Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 6 ақпандағы № 115 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 18 наурызда № 10486 тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабы 41-26) тармақшасының 1-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.05.2020 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін бұқаралық ақпарат құралдарында және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2015 жылғы 6 ақпандағы
№ 115 бұйрығымен
бекітілген

Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 № 593 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 14-бабының 1-тармағының 41-26) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру және "Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын беру" мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін анықтайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 03.02.2023 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) авиациялық оқу орталығы – авиация персоналын даярлауды, қайта даярлауды және олардың кәсіптік деңгейін ұстауды жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) авиациялық оқу орталығының жарғысы (құрылтай шарты) (бұдан әрі – Жарғы) – оның негізінде авиациялық оқу орталығы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өз қызметін жүзеге асыратын құжат;

      2-1) азаматтық авиация саласындағы төлемдер – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым көрсететін қызметтер үшін жеке және заңды тұлғалардың төлемі, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның бюджетіне ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тұрақты қадағалауды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың міндетті аударымы;

      3) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамытуды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;

      4) кәсіптік даярлау (оқыту) – бастапқы даярлау, қайта даярлау, кәсіптік деңгейді қолдау, сондай-ақ оқытудың ықтимал түрлері;

      5) кәсіптік деңгейді ұстау – мақсаты құжаттарды (оқытудын аяқталуын куәландыратын куәлік, сертификат, және диплом) бере отырып, ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық дамумен және азаматтардың жеке қажеттілігіне негізделген кәсіптік білімді, машық пен дағдыны жаңарту, кеңейту және тереңдету болып табылатын авиация персоналын оқыту процесі;

      6) қайта даярлау – құжаттарды (оқытудын аяқталуын куәландыратын куәлік, сертификат және диплом) бере отырып, азаматтық авиация саласы мамандарын оқытудың жаңа (қосымша) кәсіптік білім, дағды, машық (оның ішінде біліктілік белгілерін) алуға және авиациялық техниканы зерделеуге бағытталған процесі;

      7) өтінім – сертификатты алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға өтініш берушінің жазбаша өтініші;

      8) өтініш беруші – авиациялық оқу орталығының сертификатын алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға жүгінген заңды тұлға;

      9) сертификаттық талаптар – авиация персоналын ұйымдастыру, ұстау, даярлау деңгейі мен сапасын белгілеу мақсатында авиациялық оқу орталықтарына қойылатын талаптар;

      10) теориялық даярлық – білім алушы өту кезінде арнайы теориялық білім алатын, сондай-ақ оларды оқыту бағдарламаларына сәйкес деңгейде ұстайтын және жетілдіретін кәсіптік даярлау процесінің кезеңі;

      11) тренажерлік даярлық - азаматтық авиация саласы мамандарын кәсіптік даярлау процесінің кезеңі, одан өту кезінде білім алушы имитациялаушы құрылғылардың көмегімен практикалық дағдыларды меңгереді, қолдайды және жетілдіреді;

      12) үлгілік бағдарламалар – уәкілетті орган бекітетін, авиациялық оқу орталығы мен азаматтық авиация ұйымы үшін бағыттардың, мамандықтар мен қызметтің ерекшеліктерін бейнелейтін оқу бағдарламаларын өз бетімен жасау мүмкіндіктерін сақтай отырып, кәсіптік даярлаудың бірізді тәсілін қамтамасыз ететін бағдарламалар;

      13) ұшуға даярлық – білім алушы өту кезінде ұшуды орындаудың практикалық машығы мен дағдыларын игеретін және жетілдіретін ұшу құрамының кәсіптік даярлау процесінің кезеңі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 03.02.2023 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік министрінің 17.01.2024 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
      4. Алып тасталды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.05.2020 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      5. Құжаттарды қабылдау және авиациялық оқу орталығының сертификатын беру "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

      5-1. Авиациялық оқу орталығын сертификаттау және авиациялық оқу орталығы сертификатының қолданылу аясын кеңейту үшін "Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы төлемдерді алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 наурыздағы № 177 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32120 болып тіркелген) айқындалатын тәртіппен ақы алынады.

