БҰЙЫРАМЫН:
1. "Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 69 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9947 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары қызметінің қағидаларында:
3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) сәйкес әзірленген, ОРММИК және СДБМИ білім беру мазмұны оқу жұмыс жоспарымен және бағдарламаларымен айқындалады.";
9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"9. ОРММИК-ке және СДБМИ-ге құжаттарды қабылдау: 5, 6, 7, 8 және 9-сыныптарға түсу кезінде жыл сайын 1 маусымнан бастап 20 тамызға дейін қоса алғанда; 10 және 11-сыныптарға түсу кезінде жыл сайын 15 маусымнан бастап 15 тамызға дейін қоса алғанда; колледжге түскен кезінде жыл сайын 25 маусымнан 15 тамызға дейін қоса алғанда.
10. "Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарына құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарына түсу үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаның "Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарына құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан- әрі – тізбе) көрсетілген құжаттарды қоса, еркін нысандағы өтінішті береді.";
12-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері құжаттарды кеңсеге немесе портал арқылы тапсырған сәттен бастап 4 (төрт) сағат ішінде ұсынылған құжаттардың осы Тізбеде және осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген талаптарына толықтығын және сәйкестігін тексереді.
Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтініштің көшірмесіне күні мен тегін көрсете отырып, қабылданғаны туралы белгі қояды, порталда – көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама жібереді.";
мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
"14-1. Уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы және осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілерге жібереді.";
30-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"30. ОРММИК және СДБМИ-де оқушыларға академиялық демалыс беру "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 47-бабы 5) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.";
осы Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы Қағидаларға 1-1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты күшіне енгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі |
А. Оралов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарына құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы: | ||
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
2. | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. |
3. | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе портал арқылы құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 4 (төрт) сағат. |
4. | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электронды (ішінара автоматтындырылған)/қағаз түрінде. |
5. | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің тегі мен күні көрсетілген қабылдау туралы белгісі бар өтініштің көшірмесі немесемемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады. Порталда – көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама немесе көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін. |
7. | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
Көрсетілетін қызмет беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00 – ден 14.30 – ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00 – ден 18.30 – ға дейін. |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне: мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлері бойынша: |
9. | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздері |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтауы; |
10. | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Құжаттар оқуға түсушілердің ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен қабылданады: |
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-
бабының 1-тармағын, 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларын басшылыққа ала
отырып, олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы
бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп- интернат-колледждері және
спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар
қалалардың, астананың мектеп-интернаттары:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(атауы және заңды мекен-жайы)
мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге қойылатын талаптарында көзделген тізбеге
сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты "Олимпиадалық
резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың,
астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды
балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың
мектеп-интернаттарына құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуден бас
тартады, атап айтқанда жоқ және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттардың
атауы:
1)_______________________________________________________________;
2)_______________________________________________________________;
3)_______________________________________________________________.
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
Орындаушы:___________________________________ _____________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Байланыс телефонының нөмірі _________________________________________
Алдым:________________________________________________ _____________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің (қолы) аты (болған жағдайда)
20__ жылғы "___"_________