысу;
қандай болмасын, тағамды таңдамау. Бұл күш пен денсаулықты сақтауға көмектеседі;
жарақат алған жағдайда, өзіңізге алғашқы медициналық көмек көрсетуге тырысу;
қандай болмасын, тағамды елемеңіз. Бұл күш пен денсаулықты сақтауға көмектеседі;
ең бастысы, басқыншылар өздерін бақылауды тоқтатса да, үрейленбеу;
терезелерден, есіктерден және басқыншылардың өзінен алыс орналасу. Бұл үй-жайға шабуыл жасаған кезде, басқыншыларға тигізу үшін мергендердің ату жағдайында сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін қажет;
арнайы бөлімше қызметкерлері кепілге алынған адамдарды босату жөніндегі операцияны жүргізген кезде мынадай талаптарды сақтау қажет:
қабырғаға жабысып еденге төмен қарап жату, басты қолмен жауып қозғалмай жату;
арнайы бөлімше қызметкерлеріне қарсы жүгірмеу немесе олардан қашпау;
мүмкін болса, есіктер мен терезелердің саңылауларынан алыс болу керек;
егер шабуыл жасау және басып алу кезінде (жеке басын анықтағанға дейін) сізге ықтимал басқыншы сияқты біршама дұрыс қарамаса, құтқарушыларға (терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша бөлімшелерге) қарсылық көрсетпеңіз;
босатылған кепілге алынған адам тінтуге, қолдарына кісен салуға, байлауға, эмоциялық немесе физикалық жарақат келтіруге, жауап алуға тартылатын болады;
бұған түсіністікпен қарау керек, өйткені мұндай жағдайларда арнайы күштердің мұндай әрекеттері (барлық адамдарды түпкілікті сәйкестендіргенге және шынайы қылмыскерлерді анықтағанға дейін) қажет.
3-тарау. Жарылғыш құрылғылар мен жарылғыш заттар қойылған кезіндегі іс-қимыл алгоритмі
10. Жарылғыш құрылғыны көрсететін белгілер:
табылған затта сымдардың, арқандардың, изолентаның болуы;
зат шығаратын күдікті дыбыстар, шертулер, сағаттың тықылдауы;
заттан бадамның тән иісі немесе басқа ерекше иіс шығаруы;
табылған заттың ерекше орналасуы;
табылған затқа әр түрлі қуат көздері орнатылған, сыртқы белгілері бойынша антеннаға ұқсас сым.
11. Білім алушылар мен келушілердің күдікті затты тапқан кездегі іс-қимылдары:
қолмен ұстамау, жақындамау, жылжытпау керек;
иесіз заттың ықтимал иесін анықтау үшін айналадағылармен сұхбаттасу;
радиобайланыс құралдарын, оның ішінде ұялы байланыс құралдарын осы заттың жанында пайдаланудан бас тарту;
мүмкіндігінше анықтау уақыты мен орнын белгілеу;
объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдарға күдікті заттың табылғаны туралы объект персоналына не аумақтық ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарының кезекші бөлімдеріне дереу хабарлау;
жарылғыш құрылғыға ұқсас заттың сыртқы түрін және оны анықтаудың маңызды жағдайларын сипаттауға дайын болу;
дүрбелең туғызбау үшін не болғанын білу керек адамдардан басқа ешкімге жарылыс қаупі туралы хабарламау;
қорғанысты қамтамасыз ететін заттардың артына тығылу (ғимараттың бұрышы, бағана, қалың ағаш, автомашина және басқалары);
объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдарды, құқық қорғау және (немесе) арнайы мемлекеттік органдарды күдікті адамдар (саны, қолдан жасалған жарылғыш құрылғылардың сыртқы белгілері, қаруы, жарақтандыруы, жасы, лақап аты, ұлты және басқалары) туралы хабардар ету;
объектіден кету, мүмкін болмаған жағдайда күрделі құрылыстың артына және қажетті қашықтықта жасырыну.