      Төлем мөлшері "Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесін және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 167 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32089 болып тіркелген) анықталады (бұдан әрі – Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы қызметтерінің және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерінің тізбесі).

      Авиациялық оқу орталығын сертификаттау және авиациялық оқу орталығы сертификатының қолданылу аясын кеңейту азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның бюджетіне төленгеннен кейін жүзеге асырылады.

      Ескерту. Қағида 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік министрінің 17.01.2024 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Азаматтық авиацияның авиация оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру.

      6. Өтініш беруші авиациялық оқу орталығының сертификатын алу үшін "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы уәкілетті ұйымға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша авиация оқу орталығын сертификаттауды жүргізуге өтінімді және осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне (бұдан әрі – Негізгі талаптар тізбесі) сәйкес құжаттар топтамасын жолдайды.

      Негізгі талаптардың тізбесі процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен көрсету нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін көрсете отырып, өзге де мәліметтерді қамтиды.

      Уәкілетті ұйымның құжаттарды және азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатын жалпы қарау мерзімі 27 (жиырма жеті) жұмыс күнін құрайды.

      Өтініш беруші портал арқылы құжаттарды берген кезде өтініш берушінің "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 03.02.2023 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Уәкілетті ұйым құжаттар мен мәліметтерді тіркеуді олар келіп түскен күні жүзеге асырады.

      Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді уәкілетті ұйым "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 03.02.2023 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Өтініш беруші Негізгі талаптардың тізбесіне және (немесе) қолдану мерзімі өткен құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, уәкілетті ұйым өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде уәкілетті ұйымның орындаушысы өтініш берушінің және ұсынылған материалдардың, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті деректер мен мәліметтердің сәйкестігін тексереді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 03.02.2023 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Құжаттама Негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағының барлық талаптарына сәйкес келген кезде уәкілетті ұйым 2 (екі) жұмыс күні ішінде сертификаттық зерттеп-қарау жүргізу үшін комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады.

      Комиссия құрамына құзыретіне кәсіптік даярлық, куәліктерді (сертификаттарды) және біліктілік рұқсатын беру, сондай-ақ тиісті сертификаттар мен рұқсаттар алуға арналған оқу ұйымдарының өтінімдерін қарау мәселелері жататын уәкілетті ұйымның кемінде 2 (екі) қызметкері енгізіледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 03.02.2023 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Сертификаттық тексеру жүргізу басталғанға дейін кемінде 2 (екі) жұмыс күні бұрын уәкілетті ұйымның орындаушысы өтініш берушінің "жеке кабинетіне" сертификаттау рәсіміне басталу күні, ықтимал өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің және оларға сәйкес сертификаттық тексеру жүзеге асырылатын халықаралық ұйымдар құжаттарының тізбесі туралы ақпаратты қамтитын еркін нысанда уәкілетті ұйымның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған хабарламаны жіберуді қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.04.2022 № 178 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Авиациялық оқу орталығын сертификаттық зерттеу осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысанда Авиациялық оқу орталығын сертификаттық зерттеу бағдарламасы бойынша және "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-9-бабының 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес сертификаттық зерттеу жүргізу жөніндегі авиациялық инспекторлар үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым әзірлеген нұсқамалық материалды пайдалана отырып, 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      12. Авиациялық оқу орталығын сертификаттық зерттеу кезінде ұйымдық құрылымның, оқытылатын персоналдың, әдістемелердің, бағдарламалардың, процестердің, техникалық базаның және ресурстардың жиынтығы ретіндегі авиациялық оқу орталығының сапа жүйесі тексеріледі.

      13. Сертификаттық зерттеу аяқталғаннан кейін уәкілетті ұйым 4 (төрт) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес сертификаттық зерттеу актісін (бұдан әрі – Акт) жасайды, ол туралы өтінім берушіге хабарлайды.

      14. Акт авиациялық оқу орталығының сертификаттау талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес болмауы туралы тұжырымдарды, ұсынымдарды және қорытындыны көрсете отырып, екі данада жасалады.

