"Инженерлік-геологиялық ізденістер қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 509 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 10 ақпандағы № 87 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 14 ақпанда № 31900 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Инженерлік-геологиялық ізденістер қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 509 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21338 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Инженерлік-геологиялық іздестірулерді жүзеге асыру қағидаларында:

      14-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "14. Инженерлік-геологиялық іздестірулер техникалық есебінің (қорытындысының) қолданылу мерзімі оларды бекіткен сәттен бастап және жобалау құжаттамасын әзірлеу басталғанға дейін:

      бірегей объектілер – 6 (алты) айды;

      сәулет, қала құрылысы және құрылыс жобалары – 36 (отыз алты) айды құрайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
М. Карабаев

О внесении изменения в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 30 сентября 2020 года № 509 "Об утверждении Правил осуществления инженерно-геологических изысканий"

Приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 10 февраля 2023 года № 87. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 14 февраля 2023 года № 31900

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 30 сентября 2020 года № 509 "Об утверждении Правил осуществления инженерно-геологических изысканий" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 21338) следующее изменение:

      в Правилах осуществления инженерно-геологических изысканий, утвержденные указанным приказом:

      пункт 14 изложить в новой редакции:

      "14. Срок действия технического отчета (заключения) инженерно-геологических изысканий с момента их утверждения и до начала разработки проектной документации составляет:

      уникальные объекты - 6 (шесть) месяцев;

      архитектурные, градостроительные и строительные проекты - 36 (тридцать шесть) месяцев.".

      2. Комитету по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан в установленном законодательном порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр индустрии и
инфраструктурного развития
Республики Казахстан
М. Карабаев