12. Күдікті зат табылған кездегі персоналдың іс-қимылы:
қолмен ұстамау, жақындамау, жылжытпау керек;
иесіз заттың ықтимал иесін анықтау үшін айналадағылармен сұхбаттасу;
радиобайланыс құралдарын, оның ішінде ұялы байланыс құралдарын осы заттың жанында пайдаланудан бас тарту;
мүмкіндігінше анықтау уақыты мен орнын белгілеу;
объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдарға күдікті заттың табылғаны туралы объект персоналына не аумақтық ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарының кезекші бөлімдеріне дереу хабарлау;
жарылғыш құрылғыға ұқсас заттың сыртқы түрін және оны анықтаудың маңызды жағдайларын сипаттауға дайын болу;
дүрбелең туғызбау үшін не болғанын білу керек адамдардан басқа ешкімге жарылыс қаупі туралы хабарламау;
мүмкіндігінше объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдармен бөгде адамдардың күдікті зат пен қауіпті аймаққа кіруін шектеуді ұйымдастыру;
қауіпті аймаққа іргелес аумақтан адамдарды ұйымдасқан түрде эвакуациялауды қамтамасыз етуге көмектесу;
қажет болған жағдайда қорғанысты қамтамасыз ететін заттарға (ғимараттың бұрышы, бағана, қалың ағаш, автомашина және басқалары) жасырынып бақылау жасау;
күдікті адам немесе адамдар тобы өзімен бірге жарылғыш құрылғылары немесе жарылғыш заттары (саны, қолдан жасалған жарылғыш құрылғылардың сыртқы белгілері, қаруы, жарақтандыруы, жасы, лақап аты, ұлты және басқалары) мүмкін болуы анықталған жағдайда, құқық қорғау және (немесе) арнайы мемлекеттік органдардың, объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдарды хабардар ету;
келушілерді эвакуациялауды ұйымдастыруда басшылық пен объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдарға жәрдемдесу;
нысаннан кету, мүмкін болмаған жағдайда күрделі құрылыстың артына және қажетті қашықтықта жасырыну.
13. Күдікті зат табылған кездегі объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдардың іс-қимылы:
қолмен ұстамау, жақындамау, жылжытпау керек;
иесіз заттың ықтимал иесін анықтау үшін айналаңыздағылармен сұхбаттасу;
радиобайланыс құралдарын, оның ішінде ұялы байланыс құралдарын осы заттың жанында пайдаланудан бас тарту;
мүмкіндігінше анықтау уақыты мен орнын белгілеу;
күдікті заттың табылғаны туралы объекті басшылығына және персоналына немесе ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер аумақтық органдарының кезекші бөлімдеріне дереу хабарлау;
жарылғыш құрылғыға ұқсас заттың сыртқы түрін және оны анықтаудың маңызды жағдайларын сипаттауға дайын болу;
дүрбелең туғызбау үшін не болғанын білу керек адамдардан басқа ешкімге жарылыс қаупі туралы хабарламау;
қажетті қашықтықта күдікті зат пен қауіпті аймаққа бөгде адамдардың кіруін шектеуді қамтамасыз ету;
қауіпті аймаққа іргелес аумақтан адамдарды ұйымдасқан түрде эвакуациялауды қамтамасыз ету;
қажет болған жағдайда қорғанысты қамтамасыз ететін заттарға (ғимараттың бұрышы, бағана, қалың ағаш, автомашина және басқалары) жасырынып бақылау жүргізу;
күдікті адам немесе адамдар тобы өзімен бірге жарылғыш құрылғылары немесе жарылғыш заттары (саны, қолдан жасалған жарылғыш құрылғылардың сыртқы белгілері, қаруы, жарақтандыруы, жасы, лақап аты, ұлты және басқалары) мүмкін болуы анықталған жағдайда объекті басшылығына және персоналына, құқық қорғау және (немесе) арнайы мемлекеттік органдарын хабардар ету.
14. Басшылықтың іс-қимылы:
құқық қорғау, арнайы мемлекеттік органдарды күдікті адамның анықталғаны немесе иесіз заттың табылғаны туралы дереу хабардар ету;
иесіз күдікті заттың табылған орнын қажетті қашықтықта қоршауды ұйымдастыру;
адамдарды объектіден эвакуациялауды ұйымдастыру, объектідегі штаттан тыс жағдай туралы хабарлау;
күдікті заттарды табу мақсатында үй-жайларды аралап шығуды және аумақтарды аралауды қамтамасыз ету;
терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың келген күштерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыру, оларға қажетті ақпаратты ұсыну.
15. Жарылғыш құрылғы немесе жарылғыш құрылғыға ұқсас зат табылған кезде аулақтандыру және қоршау қашықтықтары:
граната – 50-200 метр; тротил шашкасы – 45 метр; 0,33 литр сыра банкісі – 60 метр; дипломат (кейс) – 230 метр; жол чемоданы – 350 метр; жеңіл автокөлік – 460-580 метр; автобус – 920 метр; жүк көлігі (фургон) – 1240 метр.
