БҰЙЫРАМЫН:
1. "Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 6 ақпандағы № 115 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10486 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларында:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 14-бабының 1-тармағының 41-26) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру және "Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын беру" мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) авиациялық оқу орталығы – авиация персоналын даярлауды, қайта даярлауды және олардың кәсіптік деңгейін ұстауды жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) авиациялық оқу орталығының жарғысы (құрылтай шарты) (бұдан әрі – Жарғы) – оның негізінде авиациялық оқу орталығы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өз қызметін жүзеге асыратын құжат;
3) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамытуды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;
4) кәсіптік даярлау (оқыту) – бастапқы даярлау, қайта даярлау, кәсіптік деңгейді қолдау, сондай-ақ оқытудың ықтимал түрлері;
5) кәсіптік деңгейді ұстау – мақсаты құжаттарды (оқытудын аяқталуын куәландыратын куәлік, сертификат, және диплом) бере отырып, ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық дамумен және азаматтардың жеке қажеттілігіне негізделген кәсіптік білімді, машық пен дағдыны жаңарту, кеңейту және тереңдету болып табылатын авиация персоналын оқыту процесі;
6) қайта даярлау – құжаттарды (оқытудын аяқталуын куәландыратын куәлік, сертификат және диплом) бере отырып, азаматтық авиация саласы мамандарын оқытудың жаңа (қосымша) кәсіптік білім, дағды, машық (оның ішінде біліктілік белгілерін) алуға және авиациялық техниканы зерделеуге бағытталған процесі;
7) өтінім – сертификатты алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға өтініш берушінің жазбаша өтініші;
8) өтініш беруші – авиациялық оқу орталығының сертификатын алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға жүгінген заңды тұлға;
9) сертификаттық талаптар – авиация персоналын ұйымдастыру, ұстау, даярлау деңгейі мен сапасын белгілеу мақсатында авиациялық оқу орталықтарына қойылатын талаптар;
10) теориялық даярлық – білім алушы өту кезінде арнайы теориялық білім алатын, сондай-ақ оларды оқыту бағдарламаларына сәйкес деңгейде ұстайтын және жетілдіретін кәсіптік даярлау процесінің кезеңі;
11) тренажерлік даярлық - азаматтық авиация саласы мамандарын кәсіптік даярлау процесінің кезеңі, одан өту кезінде білім алушы имитациялаушы құрылғылардың көмегімен практикалық дағдыларды меңгереді, қолдайды және жетілдіреді;
12) үлгілік бағдарламалар – уәкілетті орган бекітетін, авиациялық оқу орталығы мен азаматтық авиация ұйымы үшін бағыттардың, мамандықтар мен қызметтің ерекшеліктерін бейнелейтін оқу бағдарламаларын өз бетімен жасау мүмкіндіктерін сақтай отырып, кәсіптік даярлаудың бірізді тәсілін қамтамасыз ететін бағдарламалар;
13) ұшуға даярлық – білім алушы өту кезінде ұшуды орындаудың практикалық машығы мен дағдыларын игеретін және жетілдіретін ұшу құрамының кәсіптік даярлау процесінің кезеңі.";
6, 7, 8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Өтініш беруші авиациялық оқу орталығының сертификатын алу үшін "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы уәкілетті ұйымға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша авиация оқу орталығын сертификаттауды жүргізуге өтінімді және осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне (бұдан әрі – Негізгі талаптар тізбесі) сәйкес құжаттар топтамасын жолдайды.
Негізгі талаптардың тізбесі процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен көрсету нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін көрсете отырып, өзге де мәліметтерді қамтиды.
Уәкілетті ұйымның құжаттарды және азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатын жалпы қарау мерзімі 27 (жиырма жеті) жұмыс күнін құрайды.
Өтініш беруші портал арқылы құжаттарды берген кезде өтініш берушінің "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
7. Уәкілетті ұйым құжаттар мен мәліметтерді тіркеуді олар келіп түскен күні жүзеге асырады.
Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді уәкілетті ұйым "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
8. Өтініш беруші Негізгі талаптардың тізбесіне және (немесе) қолдану мерзімі өткен құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, уәкілетті ұйым өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде уәкілетті ұйымның орындаушысы өтініш берушінің және ұсынылған материалдардың, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті деректер мен мәліметтердің сәйкестігін тексереді.
9. Құжаттама Негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағының барлық талаптарына сәйкес келген кезде уәкілетті ұйым 2 (екі) жұмыс күні ішінде сертификаттық зерттеп-қарау жүргізу үшін комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады.
Комиссия құрамына құзыретіне кәсіптік даярлық, куәліктерді (сертификаттарды) және біліктілік рұқсатын беру, сондай-ақ тиісті сертификаттар мен рұқсаттар алуға арналған оқу ұйымдарының өтінімдерін қарау мәселелері жататын уәкілетті ұйымның кемінде 2 (екі) қызметкері енгізіледі.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Актіге комиссияның барлық мүшелері қол қояды және уәкілетті ұйымның орындаушысы Актінің бір данасын порталға өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жіберуді қамтамасыз етеді.
Өтініш беруші авиациялық оқу орталығын сертификаттық зерттеп-қарау бағдарламасының сертификаттық талаптарына сәйкес келген немесе қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін және өндірісті жетілдіру кезінде оны жоюға жататын сертификаттық талаптарға сәйкес келмеген кезде уәкілетті ұйымның орындаушысы Актіге қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша авиациялық оқу орталығының сертификатын немесе Негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуы ресімдейді және порталға өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жібереді.
Өтініш беруші авиациялық оқу орталығын сертификаттық зерттеп-қарау бағдарламасының сертификаттық зерттеп-қарау процесінде оны жою шартымен қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін сертификаттық талаптарына сәйкес келмеген кезде өтініш беруші порталда "жеке кабинетте" Актіні алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымға бекіту үшін түзету іс-қимылдарының жоспарын ұсынады.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Өтініш берушінің авиациялық оқу орталығын сертификаттық зерттеп-қарау бағдарламасының оны жою шартымен қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін сертификаттық талаптарына сәйкессіздігін жою туралы Актіге қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымның орындаушысы авиациялық оқу орталығының сертификатын ресімдейді.
Осы Қағидалардың Негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны туралы хабарламаны жолдайды.
Тыңдау нәтижелері бойынша әкімшілік рәсімге қатысушы өзінің қарсылығын ауызша білдірген кезде уәкілетті ұйым тыңдау хаттамасын жүргізеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне уәкілетті ұйым басшысының не оның міндетін атқарушының ЭЦҚ қол қойылады және порталға, өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі.";
23-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 29-тармақпен толықтырылсын:
"29. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге және "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын, осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жолдайды.";
1-1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы |
И. Шархан |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш министрлігі
"Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
р/с № | Мемлекеттік қызметтің атауы | Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығына сертификат беру |
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | Портал |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығына сертификат беру - 27 (жиырма жеті) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электронды (толық атоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | тегін |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) авиациялық оқу орталығын сертификаттауды жүргізуге өтінім; |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) өтініш берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде көрсетілетін электрондық нысандағы өзге талаптар |
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған: |
бұйрыққа 2-қосымша Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларына 2-қосымша Нысан |
Авиациялық оқу орталығын сертификаттық зерттеу бағдарламасы
АОО атауы, ұйым, құрылымдық бөлімше:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Өткізу күні, негіздеме:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Тексерушілердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, жұмыс орны
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
р/с №
Бағдарлама бойынша позициялар нөмірлері және тексерілетін элементтер
Сәйкестікті бағалау (+ -)
Сәйкессіздік позициясының нөмірі
1
2
3
4
1. Жарғының түпнұсқасы немесе оның көшірмесі (құрылтай шарты)
2. Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік (анықтама)
3. АОО қызметін регламенттейтін құжаттардың Қазақстан Республикасының және
Халықаралық азаматтық авиация ұйымының нормативтік құқықтық актілеріне
сәйкестігі:
1) даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқау;
2) сапа жөніндегі нұсқау;
3) ұшу қауіпсіздігі жүйесін басқару жөніндегі нұсқау (қажет болғанда);
4) оқу орталығы құрылымының Жарғыда (Ережеде) белгіленген міндеттерге,
функцияларға және қызмет пәніне сәйкестігі;
5) электрондық түрлерін қоса алғанда, кітапхана қорының оқу-әдістемелік әдебиетінің
сәйкестігі;
6) оқу жоспары пәндерінің тізбесімен қосымша түлектерге берілетін құжаттардың
үлгілері.