      15. Актіге комиссияның барлық мүшелері қол қояды және уәкілетті ұйымның орындаушысы Актінің бір данасын порталға өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жіберуді қамтамасыз етеді.

      Өтініш беруші авиациялық оқу орталығын сертификаттық зерттеп-қарау бағдарламасының сертификаттық талаптарына сәйкес келген немесе қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін және өндірісті жетілдіру кезінде оны жоюға жататын сертификаттық талаптарға сәйкес келмеген кезде уәкілетті ұйымның орындаушысы Актіге қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша авиациялық оқу орталығының сертификатын немесе Негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуы ресімдейді және порталға өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жібереді.

      Өтініш беруші авиациялық оқу орталығын сертификаттық зерттеп-қарау бағдарламасының сертификаттық зерттеп-қарау процесінде оны жою шартымен қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін сертификаттық талаптарына сәйкес келмеген кезде өтініш беруші порталда "жеке кабинетте" Актіні алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымға бекіту үшін түзету іс-қимылдарының жоспарын ұсынады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 03.02.2023 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Уәкілетті ұйымның сертификаттық зерттеуді жүргізген комиссиясы өтініш берушіден түзету іс-қимылдарының бекітілген жоспары бойынша сәйкессіздікті жою туралы хабарламаны алғаннан кейін 4 (төрт) жұмыс күні ішінде бақылау сертификаттық зерттеуді жүргізеді және сәйкессіздікті жою туралы еркін нысандағы актіні жасайды.

      17. Өтініш берушінің авиациялық оқу орталығын сертификаттық зерттеп-қарау бағдарламасының оны жою шартымен қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін сертификаттық талаптарына сәйкессіздігін жою туралы Актіге қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымның орындаушысы авиациялық оқу орталығының сертификатын ресімдейді.

      Осы Қағидалардың Негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны туралы хабарламаны жолдайды.

      Тыңдау нәтижелері бойынша әкімшілік рәсімге қатысушы өзінің қарсылығын ауызша білдірген кезде уәкілетті ұйым тыңдау хаттамасын жүргізеді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне уәкілетті ұйым басшысының не оның міндетін атқарушының ЭЦҚ қол қойылады және порталға, өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 03.02.2023 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Уәкілетті ұйым мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) бекітілген мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметтер көрсету сатысы туралы деректерді енгізу Қағидаларына сәйкес қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.05.2020 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      19. Авиациялық оқу орталығының сертификаты 2 (екі) жылдан аспайтын мерзімге беріледі. Авиациялық оқу орталығы сертификатының қолданылу саласын кеңейту және ұзарту кезінде алдыңғы сертификаттың күші жойылады.

      Авиациялық оқу орталығы сертификатының қолданылу саласын кеңейту үшін авиациялық оқу орталығы авиациялық оқу орталығы сертификатының қолданылу саласын кеңейтуге жататын құжаттарды қоса бере отырып, уәкілетті ұйымға өтінім береді . Бұл ретте сертификаттауды жүргізу тәртібі өзгермейді.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.05.2020 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      19-1. Уәкілетті ұйымның әкімшілік актіні әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен қабылдауға байланысты әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган.

      Ескерту. 19-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.05.2020 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.04.2022 № 178 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      19-2. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес өтініш берушінің шағымы:

      уәкілетті ұйым, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган – оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Ескерту. 19-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.05.2020 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.04.2022 № 178 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      19-3. Шағым уәкілетті ұйымға және (немесе) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға және (немесе) шешімі, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлғаға беріледі.

      Уәкілетті ұйым, Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте, егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылданса, уәкілетті ұйым, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

      Уәкілетті ұйымның, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 4-тармағына сәйкес мыналар қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

      Ескерту. 19-3-тармақпен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.05.2020 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.04.2022 № 178 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      20. Авиациялық оқу орталығының атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген кезде немесе қолданыстағы сертификаттың қолданылу саласын өзгертпейтін өзге де жағдайларда өтінім беруші уәкілетті ұйымға осы Қағидаларды 5-тармағына сәйкес қажетті құжаттармен бірге авиациялық оқу орталығына сертификаттау жүргізуге өтінімін береді. Бұл ретте сертификаттау жүргізу талап етілмейді, ал жаңа сертификат 10 (он) жұмыс күні ішінде беріледі.