4-тарау. Өзін-өзі өлтірушілерді қолданумен жасалған шабуыл кезіндегі іс-қимыл алгоритмі
16. Білім алушылар мен келушілердің іс-қимылы:
қорғану: ғимараттан байқалмай шығып кету немесе үй-жайда жасырыну, есікті құлыптау, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің келуін күту;
құқық қорғау және (немесе) арнайы мемлекеттік органдарды, объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдарды, персоналды, объект басшылығын қарулы шабуылдың фактісі мен мән-жайлары туралы мүмкіндігінше кез келген тәсілмен хабардар ету.
17. Персоналдың іс-қимылы:
қорғану: ғимараттан байқалмай шығып кету немесе үй-жайда жасырыну, есікті құлыптау, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің келуін күту;
құқық қорғау және (немесе) арнайы мемлекеттік органдарды, объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдарды, объект басшылығын қарулы шабуылдың фактісі мен мән-жайлары туралы мүмкіндігінше кез келген тәсілмен хабардар ету.
18. Объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдардың іс-қимылы:
мүмкіндігінше оны (олардың) объектідегі адамдардың жаппай болу орындарына жылжуын бұғаттау;
күдікті адамның немесе адамдар тобының анықталғаны туралы объект басшылығына, құқық қорғау және (немесе) арнайы мемлекеттік органдарға кез келген тәсілмен ақпарат беру;
объектідегі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шаралар қабылдау (эвакуациялау, ішкі кедергілерді оқшаулау және басқалар);
қажет болған жағдайда объект бойынша (жеке өзі, не бейнебақылау жүйесі арқылы) күдікті адамның немесе адамдар тобының жүріп-тұруын байқауды ұйымдастыру;
жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
19. Басшылықтың іс-қимылы:
объектіде күдікті адамның немесе адамдар тобының анықталғаны туралы құқық қорғау және (немесе) арнайы мемлекеттік органдарға ақпаратты дереу беру (оның ішінде адал ниетпен әрекет ету);
құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қаскүнемді анықтау және ұстау уақытын қысқартатын күдікті адам туралы барынша толық ақпарат беру;
адамдарды ұйымдасқан эвакуациялауды қамтамасыз ету;
жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
5-тарау. Телефон арқылы қауіп төнген кездегі іс-қимыл алгоритмі
20. Телефон арқылы келген қауіп-қатер алушының іс-әрекеті (басшы, қызметкер, объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдар):
1) әңгіме барысында қоңырау шалушының жынысын, жасын және оның сөйлеу ерекшеліктеріне ден қойыңыз:
дауысы (анық немесе тұйық, төмен немесе жоғары);
сөйлеу қарқыны (жылдам немесе баяу);
айтылу (айқын, бұрмаланған, кекештену, сақау, акцентпен немесе диалектімен);
сөзінің мәнері (шешіліп сөйлеу, кекетіп, әдепке сәйкес емес сөйлеу);
2) дыбыстық фонға (автомашиналардың немесе теміржол көлігінің шуы, теле- немесе радиоаппаратураның дыбысы, дауыстар, басқалар), қоңырау сипатына назар аудару (қалалық, қалааралық);
3) сөйлесудің нақты басталу уақытын және оның ұзақтығын белгілеу;
4) әңгімелесу барысында келесі сұрақтарға жауап алуға тырысу:
бұл адам қайда, кімге, қандай телефон арқылы қоңырау шалады?
ол қандай нақты талаптар қояды?
жеке өзі талап ете ме, әлде делдал ретінде әрекет ете ме, және қандай да бір адамдар тобын білдіре ме?
ол қандай шарттарда немесе олар өз жоспарларынан бас тартуға келіседі?
онымен қалай және қашан байланысуға болады?
бұл қоңырау туралы кімге хабарлай аласыз немесе хабарлауыңыз керек?
5) сіз және басшылық шешім қабылдау немесе қандай да бір іс-қимыл жасау үшін қоңырау шалушыдан барынша уақыт аралығын созу мүмкіндігіне қол жеткізуге тырысу;
6) сөйлесу барысында немесе сөйлесу аяқталғаннан кейін дереу ішкі істер органдарының "102" арнасына немесе "112" бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметіне және мемлекеттік қызмет істері органы басшылығына телефон қатері туралы хабарлауға қажет.
