"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларына және мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларына бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 16-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2023 жылғы 10 ақпандағы № 3-НҚ нормативтік қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 13 ақпанда № 31892 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларына және мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларына бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 16-НҚ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12513 болып тіркелген) нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 4-тармағының 10) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 88 және 170-тармақтарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларына және мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларына бағалау жүргізу қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Ұлттық жобалардың, даму жоспарлары мен іс-шаралар жоспарларының іске асырылуын бағалауды мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесіне және сараптамалық-талдау қызметіне сәйкес аудиторлық іс-шаралар шеңберінде Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) жүзеге асырады.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын ұлттық жобаның іске асырылуын бағалау кезiнде Жоғары аудиторлық палата және тексеру комиссиялары келiсiм бойынша бірлескен қызметті жүзеге асырады.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Бағалау қорытындысы бойынша Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сай нысан бойынша ұлттық жобаның іске асырылуын бағалаудың қорытындысы туралы ақпаратты;

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сай нысан бойынша ұлттық компанияның даму жоспары мен іс-шаралар жоспарының іске асырылуын бағалаудың қорытындысы туралы ақпаратты дайындайды.";

      24, 25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. № 790 қаулының 89-тармағына сәйкес, Жоғары аудиторлық палатаның өзі жүргізетін аудиторлық іс-шаралар шеңберінде ұлттық жобаның іске асырылуына жүргізген бағалауының қорытындысы мемлекеттік тиімділік аудитінің және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижесі бойынша Жоғары аудиторлық палатаның қаулысы қабылданғаннан кейін, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, мемлекеттік және стратегиялық жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға, ұлттық жобаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік органға жіберіледі.

      25. Жоғары аудиторлық палатаның ұлттық жобалардың, даму жоспарлары мен іс-шаралар жоспарларының іске асырылуына жүргізген бағалауының қорытындысы Қазақстан Республикасының Президентіне берілетін тоқсан сайынғы ақпаратқа енгізіледі.

      26. Өздері жүргізетін аудиторлық іс-шаралардың және сараптамалық-талдау қызметінің шеңберінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын бағалау мен іске асырудың негізгі қорытындылары Қазақстан Республикасының Парламентіне жіберілетін, өзінің мазмұны бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті есебіне қорытынды болып табылатын, есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Жоғары аудиторлық палатаның жылдық есебіне енгізіледі.";

      1-қосымшада:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Әзірлеуші мемлекеттік органның (орындаушының) мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау қызметінің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының құжаттарын қарау нәтижелері.";

      2-қосымшада:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Ұлттық холдингтің/компанияның мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау қызметінің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының құжаттарын қарау нәтижелері.".

      2. Жоғары аудиторлық палатаның Талдау және есептілік департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы нормативтік қаулының Жоғары аудиторлық палатаның интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Жоғары аудиторлық палата аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Жоғары аудиторлық палата
Төрағасының
міндеттерін уақытша атқарушы
Р. Ахметов

О внесении изменений в нормативное постановление Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 30 ноября 2015 года № 16-НҚ "Об утверждении Правил проведения оценки документов Системы государственного планирования Республики Казахстан, планов развития национальных управляющих холдингов, национальных холдингов и национальных компаний и планов мероприятий национальных управляющих холдингов, национальных холдингов, национальных компаний, акционером которых является государство"

Нормативное постановление Высшей аудиторской палаты Республики Казахстан от 10 февраля 2023 года № 3-НҚ. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 13 февраля 2023 года № 31892

      Высшая аудиторская палата Республики Казахстан (далее – Высшая аудиторская палата) ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в нормативное постановление Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 30 ноября 2015 года № 16-НҚ "Об утверждении Правил проведения оценки документов Системы государственного планирования Республики Казахстан, планов развития национальных управляющих холдингов, национальных холдингов и национальных компаний и планов мероприятий национальных управляющих холдингов, национальных холдингов, национальных компаний, акционером которых является государство" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 12513) следующие изменения:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с подпунктом 10) пункта 4 статьи 12 Закона Республики Казахстан "О государственном аудите и финансовом контроле" и пунктами 88 и 170 Системы государственного планирования в Республике Казахстан, утвержденной постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 ноября 2017 года № 790, Высшая аудиторская палата Республики Казахстан (далее – Высшая аудиторская палата), ПОСТАНОВЛЯЕТ:";

      в Правилах проведения оценки документов Системы государственного планирования Республики Казахстан, планов развития национальных управляющих холдингов, национальных холдингов и национальных компаний и планов мероприятий национальных управляющих холдингов, национальных холдингов, национальных компаний, акционером которых является государство, утвержденных указанным нормативным постановлением:

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Оценка реализации национальных проектов, планов развития и планов мероприятий осуществляется Высшей аудиторской палатой Республики Казахстан (Высшая аудиторская палата) в рамках аудиторских мероприятий в соответствии с перечнем объектов государственного аудита на соответствующий год и экспертно-аналитической деятельности.";

      пункт 20 изложить в следующей редакции:

      "20. При оценке реализации национального проекта, финансируемого из республиканского и местных бюджетов, Высшая аудиторская палата и ревизионные комиссии по согласованию осуществляют совместную деятельность.";

      пункт 22 изложить в следующей редакции:

      "22. По итогам оценки членом Высшей аудиторской палаты готовится:

      1) информация об итогах оценки реализации национального проекта по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам;

      2) информация об итогах оценки реализации плана развития и плана мероприятий национальной компании по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам.";

      пункт 24 изложить в следующей редакции:

      "24. Итоги оценки реализации национального проекта, проведенной Высшей аудиторской палатой, в рамках проводимых им аудиторских мероприятий, в соответствии с пунктом 89 Постановления № 790 направляются в Администрацию Президента Республики Казахстан, в уполномоченный орган по государственному и стратегическому планированию, государственный орган, ответственный за разработку национального проекта, после принятия по результатам государственного аудита эффективности и экспертно-аналитических мероприятий постановления Высшей аудиторской палаты.";

      пункт 25 изложить в следующей редакции:

      "25. Итоги реализации национальных проектов, планов развития и планов мероприятий, проведенных Высшей аудиторской палатой, включаются в ежеквартальную информацию Президенту Республики Казахстан.";

      пункт 26 изложить в следующей редакции:

      "26. Основные итоги оценки и реализации документов Системы государственного планирования в рамках проводимых им аудиторских мероприятий и экспертно-аналитической деятельности, включаются в годовой отчет Высшей аудиторской палаты за отчетный финансовый год, который по своему содержанию является заключением к соответствующему отчету Правительства Республики Казахстан, направляемый в Парламент Республики Казахстан.";

      в приложении 1:

      пункт 6 изложить в следующей редакции:

      "6. Результаты рассмотрения государственным органом-разработчиком (исполнителем) документов Высшей аудиторской палаты Республики Казахстан по итогам государственного аудита и экспертно- аналитической деятельности.";

      в приложении 2:

      пункт 6 изложить в следующей редакции:

      "6. Результаты рассмотрения национальным холдингом/компанией документов Высшей аудиторской палаты Республики Казахстан по итогам государственного аудита и экспертно-аналитической деятельности.".

      2. Департаменту анализа и отчетности Высшей аудиторской палаты в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего нормативного постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего нормативного постановления на интернет-ресурсе Высшей аудиторской палаты.

      3. Контроль за исполнением настоящего нормативного постановления возложить на руководителя аппарата Высшей аудиторской палаты.

      4. Настоящее нормативное постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Временно исполняющий обязанности
Председателя Высшей аудиторской
палаты Республики Казахстан
Р. Ахметов