      21. Сертификаттың қолданылу саласының мерзімін ұзарту үшін авиациялық оқу орталығы сертификатты қолдану саласының мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын уәкілетті ұйымға Авиациялық оқу орталығына сертификаттау жүргізуге өтінім береді. Бұл жағдайда уәкілетті ұйым сертификаттық зерттеу жүргізеді, оның нәтижесі бойынша осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Авиациялық оқу орталығы сертификаттының қолдану аясын ұзарту мүмкіндігі туралы сертификаттық зерттеу туралы акті жасалады.

      Сертификаттың қолданылу аясын ұзарту мүмкіндігі туралы сертификаттық зерттеу туралы актісі негізінде уәкілетті ұйым 2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде сертификатты және оның қосымшасын ресімдеуді және беруді жүргізеді.

      22. Азаматтық авиацияның шетелдік авиациялық оқу орталықтары олардың сертификаттарын уәкілетті ұйым осы Қағидаларға сәйкес танығаннан кейін азаматтық авиацияның авиациялық персоналын даярлауға және кәсіптік деңгейін ұстауға жіберіледі.

      Шетелдік авиациялық оқу орталығының сертификатын тануды алу үшін уәкілетті ұйымға оқыту бағдарламасы мен оқытылатын авиациялық персонал көрсетіліп, еркін нысанда Өтінім жіберіледі.

      Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) шетелдік авиациялық оқу орталығының қолданылу саласы жазылған сертификатының көшірмесі;

      2) авиациялық персоналды кәсіби даярлау бағдарламасы.

      Уәкілетті ұйым Өтінімді алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде авиациялық оқу орталығына сертификат берген елдің Авиациялық әкімшілігіне оның түпнұсқалығы мәніне сұрау салу жібереді.

      Уәкілетті ұйым 5 (бес) жұмыс күні ішінде авиациялық оқу орталығының сертификаты туралы шетел мемлекетінің авиациялық әкімшілігінен растау алғаннан кейін өтінім берушіге шетелдік авиациялық оқу орталығының танылғаны туралы хат жібереді.

      Шетел мемлекетінің Авиациялық әкімшілігінен авиациялық оқу орталығы сертификатының төлнұсқасы туралы теріс жауап алған жағдайда, уәкілетті ұйым өтінім берушіге дәлелді жауап жібереді.

      23. Алып тасталды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 03.02.2023 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Уәкілетті ұйым авиациялық оқу орталығының сертификаттық талаптарды сақтамауы не авиациялық оқу орталығының жазбаша өтініші анықталған жағдайда сертификаттың қолданылуын тоқтата тұрады және авиациялық оқу орталығына сертификаттың қолданылуы тоқтатыла тұратын мерзімін көрсете отырып, сертификаттың қолданылуын тоқтата тұру туралы хатты дереу жібереді.

      25. Тоқтатыла тұрған сертификат қолданысы авиациялық оқу орталығы тоқтата тұру себебін жойғаннан, растайтын құжаттарды ұсынғаннан және "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкілетті ұйым қажетті тексерулер жүргізгеннен кейін қалпына келтіріледі.

      26. Сертификатты тоқтата тұрудың анықталған себептерін авиациялық оқу орталығы белгіленген мерзімде жоймаған жағдайда, уәкілетті ұйым күнтізбелік 10 (он) күн ішінде сертификатты кері қайтарып алады.

      27. Кері қайтарып алынған сертификат уәкілетті ұйымға сертификат кері қайтарылып алынған сәттен бастап күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде қайтаруға тиіс.

      28. Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын басқа адамға беруге болмайды.

      Авиациялық оқу орталығына сертификаттың қолданылу аясында көзделмеген қызметті жүзеге асыруға жол берілмейді.

      29. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге және "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын, осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жолдайды.