6-тарау. Күдікті пошта жөнелтілімдерін алған жағдайдағы іс-қимыл алгоритмі
21. Күдікті пошта жөнелтілімі анықталған жағдайда мемлекеттік қызмет істері органы объектісінің қызметкерлері:
затты, пакетті, контейнерді өз бетінше ашуға тырыспаңыз;
мүмкіндігінше күдікті хатты немесе бандерольді қолға алмаңыз;
бұл факт туралы мемлекеттік қызмет істері органы объектісінің басшылығына хабарлаңыз;
күдікті поштаның және бандерольдер басқа хаттардан бөлек екеніне көз жеткізіңіз;
ғимараттың желдету жүйесіне ашылған жөнелтілімнен белгісіз заттың түсу мүмкіндігін болдырмайтын шаралар қолданыңыз;
мамандар келгенге дейін күдікті жөнелтімдерді (тығыз жабылатын қақпағы бар шыны ыдысқа немесе көп қабатты пластикалық пакеттерде) орналастыру қажет. Бұл ретте қол астындағы теріні жеке қорғау құралдарын (резеңке қолғаптар, полиэтилен пакеттер) және тыныс алу жолдарын (респиратор, мақта-дәке таңғыш) пайдалану керек;
мамандар келгенге дейін герметикалық жабылған ыдысты бөтен адамдардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек;
күдікті хат-хабармен тікелей байланыста болған барлық адамдардың тізімін жасаңыз (олардың мекенжайлары, телефондары);
күдікті хат-хабармен байланыста болған адамдарға жеке гигиена іс-шараларын мүлтіксіз орындау (қолдарыңызды сабынмен жуыңыз, мүмкін болса душ қабылдаңыз).
7-тарау. Шұғыл әрекет ету қызметтерінің телефондары
22. Дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыс кезінде бұл туралы мемлекеттік қызмет істері органы объектісінің орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасы аумақтық ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе ішкі істер министрлігінің органдарына не сенім телефоны бойынша немесе электрондық пошта мекенжайына дереу хабарлау қажет.
Ұлттық қауіпсіздік органдары кезекші қызметінің телефоны: 110 Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметтің телефоны: 112 Өртке қарсы қызмет телефоны: 101 Ішкі істер органдары кезекші қызметінің телефоны: 102 Жедел медициналық жәрдем телефоны: 103
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері |
|
органдарының террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа 5-қосымша |
Терроризмге қарсы дайындық бойынша оқу іс-шараларын өткізуді есепке алу журналы _________________ (ұйымның атауы) (титул парағы) Терроризмге қарсы дайындық бойынша оқу іс-шараларын өткізуді есепке алу журналы № ____ Журналды жүргізудің басталуы 20__ жылғы "___" _____ . Журналды жүргізудің аяқталуы 20__ жылғы "___" _____ .
(ішкі жағы)
1-бөлім. Нұсқаулық
Р/с | Нұсқаманы өткізу күні | Нұсқау алушының тегі, аты және әкесінің аты (әкесінің аты бар болса) және лауазымы | Нұсқау түрі | Нұсқау берушінің тегі, аты және әкесінің аты (әкесінің аты бар болса) және лауазымы | Нұсқаманы алушы адамның қолы | Нұсқама беруші адамның қолы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Ескерту:
1) жоспарлы нұсқамалар барысында қызметкерлерге терроризм актісі болған жағдайда барлық ықтимал жағдайлар кезіндегі іс-қимыл алгоритмдері жеткізіледі, ал жоспардан тыс нұсқамалардың тақырыбы өткізілетін оқу-жаттығулардың және жаттығулар тақырыбына байланысты болады;
2) терроризмге қарсы бағыттағы өткізілетін жоспарлы нұсқамаларды құжаттамалық ресімдеуді қолмен жазу тәсілімен де, аралас – қолмен және баспа тәсілімен де жүзеге асыруға жол беріледі (егер нұсқаманы сол бір қызметкер жүргізсе), журналдың қалған бағандарын нұсқаманы тыңдаған адам өзі толтырады;
3) өткізу күні толық көрсетіледі (күні, айы және жылы) ;
4) объект персоналымен бірге жоспардан тыс нұсқаманы жүргізу қажет болған жағдайда оны сондай-ақ осы журналда құжаттайды, ал "Нұсқаманың түрі" бағанында: "Шығыс хаты бойынша жоспардан тыс.: №___", "Террористік қауіптілік деңгейі бойынша жоспардан тыс".
2-бөлім. Сабақтар
р/с | Күні | Сабақтың тақырыбы | Оқу мәселелері | Қатысқан қызметкерлердің саны | Өткізген адамның қолы |
Ескерту: Сабақ тақырыбы мен оқу сұрақтары анық нақтыланады және жалпы сипатта болмайды.