ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтары тізбесінің 1-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі |
З. Сулейменова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Цифрлық
даму, инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі 2023 жылғы 7 ақпандағы № 35 Бұйрықпен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) № 10168):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру қағидаларында:
осы Қағидаларға 8-қосымша осы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 18-04/14 "Ішкі және сыртқы нарықтардағы сауда үшін бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын таңбалау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10397 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі және сыртқы нарықтарда сауда жасау үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалау қағидаларында:
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Процестің сипаттамаларын, көрсетілетін қызметтің нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер Қағидаларға 4-қосымшада жазылған.
Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актіні бекіткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.";
осы Қағидаларға 4-қосымша осы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.";
3. "Балық аулау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/148 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10606 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген балық аулау қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы Балық аулау қағидаларында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аншлаг –өсімді молайту учаскелері мен тыныштық аймақтарының, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің атауы мен шекараларын, сондай-ақ аңшылыққа және балық аулауға тыйым салынған мерзімдер мен орындарды көрсететін маңдайша жазу;
2) аумақтық бөлімшелер – Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциялары;
3) балықшы – бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде өзінің еңбек міндеттемелеріне қарай балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды жүзеге асыратын балық шаруашылығы субъектісінің қызметкері;
4) балық аулау – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау;
5) балық аулаушы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен әуесқойлық (спорттық) балық аулау құқығын алған жеке тұлға;
6) балықтардың көбею кезеңі – белгілі бір балық түрінің уылдырық шашатын уақыт кезеңі;
7) балықтың кәсіпшілік мөлшері – тұмсығының ұшынан құйрық қанатының орталық жарықшағы негізіне дейін өлшенетін (аузы жабық кезде) аулауға жол берілетін балық өлшемі;
8) балықтардың қырылуы – балық ресурстарының және басқа да су жануарларының су айдынының және (немесе) учаскесінің гидрохимиялық және өзге де режимінің бұзылуынан туындаған жаппай қырылуы;
9) балықтың қырылу қаупі бар су айдыны және (немесе) учаскесі – балық шаруашылығының балық әлсін-әлсін қырылуға ұшырайтын су айдыны және (немесе) учаскесі;
10) балықтардың өріс аударуы – балықтардың бір мекендеу ортасынан екінші ортаға жаппай ауысуы;
11) балық ресурстары және басқа да су жануарлары – сулы ортада мекендейтін барлық жануардың жалпы жиынтығы, оның ішінде өсімдіктерді қоспағанда, су биологиялық ресурстары;
12) балық шаруашылығы – Заңның 9-бабы 1-тармағының 26) тармақшасына сәйкес балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғаумен, өсімін молайтумен, акваөсірумен, балық өсірумен, балық аулаумен, сондай-ақ қайта өңдеумен және өткізумен байланысты шаруашылық қызмет түрі;
13) балық шаруашылығы субъектісі – қызметінің негізгі бағыты балық шаруашылығын жүргізу болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;
14) балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қоры – жануарлар дүниесін пайдаланушыларға бекітіліп берілмеген балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері;
15) ведомство – Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті;
16) жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсат – жеке және заңды тұлғаларға жануарлар дүниесін пайдалануға, сондай-ақ жануарлар дүниесінің ұстап алынған объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде аңшылық және балық аулау олжаларын әкетуге және өткізуге құқық беретін, "Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығымен белгіленген (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізімінде № 10168 тіркелген) нысан бойынша құжат;
17) жануарлар дүниесін пайдаланушылар – Заңға сәйкес жануарлар дүниесін пайдалану құқығы берілген жеке және заңды тұлғалар;
18) ихтиологиялық байқаулар – балық шаруашылығы су айдыны ихтиофаунасының жай-күйі туралы деректерді жинау және зерделеу;
19) кездейсоқ ауланым – рұқсаттарда көрсетілмеген балықтар мен басқа да су жануарлары түрлерінің дара нұсқалары және (немесе) белгіленген кәсіпшілік мөлшерден кішірек балық түсетін ауланымның бір бөлігі;
20) қорықшылық қызмет – Заңның 9-бабы 1-тармағының 66) тармақшасына сәйкес балық шаруашылығы субъектілерінің бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жануарлар дүниесін қорғау функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;