      Ескерту. Қағида 29-тармақпен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 03.02.2023 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Авиациялық оқу орталығының нұсқаушы және емтихан алушы персоналын келісу тәртібі

      Ескерту. 3-тараумен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.03.2023 № 194 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      30. Авиациялық оқу орталығының нұсқаушы және емтихан алушы персоналы осы Қағидаларда айқындалатын тәртіппен уәкілетті ұйыммен келісіледі.

      Бұл талап авиация персоналының біліктілік деңгейін айқындау мақсатында уәкілетті ұйым тағайындайтын жеке тұлғаларға қолданылмайды.

      31. Авиациялық оқу орталығы уәкілетті ұйымға тегі, аты және әкесінің атын (болған жағдайда), білімі, біліктілігі, жұмыс тәжірибесі туралы деректерді (авиациялық оқу орталығының штаттық немесе штаттан тыс қызметкері) мынадай құжаттарды ұсына отырып, еркін нысанда өтініш жібереді:

      1) жеке куәліктің көшірмесі;

      2) білімі туралы дипломның көшірмесі;

      3) кәсіптік даярлықты көрсете отырып, біліктілік сәйкестігін қамтамасыз ететін өтініш беруші қатысуы жоспарланатын курстардың тізбесі (курстың (модульдің) атауы, оқу орны мен кезеңі) (кесте нысанында);

      4) кәсіптік даярлық курсын сәтті аяқтағаны туралы сертификаттың көшірмесі;

      5) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10554 болып тіркелген) бекітілген Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттық талаптарға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттау хаттамасы (бұдан әрі – сертификаттық талаптар);

      6) сертификаттық талаптарға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік парағы.

      32. Уәкілетті ұйым 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толық болмау немесе мәліметтердің жоқтығы фактісі анықталған кезде өтініш берушіге оларды осы Қағидалардың 31-тармағының талаптарына сәйкес келтіру туралы хабарлама жібереді.

      Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкестендіру мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.

      Өтініш беруші хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде, егер құжаттарды осы Қағидалардың 31-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келтірмесе, уәкілетті ұйым өтінішті одан әрі қараудан бас тартуды еркін нысанда (бұдан әрі – дәлелді бас тарту) жібереді.

      33. Осы Қағидалардың 31-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде уәкілетті ұйым авиациялық оқу орталығының нұсқаушы және емтихан алушы персоналының құжаттарын сертификаттық талаптарда белгіленген біліктілік талаптарына (бұдан әрі – біліктілік талаптары) сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

      Авиациялық оқу орталығының нұсқаушы және емтихан алушы персоналы біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті ұйым ҚР ӘРПК 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны туралы хабарламаны жолдайды.

      Тыңдау нәтижелері бойынша әкімшілік рәсімге қатысушы өзінің қарсылығын ауызша білдірген кезде уәкілетті ұйым тыңдау хаттамасын жүргізеді.

      Тыңдау қорытындысы бойынша уәкілетті ұйым авиациялық оқу орталығының нұсқаушы және емтихан алушы персоналын келісуді немесе дәлелді бас тарту туралы ресми хат жолдайды.

      34. Уәкілетті ұйым авиациялық оқу орталығының нұсқаушы және емтихан алушы персоналын келісуді 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

  Азаматтық авиацияның
авиациялық оқу орталығын
сертификаттау және сертификат
беру қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Авиациялық оқу орталығын сертификаттауды жүргізуге өтінім

      1. __________________________________________________________

      (АОО, ұйымның, құрылымдық бөлімшенің атауы)

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      Авиациялық оқу орталығына кәсіптік даярлаудың келесі түрлері мен

      бағыттары бойынша сертификаттау жүргізуді сұрайды:

      р/с №

      Кәсіби даярлық түрлері

      Бағыты (мамандығы, мамандануы, курс атауы)

      4) авиация персоналын бастапқы даярлау

      5) авиация персоналын қайта даярлау

      6) авиация персоналының кәсіби деңгейін қолдау

      3. Ұйым туралы мәліметтер:

      1) меншік нысаны

      ______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      __________________________________________________________