4. Персонал.
1) АОО персоналының лауазымдық нұсқаулықтары;
2) штат кестеге сәйкес жинақталуы;
3) персоналдың іс жүзіндегі міндеттерінің және функцияларының атқарып отырған
лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі;
4) персоналдың кәсіптік деңгейін қолдау жүйесі мен мерзімдерінің белгіленген
талаптарға сәйкестігі.
5. Оқу-әдістемелік жұмыс.
1) түрлері мен бағыттары бойынша бекітілген кәсіптік даярлау бағдарламалары;
2) пәндер бойынша әдістемелік материалдар (анықтамалық, әдістемелік құралдар,
таратылатын материал, оқу фильмдері);
3) білім алушыларды қабылдау, оларды аудару, қайта тағайындау, босату туралы
бұйрықтар;
4) оқу жоспарының пәндері бойынша бақылау сұрақтары, емтихан билеттері
(тестілері);
5) дәрістер және практикалық сабақтар мазмұнының өзектілігі және жаңалығы,
олардың оқу жоспары мен жұмыс бағдарламаларына, ИКАО ұсынымдары мен
талаптарына сәйкестігі;
6) оқу-әдістемелік кеңес отырыстарының хаттамалары (бар болса).
6. Мамандарды даярлау сапасы. Мамандарды даярлау сапасын бақылаудың енгізілген
жүйесінің болуы:
1) сапаны бақылау жүйесінде жауапты маманның болуы;
2) белгіленген аудит рәсімінің болуы;
3) кері байланыс жүйесі;
4) түзету шараларының жүйесі.
7. Ұшу қауіпсіздігін басқару (қажеттілігіне қарай).
Персоналды даярлау және рәсімдер бойынша нұсқауға сәйкес ұшу қауіпсіздігін
басқарудың енгізілген жүйесінің болуы.
8. Материалдық-техникалық база.
1) оқу және қосалқы үй-жайлардың (меншікті немесе жалға алынған) болуы;
2) оқу сыныптарын жарақтаудың мамандарды даярлау міндеттеріне сәйкестігі;
3) жалданатын үй-жайларға, құрылыстарға, жаттығу және ұшу техникасына
шарттардың болуы;
4) техникалық оқу құралдарының болуы;
5) қазіргі заманғы электрондық оқу және бақылау құралдарының болуы;
6) қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтау;
7) тиісті өрт қауіпсіздігі және төтенше жағдай қызметтерінің қорытындысының
негізінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын және қоршаған ортаны қорғау қағидаларын
сақтау.
9. Қаржылық-экономикалық жағдай.
1) қаржылық-экономикалық жағдайды бағалау бойынша оң қорытындының болуы;
2) салықтар мен міндетті аударымдар бойынша берешектің жоқтығы туралы
анықтаманың болуы.
Ескертпе:
(*) осы оқу орны үшін міндетті емес;
(-1) қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін және өндірісті жетілдіру кезінде оны
жоюға жататын сертификаттау талаптарына сәйкессіздік;
(-2) уәкілетті ұйыммен келісілген мерзімде жойылған немесе шектеулер енгізілген
жағдайда қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін сертификаттау талаптарына
сәйкес келмеуі;
Қосымша: сәйкессіздіктер тізбесі ____ парақта.
Тексерушілер: (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы):
_______________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
"Таныстым"
____________________________
Азаматтық авиация ұйымының басшысы _________________________________
(қолы) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)