21) қыстау шұңқыры – қысқы кезеңде балықтардың су айдыны түбінің шұңқырларында жаппай жинақталатын орны;
22) рекреациалық балық аулау аймағы – Заңның 10-бабы 2-тармағының 5-8) тармақшасына сәйкес әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы орган белгіленген тәртіппен айқындайтын балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің және оған іргелес жағалау белдеуінің учаскесі;
23) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі;
24) уылдырық шашу – балықтардың жетілген уылдырықты шашу процесі және оның кейіннен ұрықтануы;
25) ұйық (ұйықтық учаске) – су айдынының және оған іргелес жағалау белдеуінің шектеулі су акваториясы бар, өзеннің және өзге де ағынды су айдынының кәсіпшілік балық аулау мұқтажына арналып, бейімделген учаскесі;
26) шаяндардың кәсіпшілік мөлшері – көзінің ортасынан құйрық тілімшесінің аяғына дейін өлшенетін аулауға жол берілетін шаяндардың өлшемі;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Кәсіпшілік балық аулауды жүзеге асыратын адамдар әрбір аулауды аумақтық бөлімшелер белгілейтін балық қабылдау пунктінде кәсіпшілік журналына тіркейді.
Кәсіпшілік журналы тігіледі және нөмірленеді, балық шаруашылығы субъектісінің немесе жануарлар дүниесі пайдаланушысының қолымен бекітіледі және аумақтық бөлімшенің мөрімен куәландырылады.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Әуесқойлық (спорттық) балық аулау қармақтардың барлық жүйелерімен және атауларымен (жылтырауық, қармақ, жыртқыш балықтарды аулауға арналған қармақтар, спиннингтер), су асты аңшылығына арналған қарумен, сондай-ақ бір балық аулаушыға үш данадан аспайтын шаяндар мен басқа да су жануарларын аулауға арналған арнайы аспаптармен, қақпандармен және секреттермен жүргізіледі.
Су астындағы аң аулауға арналған арнайы жапқыш құрылғылар мен мылтықтар халықтың демалыс аймағынан тыс жерлерде, сондай-ақ жануарлар дүниесін пайдаланушы арнайы орындарда белгілеген бекітілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) рекреациялық балық аулауға арналған учаскелерде пайдаланылады.";
26-тармақ алып тасталсын.
4. "Аңшылық және балық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 маусымда № 18-03/578 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11780 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген аңшылық және балық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы Үлгілік ережеде:
8-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:
"8. Аңшылық және балық шаруашылығының қорықшылық қызметіне он сегіз жасқа толған тұлғалар қабылданады.";
5. "Балық шаруашылығын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 18-05/290 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10946 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген балық шаруашылығын жүргізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы балық шаруашылығын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық шаруашылығын жүргізу тәртібін айқындайды.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіте отырып, балық шаруашылығын жүргізу құқығы облыстың жергілікті атқарушы органының балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту туралы шешімі, ведомствоның аумақтық бөлімшесі мен жануарлар дүниесін пайдаланушы арасында жасалатын балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт негізінде Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына беріледі.".
"Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1. Аңшылық | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері |
Барлық кіші түрлері бойынша: |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 3 (үш) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
Барлық кіші түрлері бойынша: |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар жануарлар дүниесін арнайы пайдаланудың мынадай түрлеріне беріледі: |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Барлық кіші түрлері бойынша: |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі-Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінім: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар |
1) ғылыми-зерттеу мақсатында рұқсат алу үшін "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 645 Қаулысында айқындалған тәртіппен субъектіні ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеу туралы куәліктің болуы қажет. |
"Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сауда жасау үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырық маркасын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші). |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері | Мемлекеттік қызмет көрсету құжаттарын қабылдау "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады www.egov.kz (бұдан әрі-портал), ал нәтижелерді Мемлекеттік корпорация арқылы беру. |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 2 (екі) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған). |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сауда жасауға арналған бекіре тұқымдас балықтардың уылдырық маркалары не дәлелді бас тарту. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы түрде көрсетіледі. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және заңның 5-бабына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады. |