      2) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

      _______________________________________________________________

      (нөмірі, кіммен және қашан берді)

      3) заңды (пошталық) мекенжайы және басқа да деректемелері

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      ____________________________________________________________

      4) телефон/факс, электрондық пошта

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      4. Қоса берілетін құжаттар ____________________________________

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      20 ___жылғы "___" _____________

      Азаматтық авиация ұйымының басшысы ____________________________

                                    (қолы) Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Азаматтық авиацияның
авиациялық оқу орталығын
сертификаттау және сертификат
беру қағидаларына
1-1-қосымша

"Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

      Ескерту. 1-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.05.2020 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 03.02.2023 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік министрінің 17.01.2024 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

р/с №

Мемлекеттік қызметтің атауы

Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығына сертификат беру

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Портал

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығына сертификат беру - 27 (жиырма жеті) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын беру және азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатының қолданылу аясын кеңейту "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабының 3-тармағына және Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы қызметтерінің және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерінің тізбесіне сәйкес – ақылы.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13-00 - ден 14-00-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8-30- ден 17-30-ға дейін.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) авиациялық оқу орталығын сертификаттауды жүргізуге өтінім;
2) құрылтай құжаттардың электрондық көшірмелері;
3) персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқаудың электрондық көшірмесі;
4) сапа жөніндегі нұсқаудың электрондық көшірмесі;
5) ұшу қауіпсіздігі жүйесін басқару жөніндегі нұсқаудың электрондық көшірмесі (қажет болған кезде);
6) авиациялық оқу орталығының штат кестесінің электрондық көшірмесі;
7) авиациялық оқу орталығының оқу процесін қамтамасыз етуге қатысты басқа оқу мекемелерімен, кәсіпорындармен және басқа ұйымдармен жасасқан шарттардың электрондық көшірмелері (бар болса);
8) қаржылық-экономикалық жағдайы туралы ақпарат бар мәліметтің (құжаттың) электрондық көшірмесі;
9) мемлекеттік қызмет көрсету үшін төлемді растайтын мәліметтердің электрондық көшірмесі.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді уәкілетті ұйым "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) өтініш берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) өтініш берушінің авиациялық оқу орталығының сертификатын және (немесе) мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті ұсынылған материалдар, объектілер, деректер мен мәліметтерді беруге кедергі келтіретін сертификаттық тексеру бағдарламасының сертификаттық талаптарына, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті ұйыммен келісілген мерзімде жойылған немесе шектеулер енгізілген жағдайда қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін сертификаттау талаптарына сәйкес келмеген кезде өтініш берушінің уәкілетті ұйымды бекіту үшін түзету іс-қимылдарының жоспарын порталдағы Актіні "жеке кабинетте" алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынбауы;
4) өтініш берушіге қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) өтініш берушіге қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде өтініш берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде көрсетілетін электрондық нысандағы өзге талаптар

Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған:
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің - www.transport.gov.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде;
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777.

  Азаматтық авиацияның
авиациялық оқу орталығын
сертификаттау және сертификат
беру қағидаларына
2-қосымша
Нысан

Авиациялық оқу орталығын сертификаттық зерттеу бағдарламасы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 03.02.2023 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      АОО атауы, ұйым, құрылымдық бөлімше:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Өткізу күні, негіздеме:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Тексерушілердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, жұмыс орны

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      р/с №

      Бағдарлама бойынша позициялар нөмірлері және тексерілетін элементтер

      Сәйкестікті бағалау (+ -)

      Сәйкессіздік позициясының нөмірі

      1

      2

      3

      4

      1. Жарғының түпнұсқасы немесе оның көшірмесі (құрылтай шарты)

      2. Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік (анықтама)

      3. АОО қызметін регламенттейтін құжаттардың Қазақстан Республикасының және

      Халықаралық азаматтық авиация ұйымының нормативтік құқықтық актілеріне

      сәйкестігі:

      1) даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқау;

      2) сапа жөніндегі нұсқау;

      3) ұшу қауіпсіздігі жүйесін басқару жөніндегі нұсқау (қажет болғанда);

      4) оқу орталығы құрылымының Жарғыда (Ережеде) белгіленген міндеттерге,

      функцияларға және қызмет пәніне сәйкестігі;

      5) электрондық түрлерін қоса алғанда, кітапхана қорының оқу-әдістемелік әдебиетінің

      сәйкестігі;

      6) оқу жоспары пәндерінің тізбесімен қосымша түлектерге берілетін құжаттардың

      үлгілері.

      4. Персонал.

      1) АОО персоналының лауазымдық нұсқаулықтары;

      2) штат кестеге сәйкес жинақталуы;

      3) персоналдың іс жүзіндегі міндеттерінің және функцияларының атқарып отырған

      лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі;

      4) персоналдың кәсіптік деңгейін қолдау жүйесі мен мерзімдерінің белгіленген

      талаптарға сәйкестігі.

      5. Оқу-әдістемелік жұмыс.

      1) түрлері мен бағыттары бойынша бекітілген кәсіптік даярлау бағдарламалары;

      2) пәндер бойынша әдістемелік материалдар (анықтамалық, әдістемелік құралдар,

      таратылатын материал, оқу фильмдері);

      3) білім алушыларды қабылдау, оларды аудару, қайта тағайындау, босату туралы

      бұйрықтар;

      4) оқу жоспарының пәндері бойынша бақылау сұрақтары, емтихан билеттері

      (тестілері);

      5) дәрістер және практикалық сабақтар мазмұнының өзектілігі және жаңалығы,

      олардың оқу жоспары мен жұмыс бағдарламаларына, ИКАО ұсынымдары мен

      талаптарына сәйкестігі;

      6) оқу-әдістемелік кеңес отырыстарының хаттамалары (бар болса).

      6. Мамандарды даярлау сапасы. Мамандарды даярлау сапасын бақылаудың енгізілген

      жүйесінің болуы:

      1) сапаны бақылау жүйесінде жауапты маманның болуы;

      2) белгіленген аудит рәсімінің болуы;

      3) кері байланыс жүйесі;

      4) түзету шараларының жүйесі.

      7. Ұшу қауіпсіздігін басқару (қажеттілігіне қарай).

      Персоналды даярлау және рәсімдер бойынша нұсқауға сәйкес ұшу қауіпсіздігін

      басқарудың енгізілген жүйесінің болуы.

      8. Материалдық-техникалық база.

      1) оқу және қосалқы үй-жайлардың (меншікті немесе жалға алынған) болуы;

      2) оқу сыныптарын жарақтаудың мамандарды даярлау міндеттеріне сәйкестігі;

      3) жалданатын үй-жайларға, құрылыстарға, жаттығу және ұшу техникасына

      шарттардың болуы;

      4) техникалық оқу құралдарының болуы;

      5) қазіргі заманғы электрондық оқу және бақылау құралдарының болуы;

      6) қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтау;

      7) тиісті өрт қауіпсіздігі және төтенше жағдай қызметтерінің қорытындысының

      негізінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын және қоршаған ортаны қорғау қағидаларын

      сақтау.

      9. Қаржылық-экономикалық жағдай.

      1) қаржылық-экономикалық жағдайды бағалау бойынша оң қорытындының болуы;

      2) салықтар мен міндетті аударымдар бойынша берешектің жоқтығы туралы

      анықтаманың болуы.

      Ескертпе:

      (*) осы оқу орны үшін міндетті емес;

      (-1) қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін және өндірісті жетілдіру кезінде оны

      жоюға жататын сертификаттау талаптарына сәйкессіздік;

      (-2) уәкілетті ұйыммен келісілген мерзімде жойылған немесе шектеулер енгізілген

      жағдайда қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін сертификаттау талаптарына

      сәйкес келмеуі;

      Қосымша: сәйкессіздіктер тізбесі ____ парақта.

      Тексерушілер: (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы):

      _______________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      "Таныстым"

      ____________________________

      Азаматтық авиация ұйымының басшысы _________________________________

      (қолы) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Азаматтық авиацияның
авиациялық оқу орталығын
сертификаттау және сертификат
беру қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Сертификаттық зерттеу актісі ____________________________________________________________________

      (уәкілетті ұйымның атауы)

      20__ жылғы "___" ____________ № _________ бұйрығына сәйкес

      құрамындағы комиссия:

      Комиссия төрағасы: __________________________________________________

                  (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.), лауазымы)

      Комиссия мүшелері: __________________________________________________

                                    (Т.А.Ә., лауазымы)

      __________________________________________________

                        (Т.А.Ә., лауазымы)

      _____________________________________ сертификаттық зерттеу жүргізді.

      (ұйымның атауы)

      Қорытынды мәтіні:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Комиссия төрағасы: ______________________________ ____________

                                    (Т.А.Ә.                   (қолы)

      Комиссия мүшелері: ______________________________ ____________

                                    (Т.А.Ә.                   (қолы)

      ______________________________ ____________

                  (Т.А.Ә.                   (қолы)

      Актімен таныстым:

      Ұйым басшысы: ________________________________ ___________

                                    (Т.А.Ә.                   (қолы)

  Азаматтық авиацияның
авиациялық оқу орталығын
сертификаттау және сертификат
беру қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

      Уәкілетті ұйымның атауы

      Уәкілетті ұйымның мекенжайы

Авиациялық оқу орталығының № ________ сертификаты

      Заңды тұлғаның орналасқан мекенжайы

      20__ жылғы "___" _________ берілген.

      Осы сертификат

      _________________________________________________________________

      (АОО, ұйым, құрылымдық бөлімше атауы)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      авиациялық оқу орталығының Қазақстан Республикасының белгіленген

      талаптарына, осы Сертификатқа қосымшада көрсетілген авиациялық оқу

      орталығының қолданылу аясына қатысты ИКАО стандарттарына және

      ұсынылған тәжірибесіне сәйкес келетінін куәландырады.

      Сертификат

      __________________________________________________________________________

      ________________________ (уәкілетті ұйымның атауы)

      ___________ авиациялық оқу орталығының 20__ жылғы "___" _________ № _________

      сертификаттық зерттеу актісі негізінде берілген.

      Инспекциялық бақылауды 20__ жылғы "___" ____________

      _________________________________________________________________________

      __________________________ (уәкілетті ұйымның атауы)

      ________________________________ жүзеге асырады.

      Уәкілетті ұйымның лауазымды тұлғасы немесе оның уәкілетті тұлғасы

      ______________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)

  Авиациялық оқу орталығының
сертифкатына
қосымша
  Нысан

Авиациялық оқу орталығы сертификатының қолданылу аясы

      _________________________________________________________________

      (АОО, ұйымның, құрылымдық бөлімшенің атауы)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      р/с №

      Кәсіби даярлау түрлері

      Бағыттары (мамандығы, мамандануы, курс атауы)

      Шектеулер (кезең)

      1. Авиациялық персоналды бастапқы даярлау

      Авиациялық персоналды қайта даярлау

      2. Авиациялық персоналдың кәсіби деңгейін қолдау

      уәкілетті ұйымның лауазымды тұлғасы немесе оның уәкілетті тұлғасы

      ___________________ ________________________________

                  (қолы)       (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Азаматтық авиацияның
авиациялық оқу орталығын
сертификаттау және
сертификат беру қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Авиациялық оқу орталығы сертификатының қолданылу аясын ұзарту мүмкіндігі туралы сертификаттық зерттеу актісі

      _________________________________________________________________

                        (уәкілетті ұйымның атауы)

      20__ жылғы "___" ________________ № ________ бұйрығына сәйкес

      авиация инспекторы

      _________________________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.), лауазымы)

      _________________________________________________________________

                                    (ұйым атауы)

      сертификаттық зерттеу жүргізді.

      Қорытындының мәтіні

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      Авиация инспекторы

      _____________________________________ ____________________________

                        (Т.А.Ә.)                        (қолы)

      Актімен таныстым:

      Ұйым басшысы: ________________________________ ___________________

                              (Т.А.Ә.)                               (қолы)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады